«Астана-Жарнама» КММ қызметі мәселелері бойынша мәслихат отырысы
18.01.2024
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен «Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ-нің жүргізіп жатқан жұмысы туралы есебі» мәселесі бойынша мәслихат отырысы өтті.
«Астана-Жарнама» КММ директоры Асылбек Сабырқұлов өз сөзінің басында мекеме қызметінің міндеті елорданың бірыңғай сәулеттік стилін қалыптастыру болып табылатынын атап өтті. «Астана-Жарнама» КММ аудандық әкімдіктермен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің, ғимараттар мен құрылыстардың бірыңғай стильге сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Сабырқұлов депутаттарға қасбеттердегі жарнамалық элементтер мен маңдайша жазуларды тиісті тұжырымдамаға сәйкес келтіру бойынша кәсіпкерлермен жүргізілген жұмыс алгоритмі туралы баяндады. Мекеме қызметкерлері консультациялар, ғимараттарға тексерулер жүргізеді, барлығы 370 көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне тексеру жүргізілді. Ережеге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді, тиісінше салық түсімін 24% - ға ұлғайту көзделуде. Сонымен қатар, «Астана-Жарнама» басшысы енгізілетін түзетулерге сәйкес, ұсынымдық сипатта болған ережелер, бұдан былай орындау үшін міндетті болатынын айтты.
Депутат Талғат Ерғалиев ескі жарнамалық тасымалдаушыларды ауыстыру ұсынысын қолдайтынын, өйткені олар заманауи талаптарға сай келмейтінін және қаланың келбетін бұзып тұрғанын атап өтті. Алайда, депутаттың пікірінше, бір кездері меншік иелеріне мұндай жарнамаға рұқсат етілген, сондықтан, кәсіпкерлердің наразылығын тудырмау үшін, бұл мәселені эскиздік жоба аясында шешу қажет.
Депутат Асқар Смағұлов маңдайша жазуларды бөлшектеуге қатысты пікір білдірді, басқа басшы келіп бұрын сәулет басқармасы бекіткен және келісілген маңдайша жазбаладрды қайтадан бөлшектеуді талап етпейтініне қандай кепілдік бар. Бұл кәсіпкерлер үшін қосымша жүктеме.
Депутат Ләйлә Сұлтанқызы жарнамалардағы мемлекеттік тілдегі мәтіндерді сынға алды, қазақша аудармаларда жіберілетін қателіктер көп. Ол сондай-ақ, бөлшектелген маңдайшалардың орнына баннерлер қолдануға болатындығын атап өтті.
Депутат Сәуле Самидин мекеме басшысынан дизайн-кодпен қайда танысуға болатынын сұрады. Депутаттың пікірінше, Ереже талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы хабардар ету үшін, кәсіпкерлермен алдын ала жұмыс жүргізілуі тиіс. Екінші мәселе - кәсіпкерлер тұрғындардан келісім алуы керек пе, әлде МИБ төрағасымен келісу жеткілікті бола ма. Әлде, бұл МИБ жарғысына байланысты ма. Іс жүзінде бұл тармақты ешкім жарғыға енгізбейді. МИБ жалға беру ақысын алуға құқылы ма?
Депутат Жандос Рахмет бұзушылықтарды жою мерзімін белгілеуді ұсынды, өйткені, біреулер маңдайша жазбаларын ауыстырған, ал кейбір кәсіпкерлер ескі маңдайша жазбаларымен жұмыстарын жалғастыруда, бұл процесс қандай мерзімде толығымен аяқталады.
Депутат Кендебай Адамбек спикердің көптеген кәсіпкерлер түсінушілік танытып, бұзушылықтарды жойып жатыр деген мәлімдемесіне келіспейтінін айтты, іс жүзінде кәсіпкерлер әлі күнге дейін «Атамекен» ҰКП-на шағым жазуда. Депутат белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуді ұсынды, қызметкерлер алдағы уақытта қандай шаралар жоспарланатынын халыққа жеткізуі тиіс. Адамбектің пікірінше, мекеменің штатын қысқарту керек.
Депутат Бекзат Жолжақсынов кәсіпкерлердің бір бөлігіне қолдау білдірді. Мысалы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандарындағы кәсіпкерлердің көбі - халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы аналар. Оларға қандай да бір жеңілдіктер беріле ме?
Депутат Владислав Сергеев бір кездері қалада табысты ұйымдарды жекешелендіру, оларды сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілгенін айтып, бұл олардың тиімділігіне мүлдем ықпал етпегенін атап өтті. Тағы да жаңа ұйым құрылды, ол тек маңдайша жазбалар мәселесімен ғана айналыспауы керек.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өткен жылы депутаттар маңдайша жазбалардың, сыртқы жарнаманың әркелкілігіне қатысты мәселе көтергенін атап өтті. Қаланың дизайн коды 2018 жылы қабылданды, алайда пандемияға байланысты ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Мәслихат төрағасының пікірінше, ШБ және ОБ өкілдерінің 60% - ы үй-жайларды жалға алу негізінде пайдаланатыны ескерілуі тиіс. Егер олар басқа жерге көшуге мәжбүр болса, маңдайша жазбасы не болмақ. Дизайн-код қабылданған кезде көптеген мәселе қамтылмай қалғанын мойындау керек. Өткен жылы Әділет министрлігінен наразылық жіберілді, нәтижесінде жаңа дизайн-код жобасы әзірленуі керек. Негізгі құжат әлі дайын емес, қаңтар айының соңына дейін оны мәслихатта келісу қажет. Мекеме ресми түрде жұмысына кірісті, журналистерді, блогерлерді шақыра отырып, баспасөз турларын өткізу керек. Меншік иелеріне тек жазалау шараларын қолдана беруге болмайды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Келісу бөлігінде де тәртіп орнатқан жөн, мекеме таныстырған алгоритмді жетілдіру қажет. Жұмыста ашықтық принципі қолданылуы керек. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға болады. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы бөлшектеуден кейін кейде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін конструкциялар қалып қоятынын атап өтті. Сондай-ақ, уақытша жарнамаға қатысты жұмыстар жүргізу керек, аудан әкімдіктерінде күнделікті мониторинг, кәсіпкерлер үшін консультациялар жүргізетін мамандарды отырғызу қажет. Аудан әкімдіктері жабдықтармен, автокөліктермен қамтамасыз етуге көмек көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда жалдау ақысын төлеудің қажеті болмайды. Каналимовтың пікірінше, аялдама павильондарын нешетүрлі жарнамамен толтыру әдетін тоқтату керек. Елорданың сауда орталықтарындағы маңдайша жазбаларды бірізділікке келтіру қажет. Қазір шетелде брендтерді көрсететін стелалар қолданылады, лед-экран ретінде таспа қолданылады, яғни үнемі үздік тәжірибені зерттеп, маңдайша жазбалар мен жарнамалық тасымалдаушылардың сапасын жақсарту қажет.