Бюджет, білім беру және иесіз жануарлар туралы...
06.09.2016
Өткен Кеңес отырысында Қоғамдық кеңес мүшелері қала тіршілігіне қатысты бірнеше маңызды мәселелерді тыңдады. Аталған мәселелердің маңызы зор және олардың шешімдері қабылданғаннан кейін астаналық тұрғындардың өмір сүру жағдайлары жақсаратын болады.
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаев 2016-2018 жылдардағы астана бюджетіне қатысты өзгерістері туралы айтып кетті. Астана қаласының бюджетін қазіргі нақтылау жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 106 бабына сәйкес жүргізілген.
Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің артуымен нақтылау барысында бюджеттің кіріс бөлігін арттыру ұсынылып отыр.
Бұдан басқа, бюджет қаражатын игеру мониторингі нәтижесі негізінде жергілікті бюджет бойынша ішкі тарату жолымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындау қайта қарастырылған, оларды білім беру, денсаулық сақтау, қаланы дамыту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жедел міндеттердің шешімін табуға бағыттау көзделген. Денсаулық сақтау нысандарын материалдық-техникалық жабдықтауға, білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға, мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету және автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге қаражат қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы басқармасы иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жоюға бағытталған эпизоотикаға қарсы шаралар өткізуге қосымша бюджет қаражатын бөлуді сұрап отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Гульмира Ермолдинаның сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда барлық бюджет қаражаты игерілген, жұмыстар тоқтап тұр, ал 051 қызметіне күн сайын иесіз жануарларды аулауға өтініштер келіп түседі. Жағдай ағымдағы жылы жаз айында елдің бірқатар облыстарында орын алған Сібір жарасы ауруының таралуына байланысты шиеленісіп отыр. Ауыл шаруашылық басқармасының осы бағдарлама бойынша лимитті арттыру өтініші орынды болуының себебі осында.
Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе білім беру саласындағы кәсіпорындардың шығаратын және өткізетін тауралары мен қызметтеріне бағаны бекіту болды. Білім беру басқармасының басшысы – Касымхан Сенгазыевтың айтуынша, осындай мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар саны екі ондықтан асады, олардың қатарында музыка, көркемсурет, тіл мектептері, өнер мектептері және т.б. бар. Қоғамдық кеңес мүшелері колледждерде білім алу құны мәселесіне қызығушылық танытты. Ведомство басшысы білім алу құны мамандық біліктілігіне және оқу орнының техникалық әлеуетіне тәуелді екенін айтып өтті. Қаладағы балалар мен оқушылардың экскурсиялық сапарларына қатысты қызу пікірталас орын алды. Қоғамдық кеңес мүшелері білім беру басқармасына экскурсияның баға саясатын қайта қарастыруды ұсынды.