Бюджет әлеуметтік-маңызды салаға бағытталған
05.11.2019
Елордада әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласына қалалық бюджетте ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын осы екі секторға толық көлемде ақша бөлуге тырысады. Алдағы үш жыл да қалыс қалмақ емес.
Қалалық мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармаларының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті қаралды.
Сонымен, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау саласына үш жылдық кезеңге 20,9 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылы – 5,5 млрд теңге қарастырылған.
Бүгін ведомствода күрделі шығындарға 1,6 млрд теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер қарастырылған жаңа бастамаларды енгізу талқылануда. Сонымен, 2020 жылы №1 Қалалық аурухана базасында, бүгінгі күні жіті инфарктіден болатын өлім-жітімді азайту мақсатында жоспарлы кардиографиялық зерттеулер жүргізу үшін қажет төртінші Инсульт орталығын құру жоспарлануда. Жобаның құны 103 млн теңге. Нормативке сәйкес 250 мың тұрғынға осындай бір орталық қажет.
40 млн. теңгеге жуық бұрынғы туберкулез диспансерінің ғимаратын жұқпалы блок етіп қайта құру арқылы күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қажет. Бұдан басқа, келесі жылы қаланың амбулаториялық-емханалық мекемелерінде БЦП диагнозы бар балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. 16 ұйымның оңалту кабинеттері үшін медициналық жабдықтар, спорттық құрал-жабдықтар жиынтығын сатып алу үшін 600 млн теңге қажет.
- Тұңғыш Президент Қорымен бірге Қалалық Көп бейінді балалар ауруханасы базасында оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Бұл жобаға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 8 млн теңге және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тағы 100 млн теңге қажет. Айта кету керек, орталық қызметкерлерін оқыту мен жарақтандыруды Тұңғыш Президент Қоры жүргізетін болады, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына үш жылдық кезеңге 34,9 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылы – 13,2 млрд теңге қарастырылған.
Ведомстводан нақтылағанындай, алдағы жылға арналған барлық өтінімдер қанағаттандырылды,алайда қазір Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасымен пысықталып жатқан жұмыс сәттері қалды.
- Бізде қосымша қаржылық қажеттілік бар, оны қолдауды сұраймыз – мүгедектер ұйымдарының ұсынысына сәйкес есту және көру қабілеті бұзылған пайдаланушылар үшін ұялы телефондар бағасын 53 мың теңгеден 106 мың теңгеге дейін ұлғайту. 2022 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысы жоспарланған. Регенерация басқармасымен қазір жобалауға арналған бюджеттік өтінімді өңдейміз, - деп атап өтті басқарма басшысы Сәуле Нұрғожина.
Депутаттар Жеңістің 75 жылдығын өткізуге, атап айтқанда ардагерлерге бір реттік ақшалай көмек көрсетуге қаражат бөлу жоспарланғанын сұрады. Халық қалаулылары сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген Социалистік Еңбек батырларын санатқа қосуды ұсынды. Басқармада Жеңіс Күнін мерекелеуге лайықты төлемдер қарастырылатынына және Социалистік Еңбек батырларын осы санатқа қосу мәселесі пысықталатынына сендірді. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасында бұл бастамаларды да қолдауға ниетті.
Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасына келсек, 3 жылға 2,8 млрд теңге, 2020 жылға 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.