«Астана қаласының туристік саласын дамыту туралы» Астана қаласы мәслихатының отырысы»
03.07.2024
Қалалық мәслихатта Кендебай Адамбектің төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда Астана қаласының туристік саласын дамыту туралы мәселе қаралды.
Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов баяндама жасап, соңғы жылдары туристердің Астанаға деген қызығушылығы артқанын,биылғы жылы туристердің күтілетін ағыны1,5 млн-ға жуық екенін, өткен жылы елордаға 1,3 млн.турист келгенін, және де былтырғы көрсеткіш рекордтық болып саналатынын атап өтті. Визасыз тәртіп 79 елмен орнатылған. Астанаға келетін топ 5-ке Ресей, Түркия, Қытай, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер кіреді. Астанада туристер баратын 70 орын бар – олар мұражайлар, театрлар, сарайлар, діни орындар және спорт кешендері. 257 қонақ үйде 9,5 мың туристі қабылдауға және орналастыруға арналған орындар қарастырылған. Еуразиялық кеңістікте Астананы дамытудың басты міндеті – елорданы туризмнің іскерлік және медициналық орталығы ретінде дамыту екенін атап өтті.
Астана даму орталығы басқарма төрағасының орынбасары Саят Құсайынов олардың мақсаты Астананы Орталық Азияның іскерлік және оқиғалық хабы ретінде дамыту болып табылатынын және олардың міндеттері –Астананы туристік дестинация ретінде ілгерілету, іс-шараларды қалаға тарту, туристер үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ медициналық туризмді дамыту екенін айтты. Әлемдік тәжірибелерге ұқсас, олардың компаниясы «Vizit Astana» туристік брендін ілгерілетуде. Іскерлік туризмді дамытудың мақсаты іскерлік іс-шараларды (конференциялар, форумдар, көрмелер және т.б.) тарту арқылы қалаға келетін туристер санын арттыру болып табылады.
Қалалық туризмді дамыту орталығының директоры Татьяна Верницкая өз сөзінде Астананың көліктік қолжетімділігі бойынша ыңғайлы қала екенін көрсетті: Астанада автовокзал, 2 теміржол вокзалы, сондай-ақ өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушы болатын халықаралық әуежай бар. Сонымен қатар, бүгінде қалада туризмді дамытуға кедергі келтіретін көптеген проблемалар орын алуда – бұл Астанада туризмді дамытуға бағытталған туристік компаниялардың айтарлықтай тапшылығы. Астанада білікті гидтер жетіспейді. Ұсынылатын туристік автобустардың көпшілігі ескірген: олар халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді: салондары лас, ауа баптағыштар, гидке арналған микрофондар жоқ және т.б.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов отырыс барысында Астана қаласының туристік саласын дамыту бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Бұл салаға қажетті мамандардың жетіспеушілігі. Хостелдер бойынша талдау жүргізуді, хостелдер бойынша НҚА қабылдау мәселесін қарауды, туристерді тарту үшін қонақүйлердің, ақпараттық дүңгіршектердің, қоғамдық орындардың, ескерткіштердің, жақсы мейрамханалар мен ұлттық тағамдардың нысандылық картасын жасауды ұсынды. Ерлан Каналимов туризм саласын бақылайтын жұмыс тобын немесе осы салаға ерекше назар аударатын мемлекеттік органды құруды ұсынды.
Көрікті жерлерге бару және көшпелі кеңестердің қорытындысы бойынша мәслихат төрағасы дәретханалардың жоқтығына, оның ішінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымына, туристік объектілердің айналасындағы аумақтардың ластануына, ақпараттық дүңгіршектер мен көрсеткіш-нұсқағыштардың жоқтығына назар аударуды сұрады, 4 G стандартының байланысы барлық жерде ұстамайды, Wi-Fi ұсынбайтын қонақ үйлер кездеседі
,такси, каршеринг қызметінашар дамыған. Елорда гидтерібойынша проблемалық жағдай орын алуда, Астананың мәдени-тарихи мұрасын баяндайтын бірыңғай мәтін жоқ. Ерлан Каналимов бір ай ішінде елордалық мәслихат депутаттарын тарта отырып, туристік саланы дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Кендебай Адамбек уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныстар берді, талқылау нәтижелері бойынша тұрақты комиссияның хаттамалық шешімі шығарылады.