Елорданың энергетикалық кешендерінің жарқын жоспарлары
03.11.2017
Үш жылдық бюджеттің жобасын талқылау барысында қалалық қазынаға неліктен ақшаның тұрғылықты жерлердегі ескірген электр желілерін жөндеуге және 3-ЖЭО-ның құрылысының аяқталуына салынбағандығын қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссиясының мүшелері анықтады.
Әкімдіктің жұмысының басым бағыты - энергиялық тиімді экономикаға көшу. Қалалық бюджетте осы мақсаттарға 77,1 млрд. теңге қарастырылған, олар энергия кешенінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз қамту үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, жаңа таратушы қосалқы станцияларды, жылу желілері мен магистральдық желілерді салу жоспарлануда.
Айта кетерлік жайт, ЖЭО-3-нің бірінші кезегінің құрылысы, сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қайта құру 2020 жылға дейін жоспарланып отыр.Бұл қолда бар энегетикалық қуатты 2,5 есеге арттырады және өсіп келе жатқан қаланың қажеттіліктерін толығымен жабады, - деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Айжан Түгелбаева.
Алайда, депутаттарды ЖЭО-3 құрылысының аяқталу мерзімі қанағаттандырмады. Олар келесі жылы неге объектіні аяқтауға қаражат толығымен қамтамасыз етілмегеніне қызығушылық танытты.
- Үшінші жылу электр станциясын салу үшін қаражат жыл сайын бөлінеді, содан кейін олардың игеруге мүмкін болмайтын түрінде түзетіледі. Өткен жылы объектіні салуға бөлінген қаражат ЖЭО-2-де жөндеу жұмыстарына қайта бөлінді. Сонымен бірге өткен жылы объект пайдалануға берілуі тиіс еді, - деп Зейнулла Шибкенов түсінбегенін жасырмады.
Энергетика басқармасының бастығы Әділбек Мұқашев түсіндіргендей, келесі жылы ЖЭО-3 құрылысына 7,5 млрд. теңге қарастырылған, бірақ бұл толық көлемдегі қаржы емес. Мәселені түсіну үшін депутаттар Елорданың ЖЭО-3 құрылысы кезеңі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруді сұрады.
Сонымен қатар, депутат Өндіріс пен Кирпичный тұрғын аудандарында ескірген электр желілері туралы сұрақ қойды.
- Менің ойымша, бюджет жобасында осы елді мекендерде электр желілерін жөндеуге қаржы бөлінген жоқ. Дегенмен, энергетикалық ахуал ауыр күйде. Және оларды бюджетте жөндеуге қаражат қарастырылмаған. Үш жыл бойы бұл мәселе қайта қаралуда. 40 жылдан асқан трансформатор қатты тозған күйде, мұнда кернеудің төмендеуі 150-170 Вольтті құрайды. Электросымдар соншалықты ескірген, төтенше жағдайлар ықтималдығы жоғары және ешкім бұл мәселені шешпейді, - деп Зейнулла Шибкенов мәлімдеді.
Жауап ретінде басқарма өкілі биылғы жылы Өндіріс тұрғын алабының желісін тек жобалауға қаражат бөлінгенін айтты. Алайда, қиындықтар жобаның жобалық-сметалық құжаттары қазірдің өзінде қолжетімді болса да, 110 кВ-тық қосалқы станция болмағандықтан туындайды. Енді ПС құрылысы мәселесі МЖӘ шеңберінде 2019 жылға дейін қарастырылуда. Осыдан кейін осы саладағы желілерді дамытуға болады.
Коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдеріне сұрақтар пайда болды. Атап айтқанда, депутаттарды нөсер канализация жүйелерін дамыту қызықтырды.
- ЖЭО-2 маңындағы нөсер канализация құрылысы аяқталмады, жұмыстарды аяқтау үшін қаражат бар ма? - деп сұрады депутат Зейнулла Шибкенов.
Басқарма бастығының орынбасары Нұрлан Солтамбеков түсіндіргендей, Өндіріс ауданында мердiгердiң мiндеттемелерiн орындамауына байланысты ағынды суларды тазарту құрылыстарын салу аяқталмады. Бүгінде бұл жобаны түзету жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін мекеме мамандары жұмыстарды аяқтауды уәде етуде, олар коллектор құрып, сорғы жабдықтарын орнату керек.
Депутат Рамзия Умбербаева тағы да нөсер кәріз жүйесі, бағдаршам және қалыпты жолдар жоқ Шұбар шағын ауданында туындаған проблемалық мәселелерді көтерді. Мекеме өкілінің айтуынша, бұл жерде нөсер жүйесін салу қарастырылмаған, алайда сыртқы жарықтандыру жүргізілетін болады. Құрылыс нормаларының жеткіліксіз болуына байланысты осы салада нөсерлі канализация жүйесін жүргізу мүмкін емес.
Жалпы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сәйкес, келесі жылы коммуналдық қызметтерді дамыту шеңберінде басқарма 4,8 млрд. теңге бөледі. Бұл қаражаттың 20-25 км сумен жабдықтау желілерін және 40 шақырымға жуық нөсер канализациясын жөндеу жоспарланған.
Тұрақты комиссияның отырысына қалалық басқармалар басшылары, тұрақты комиссия мүшелері және депутаттар, басқа да тұрақты комиссиялардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.