Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында 2015 жылғы астана бюджетінің игерілуі туралы есепті талқылау басталды
19.05.2016
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы барысында Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы тыңдалды және талқыға салынды.
Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айжан Тугельбаева хабарлағандай астананың даму бағдарламасы бес негізгі стратегиялық бағыттан құралады: экономиканы, әлеуметтік саланы, инфрақұрылым кешенін, экологияны және мемлекеттік басқаруды дамыту.
- Даму бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға аймақтар арасында тұрақты көшбасшы орынды иеленуге мүмкіндік берді. Бес жыл ішінде аймақтағы жалпы ішкі өнім көлемі нақты өрнектегенде 1,6 есе артты. Оның қорытындыларына сәйкес Астана экономикалық өсу ырғағы бойынша көшбасшы болды. 2015 жылы ЖАӨ өсу серпіні 106,3% құрады. Бұл жағдайда Астананың елдің ЖАӨ үлесі 8 –ден 11% дейін жоғарылаған. Бес жыл ішінде қала экономикасына 3,2 трлн инвестиция тартылған, бұл 1997 жылдан бері тартылған барлық инвестицияның жартысына тең. Экономиканың дамып, халықтың іскерлік белсенділігінің артуымен қатар, әлеуметтік мәдени салада да жағымды өзгерістер орын алуда, - деп хабарлады баяндамашы.
Медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге келер болсақ, 5 жыл ішінде халық саны ширек мөлшерге артқан, осы уақыт ішінде 110 мың бала өмірге келген. Табиғи өсім 1,6 есе артты. Жалпы өлім деңгейі 40% қысқарып, мың тұрғынға 4,5 жағдайды құрады, бұл бүкіл мемлекет бойынша ең жақсы көрсеткіш.
Бұдан басқа туберкулезден өлім 3 есе, қан айналым жүйесінің ауруларынан 2,4 есе, сәбилер өлімі 1,7 есе кеміген. Осы уақыт ішінде 7 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілген.
Білім беру жүйесінде қомақты көрсеткіштерге жете алды. 5 жыл ішінде мемлекеттік білім беру шеңберінің тапсырысына 8 мың орынға арналған 31 бала-бақша және 20 мың орынға арналған 18 жаңа мектеп енгізілді. Осыны есепке ала отырып балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 64,5% құрады, үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесі шешілді. 900 елордалық оқушылар халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.
Мемлекеттік жастар саясатын дамыту бағдарламасы жұмыс істеуде. Жастар бөлігі NEET-оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар 2010 жылғы 12%-дан 2015 жылы 6,8%-ға дейін төмендеді.
Еңбек нарығында экономикалық белсенді халық саны 25%-ға артып, 489 мың адамға жетті, өздігінен жұмыспен қамтылғандар саны 22%-ға төмендеді және қазіргі таңда 23 мың адамды қамтиды. 5 жыл ішінде жол картасы 2020 жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 90 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды, кәсіптік оқытумен 4,8 мың адам қамтылды, 12 мыңдай адам жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде жұмыссыздықтың жалпы көлемі 6,2%-дан 4,7%-ға дейін төмендеді-мемлекет бойынша ең төмен көрсеткіш.
Экономиканың дамуы көрсеткіштен төмен табысы бар халық бөлігінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 8 артық 3,4%-дан 0,6%-ға дейін төмендеуіне мүмкіндік туғызды. Орташа айлығы еңбекақының 1,7 есе 111 мыңнан 191 мың теңгеге дейін артты.
Есептік кезеңде дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықты қамту 1,5 есеге, балалар спорт секцияларының мөлшері 4 есеге артты.
-Осылайша, 67 мақсатты көрсеткіштер мен индикаторлардың 58-не қол жеткізілді, 9-на толық емес мөлшерде қол жеткізілді, бірақ осылармен жетістік дәрежесі-96% құрайды-деп түсіндірді Айжан Тугельбава.
2015 жылғы Астана қаласының бюджетінің атқарылуын депутаттарға елордалық қаржыны басқару басшысы Руслан Досаев мәлімдеді.
Оның сөздері бойынша, бюджеттің атқарылуы соңғы 15 жыл ішінде өткен жылы 99,8% рекордты белгіге жеткен.
Бюджеттен алынған қаражат елордадағы өлім деңгейін төмендетуге, мектептерде білім беру үрдісін жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, кәсіптік-техникалық білім беруге, халықты қайта оқытуға, салауатты өмір салтын насихаттау және басқа да шараларға жұмсалған.
Сонымен қатар тағы бір баяндамашы ретінде мәжілісте өткен жылы бюджетті игеру мәселесі бойынша Астана қаласының ревизиялық комиссияның төрағасы Ғалымжан Молдаш сөз сөйледі. Оның ақпараты бойынша, бүгінде білім беру саласында әлеуметтік мұғалімдердің жетіспеушілігі анықталды, аз қамтылған және көп балалы отбасынан емес кемтар балалардың жол жүру билеттері мәселесінің шешілмегені, колледждер материалды-техникалық жабдықтардың жаңартылуын талап етеді, жатақханаларда орын жетіспеушілігі мен жабдықтардың тозғандығы байқалады. Денсаулық сақтау саласында скринингті тексеріске халықтың жеткіліксіз деңгейде қамтылғаны ескертіліп айтылды.
Талқылау барысында депутаттар қайтадан еріктілер қозғалысы мен елордалық аула клубтарына қатысты мәселені көтерді. Бүгінгі күні олардың дамуының оң үрдісі бақылануда, бірақ олардың қызметі заңды түрде бекітілмеген.
Халық қалаулылары да оқушылар саны артып отырған жағдайда не себепті бастауыш сыныптар оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға бөлінетін қаражат азайып отырғанына қызығушылық танытты.
Бұдан басқа, депутаттар бала бақшаларын пайдалануға беруде құжаттамаларын ресімдеуге байланысты кешіктіру орын алатынын және осыған байланысты ашылуы да кейінге қалдырылатынын айтып кеткен.
Талқылауды қорытындылай келе, қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов ревизиялық комиссия төрағасына жүргізіліп отырған тексерістер мен мониторингтер қорытындысы бойынша комиссия түйткілді мәселелерді шешу бойынша бастама көтеріп, ұсыныс жасауы туралы пікір білдірді.
Отырыс жұмысына Астана қалалық мәслихатының хатшысы Жанат Нурпиисов, мәслихат сессиясының төрағасы Мирас Шекенов, қалалық атқару органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан.