Елордамыздағы кәсіпкерліктің дамуы жайлы
18.08.2017
2010 жылдың басынан «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында 733 жоба қолдауға ие болды. Астана қаласының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының сарапшыларының пікірі бойынша бұл айтарлықтай қуантарлық көрсеткіш. Бұған қоса барлық жас бизнесмендерді жергілікті бағдарламалар да қолдайды. Зейнулла Шибкеновтің төрағалығымен өткен қалалық маслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысында елордамыздағы кіші және орта бизнесті келешекте қалай жетілдіру жолдары анықталды.
Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева айтып кеткендей, «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын жеті жыл көлемінде жүзеге асыру барысында мемлекеттік қолдаудың аса жоғары қарқыны байқалады. Үстіміздегі жылдың жеті айы көлемінде 126 жоба мақұлданған. Олардың ішінде қаражаттандыру пайыздық төлемі бойынша- 58 жоба, несие кепілдігі бойынша- 22 жоба, өнеркәсіп инфрақұрылымы бойынша- 2 жоба, сондай-ақ тағы 44 жоба мақұлданған.
– «Кәсіпкерлік мүмкіндігін күшейтудің» төртінші бағыты аясында 3800 астам адам оқытудан өтті және бизнесті жүргізу бойынша 10 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілгенін жеткізді Рысгүл Қауғабаева.
– Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы үш жарым жыл көлемінде 19,5 мыңнан астам кызмет көрсеткен, оның ішінде 85 пайыз кіші және орта бизнес субъектілері әртүрлі мінездемедегі кеңестер алған.
Басқарма басшысы айтып кеткеней, 2015 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бос қуыстарын толтыратын жергілікті бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Әсіресе, бұл– қызмет және сауда секторлары. «Даму» қорымен бірлесе бес бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, қырқүйек айында тағы бір «Нәтижелі жұмысбастылықты дамыту мен бұқаралық кәсіпкерлікті жетілдіру» бағдарламасын енгізу жоспарлануда. Бұл бағдарлама бойынша 85 жоба қолдау таппақ. Бүгінгі күнге банктер мен кәсіпкерлер үшін пайыздық төлемдер анықталып қойды.
Өз кезегінде маслихат депутаты Гайдар Қасенов «Даму» қорының жұмысын құрылымдастыру қажеттігін сөзге тиек етті. Мәселен, елордамызда қонақ үйлердің, жылыжай мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы белсенді жүргізілуде, бірақ халық қалаулысының сөз бойынша, ешкім шын мәнінде қанша нысан қажеттігі туралы талдау жүргізбейді.
Бұл сұрақта халық қалаулысын аталмыш бағдарламалар нәтижесінде ашылған кәсіпорындардың қызметкерлерінің қызмет ақысы туралы сөз қозғаған депутат Қарақат Әбден де қолдады.
Отырыс қорытындысы бойынша, қалалық басқармаларға қатысты ұсыныстар берілген тұрақты комиссия қаулысы қабылданды.
Қалалық маслихаттың тұрақты комиссия отырысына маслихат төрағасы Жанат Нұрпейісов, қалалық құрылым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.