Елордадағы діни ахуалдың жай-күйі және діни бірлестіктердің қызметін талдау
04.04.2024
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен «Діни ахуалдың жай-күйі және қалада жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған пансионаттардың қызметін талдау» мәселесі бойынша заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа дайындық шеңберінде депутаттар «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС-нде, «Құдайдың мұқтаж көмек анасының Рим-Католик шіркеуі» ғибадатханасында, Қасиетті Успен кафедралды соборында, Евангелиялық-лютерандық шіркеуде, «Астана Медресе» колледжінде және басқа да объектілерде болып қайтты.
Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев депутаттарға қаладағы діни ахуал қазіргі уақытта тұрақты екенін, алайда ішінара тәуекелдер бар екенін мәлімдеді. Қалада 18 конфессия тіркелген, олар: ислам, протестантизм, православие, католицизм, Иегова куәгерлері, иудаизм, буддизм және бахаизм. Әкімдік дін саласының мамандарын даярлау мақсатында жыл сайын әкім гранттарын бөледі. Қала аумағында 6 қайырымдылық мекемесі жұмыс істейді, олардың 3-і қыздарға, 3-і ұлдарға арналған. Бұл мекемелерде барлығы 143 бала оқиды.
Ең көп орын алған әкімшілік құқық бұзушылық, ол - діни әдебиеттерді әкелу, ережелерге сәйкес, тек 1 дананы әкелуге болады. Бүгінгі таңда жергілікті деңгейде шешуге болатын проблемалық мәселелер де бар. Атап айтқанда, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан оңалту орталығы үшін ғимарат сатып алу, орталық қызметкерлеріне қызметтік пәтерлер бөлу, сондай-ақ, орталық үшін шағын автобустар, оның ішінде жылжымалы теологиялық кабинет құру үшін автобустар қажет.
Депутат Кендебай Адамбек басқарма басшысына басқарманың төмен нәтижелі жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, депутат колледждегі балалардың тек бір бөлігі, 26-сы ғана қалалық, ал қалғандары өңірлерден келген жасөспірімдер екені туралы мәселені көтерді. Депутаттың пікірінше, Діндерді зерттеу орталығы басқарманың бір бөлігі ретінде қабылданады, халық үшін олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл жұмыспен қоғамдық ұйым айналысуы керек. Мамандар арасында адамдарға жетекшілік ете алатын білімді және харизматикалық көшбасшылар болуы керек, іс жүзінде ондайлар жоқ.
Депутат Владислав Сергеев тиімді жұмыс жүргізу қажеттілігі тұрғысынан әріптесін қолдады. Ол проблемалық мәселелерді шешу бойынша депутаттар тарапынан қолдау болатынын айтты.
Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар мемлекеттік органдар өзара іс-қимылда жұмыс істеуі тиіс деген пікірге келді.