ЭКСПО бюджет пайдасына
08.09.2017
Жыл басынан қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсімі байқалады. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің елімізде өтуі өсімнің маңызды факторы болып табылады. Оның қалалық бюджетке қаншалықты әсер еткені Астана қаласының 2017 жылға бюджетін анықтауға арналған кезектен тыс маслихат сессиясында мәлім болды.
Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасының басшысы Ерғали Егемберды оңтайлы динамиканың өнеркәсіптік те және салықтық секторда да байқалатынын жеткізді. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен 290 млрд. теңгеге 4,2% өсіммен азық-түлік өндірілген.
Қала экономикасына өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға өсіммен 442 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция тартылды.
1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй енгізілді, бұл 2016 жылдың деңгейінен 28%-ға артық.
Өсім қарқыны шағын және орта бизнес салаларында байқалады, бұнда әрекет етуші субъектілердің саны 7%-ға ұлғайды. Бүгінгі күні бұл салада шамамен 300 мың адам жұмыс істейді.
Бөлшек сауда көлемі 11%-ға ұлғайып, 580 млрд. теңгені құрды.
Еңбек нарығында 10,9 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға дейін төмендеді, бұл өңірлер арасында ең төмен көрсеткіш болып саналады.
Қала әкімінің тапсырамасы бойынша салық салынатын базаны қосымша ұлғайту жөнінде іс-шаралар өткізілді, бұл ҚР Үкіметінің және өңір әкімдерінің қатысуымен өткен әлеуметтік саланы әрі қарай дамыту жөніндегі кеңейтілген мәжілісте Елбасы берген тапсырмалардың іске асырылуына мүмкіндік тудырды.
Осылайша, жыл басынан бюджетке түскен түсім өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға ұлғайып 158,1 млрд. теңгені құрды. Кірістердің өсуінің есебімен, жергілікті бюджеттің жалпы болжамды көлемі 2017 жылға 25,3 млрд.теңгеге өсуімен 237,9 млрд.теңгесомасында бекітілді, осы қаражаттың есебімен шығыстардың барлық баптары бойынша қаржыландыру қамтамасыз етіліп, бірқатар басымды бастамалар іске асырылады.
Орта білім беру саласында сыныптардағы шамадан артық тығыздық проблемасын шешу үшін №31, 28, 51, 52, 68, мектептерге қосымша құрылыс салуды жобалауды жалғастыру үшін, сондай-ақ 12 мектепті жобалауды бастау үшін қосымша 48 млн. теңгеқарастырылды.
Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру үшін 640 млн. теңге, оның ішінде жекеменшік балабақшаларда 6 400 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін 300 млн. теңге бөлінді .
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 10 жекеменшік колледждерде 845 жаңа студент қабылдау үшін 106 млн. теңгеқосымша қарастыру көзделеді.
Денсаулық сақтау басқармасына 293 млн. теңге бөлінді, бұл қаражат жаңадан енгізілген Туберкулезге қарсы диспансерді ұстауға (275 млн. теңге) және басқа да шығыстарға қарастырылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылу желілерін, сумен қамту және су бұру желілерін, электрмен қамту жүйесін жөндеу жоспарланады.
Лифт шаруашылығын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 63 апаттық лифтіні жөндеу үшін қаражат қарастырылды.
Бұдан басқа, әлеуметтік саланы, автомобиль жолдарын және қаланы абаттандыру үшін қаражат қарастырылды.
Осылайша, енгізілген өзгерістердің есебімен Астана қаласының нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі бекітілген бюджетке 127,1 млрд. теңгеге өсумен, 500,5 млрд. теңгені құрды.
Өз кезегінде қалалық маслихат депутаттары қолданысқа берілгелі жатқан оқу сыныптарының құрал-саймандармен жеткіліксіз қамтылғанын атап өтті. Соған байланысты халық қалаулыларының сұрақтары туындады: айқындалған бюджеттен оған қаржы бөлінген бе?
Бұған басқарма басшысы оқу сыныптарының ешқандай құрал-саймандардың жеткіліксіздігіне тап болмайтынын жеткізді, сондай-ақ, депутаттарды бірлесе отырып қайта жөндеуді талап ететін апаттық ахуалдағы мектептердің тізімін жасауға шақырды.
Отырыста сонымен бірге, балалардың мектеп маңындағы жүретін жолдағы қауіпсіздігі туралы сөз болды. Сессия қатысушылары жол қозғалысы инспекторларымен бұл сұрақты ойластыруды ұсынды.
Бюджет тақырыбына қайта орала отырып, айқындалған бюджеттен техникалық және мамандандырылған білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға қосымша қаржы бөлінетіні анықталды.
Сонымен қатар, маслихат сессиясында Астана қаласының көшіп-қону үрдісін реттеу ережелері бекітілді, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, жер учаскелерін сатып алу және мемлекет қажеттілігі үшін алынған жер учаскелерінің орнына өзге жылжымайтын мүлік жөніндегі келісімшарт жобалары мақұлданды.
Сессия жұмысына қалалық басқарма мен департамент басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.