Астаналық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері отырыста құқық қорғау органдарының жол жүру қауіпсіздігінің профилактикасы бойынша қызметін және қаланың басқа да өзекті мәселелерін
21.06.2016
Халық қалаулылары сондай-ақ Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың жол жүру қауіпсіздігінің профилактикасы мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады.
Сонымен, ағымдағы жылдың 5 айы ішінде ғана жол-күзет қызметінің бөлімшелерімен жол қозғалысын қадағалау кезінде астанада 108081 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Ағымдағы жылдың басынан бастап астанада «Шырмау», «Автобус», «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспектормын», «Транзит», «Қауіпсіз жол» және басқа жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Тәртіп сақшыларына әр түрлі құқық бұзушылықтарды анықтауда, белгілеуде және алдын алуда заманауи техникалық құралдар мен технологиялар да көмектеседі.
Қазіргі кезде қала аймағында тәулік бойғы режімдегі 795 видеобақылау камералары орнатылған және жұмыс істейді, олардың ішінде қиылыстарда – 507, қоғамдық жерлерде – 126, тұрғын үйлердің аулаларында – 63, ішкі істер органдарында – 9.
- Сондай-ақ, көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс қарқындылығы жоғары деңгейдегі қаланың магистралдық желісінің негізгі телімдерінде, үлкен қиылыстарда 83 стационарлық жылдамдық өлшеуіш орнатылған, тағы 12 қиылыста фотоға түсіру арқылы қиылыстағы жол жүру қағидаларын бұзушылықтарды тіркеуге арналған, жол жүруді бақылау жүйесі іске қосылған. Жүргізушілердің жылдамдық режімін сақтауына бақылау жасау үшін, қолда бар жылдамдық өлшеуіштерден басқа, апат қаупі жоғары телімдерде видеотіркеудің 19 панельдік құралдары қолданылады, - деп баяндады Б.Малыбаев.
Бұдан басқа, тұрақты түрде қаланың ІІД қызметкерлері санынан қосымша күштер тарту арқылы қала көшелерінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО азайту мақсатында, жаяу жүргіншілермен жолдың бекітілмеген учаскесінде жолды кесіп өту бөлігінде жасалатын жол жүру қағидаларын бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Өздеріңізге мәлім, мамыр айының соңында астананың бірнеше көшелерінде біржақты қозғалыс енгізілді, бұл көше-жол желісіне түсетін жүктемені біркелкі бөлуге, бағдаршам объектілерімен басқаруды оңтайландыруға, ЖКО туындау ықтималдығын, экологиялық жүктеме деңгейін төмендетуге, қалалық қоғамдық көлік кестесін сақтау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Бақытжан Малыбаев жедел шешімді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді де атап өтті. Олардың ішінде – автомобильдерді қоюға арналған орындардың жетіспеушілігі. Тұрақтардың тапшылығы және олардың әсіресе жұмыс күндері бос болмауы.
- Астана қаласының аумағына 50 мың бірліктен астам өзге қаланың көліктері келіп-кететін ескере отырып, Астанада кідіріс орындары тәсілін енгізуді мақсатқа сай деп санаймыз.
Жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, көпшілік өтпе жолдарда жерүсті және жерасты жүргіншілер өтпе жолдарын салу арқылы көлік пен жүргіншінің қозғалысын әр түрлі деңгейде ұйымдастыру ауадай қажет. Мұндай жерлерге, мысалы, мына аудандар жатады: «Жастар» сарайының ауданы, «Алатау» спорткешені, Салтанат Сарайшық және басқа аудандар.
Және де, бірқатар жерлерде жүргіншілердің реттелетін өтпе жолдарын ұйымдастыру үшін жүргіншіні шақыратын баспалы құрылғымен бағдаршамдық объектілерді орнату талап етіледі.
Ұсталған көлік құралдарын уақытша сақтауға арналған тұрақтардың, басқаша айтқанда, айыппұл-тұрақтардың қызметі де шешуді талап етеді.
Қазіргі күнде қаланың коммуналдық меншігінде осындай 2 тұрақ бар, олар Тілендиев көшесінде және Алаш тасжолы бойында орналасқан, әрқайсысы 560 автомашинаға есептелген.
Талқылау барысында депутаттар мына сұраққа назар аударды – бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша көрсеткіштер неліктен артуда және айыппұлдарды жинауды көтеру үшін қандай амал-тәсілдер жасалуда? Мысалға, бұзушылардың бар болғаны 32% ғана айыппұл төлейді. Анықталғандай, мәселе айыппұл төлеу жүйесінің жетілмеуінде жатыр, оның үстіне, көптеген бұзушылар жасырынады және зейнетақы төлемдерін жасамай, өз кірістерін бүркемелейді.
Бұдан басқа, комиссия отырысында мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін сатып алу туралы шартты келісу және астанада жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңестерін құру сұрақтары талқыланды.
Комиссия отырысының жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов, астаналық басқармалар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.