Сансызбай Есиловтың төрағалық етуімен өткен астаналық Қоғамдық кеңес отырысында қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, ауыл шаруашылық көрмелері, ақылы тұрақтар мәселелері талқыға салынды.
29.06.2016
Кеңес мүшелері өсіру мен өндіру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетілетін басым ауыл шаруашылық дақылдарының тізімін талқылады. Отырыста сәйкес баяндаманы қалалық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Гульмира Ермолдина оқыды. Баяндамашы жәрмеңкелерді ұйымдастырудың жаңа әзірленген қағидаларын да айтып кетті.
- Жәрмеңкелер тұтынушы мен өндіруші арасындағы байланыстырушы бөлім табылады. Бүгінгі таңда сауда желілері мен дүкендердің көп болуына қарамастан қала тұрғындары жәрмеңкеге тауарларды арзан бағамен сатып алу үмітімен келеді. Дегенмен, көп жағдайда сатып алушылардың тауар сапасына көңілдері толмайды және сату жағдайы да мәз емес. Бұрын өткізілетін жәрмеңкелердің сыртқы түрі және өткізу барысы ұйымдаспаған базарларға ұқсайтын. Осыған байланысты біз қала аумағында жәрмеңке шараларын өткізу ережелерін әзірледік, - деп түсіндірді Г.Ермолдина.
Ережелер ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін дайындау және өткізу тәртібін анықтайды. Мысалы, жәрмеңке қатысушыларына сауда орындары тегін беріледі, бұл жағдайда санитарлық бақылау күшейтіледі. Әрбір қатысушы тек өтініш берілген және келісілген тауарларды ғана сата алады. Қазір ауыл шаруашылық жәрмеңкелері «Думан» СОО алаңында және Қ.Мұңайтпасов атында стадион жанында өтеді, қаланың барлық аудандарын қамту үшін тағы бірқатар алаңдарды қосу жоспарланып отыр.
Кеңес мүшелері ережені енгізуді бірауыздан қолдады және тауар өндірушілердің тауарларға белгіленген бағаны сақтауын қатаң қадағалау қажет екенін айтып кетті.
Қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімдігінің «Астана қаласының мектепке дейінші мекемелерінде 2016 жылы бір тәрбиеленушіге шаққанда жан басына қаржыландыру мен ата-аналар ақысы мөлшерін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына енгізілетін өзгерісті де қолдады. Астананың білім басқармасы басшысының м.а. Гульжан Айжанова өзгерісті енгізу жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін 19 900 теңгеден 23 мың теңгеге дейін арттыруға негізделгенін түсіндіріп кетті. Бұл жағдайда жеке меншік бала бақшаға ата-аналар төлемі 23 000 теңгеден 20 800 теңгеге дейін кеміді.
Кеңес шешімімен 2016-2020 оқу жылдарына арналған техникалыцқ, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру бойынша мамандар дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы де қарастырылған. Мемлекеттік тапсырыс Астанадағы 12 мемлекеттік және 10 жекеменшік колледждерге бөлінеді.
Бұдан басқа, қоғамдық кеңестің қарастыруына ақылы жолдарды енгізуге байланысты ақылы көшелермен жүргені үшін ақы төлеу және жол жүру мөлшерлемесі ережелері ұсынылған.
Астаналық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Едиль Сулейменов көшедегі жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту көше-жол желісіне жүктемені азайту, сонымен қатар, Астана қаласының көшелерінің өткізу қабілетін арттыру үшін қажет болғанын айтып кетті.
Кеңес мүшелері осындай жаңалықтарды енгізу алдында түсінбеушілік пен алаңдаушылыққа жол бермеу үшін халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты.
Кеңес орман шаруашылығы, су қорын пайдалануды реттеу, геология, қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік қызметтер регламенттерін де талқыға салды.
Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, астаналық басқармалар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.