Мәслихаттың өрт сөндіру деполарын салу мәселелері жөніндегі отырысы
16.01.2024
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру депосын салу, ТЖД материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі ағымдағы жағдай туралы» есебі тыңдалды.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Күлдіков өз сөзінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қазіргі уақытта 3 өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Қолданыстағы өрт сөндіру деполарына жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Тез тұрғызылатын өрт сөндіру деполарын салу мәселесі шешілуде, 5 өрт сөндіру депосы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Депутаттардың бастамасымен құны үлгілік өрт сөндіру деполарынан бірнеше есе аз болатын тез тұрғызылатын өрт сөндіру деполарын салу бойынша жергілікті ТЖД-ның тәжірибесін зерделеу мақсатында қызметкерлер тобының Ақтөбе қаласына сапары өтті. ТЖД бастығы депутаттардан 86 бірлік арнайы техника, 2 бірлік автосаты, арнайы киімдер, оттегі маскаларын және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алуға өтінімді қолдауды сұрады.
Депутат Азамат Айтхожин Интернациональный тұрғын алабында өрт сөндіру депосын салу жоспары туралы сұрады. Мичурин мен Күйгенжар тұрғын алаптарының артында шағын ормандар орналасқан. Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайтыны белгілі, осыған орай, орманға жақын жерлерде өрт сөндіру деполарын салу жоспарда бар ма. Депутат өрт сөндіру деполарын қала шетінде орманға жақын жерлерде салуды ұсынды.
Депутат Табиғат Зейнұлқабден өрт кезінде, оқу-жаттығу, өрт гидранттарын тексеру кездерінде жұмсалатын су шығынына қатысты сұрақ қойды. Депутат бұл жағдайларда таза ауыз суы жұмсалатынын атап өтті, оны ешкім есептемейді. Ал өрт пен жаттығу кезіндегі су шығыны үлкен. Зейнұлқабден бұл мәселені жергілікті деңгейде мәслихат депутаттарының күшімен шешуді ұсынды.
Депутат Кендебай Адамбек әріптесін қолдады, су шығыны үлкен, бірақ алдымен бұл мәселенің шешімі мәслихат депутаттарының құзыретіне кіретінін айқындау керек. Тұрақты комиссияның төрағасы ретінде ол жедел құтқару жасағын құруды қаржыландыру мәселесін көтерді. Ол сондай-ақ, өрт сөндіру деполарының құрылысы қанша қаражат талап ететінін сұрады, қала өте жылдам өсіп келеді және өрт сөндіру деполарын салу қажеттілігі күмән тудырмайды. Алайда, депутаттарға проблемалық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін, нақты көрініс қажет.
Мәслихат төрағасы қала үшін өрт сөндіру деполарына қажеттіліктер картасын әзірлеуді ұсынды, мәселе стационарлық типтік деполар мен ангар үлгісіндегі деполар туралы болып отыр. Каналимов екі ай бойы осы мәселелердің барлығы талқыланғанын, өрт сөндірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлер үшін аса қажет сапалы жабдықтар, оттегі баллондарын сатып алу қажеттігін атап өтті.
Депутат Владислав Сергеев әріптестерін ТЖД материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қол жеткізілген елеулі нәтижелермен құттықтады. Депутат ТЖД-не ТЖД қызметкерлеріне арналған шағын отбасылық үлгідегі жатақхана салу жөнінде ұсыныс енгізуді, өрт гидранттары мен басқа да жабдықтарды сатып алу шығыстары, яғни құрылыс салушылар қамтамасыз етуі тиіс шығыстар пәтер иелеріне, МИБ мен ПИК-не жүктелмеу үшін датчиктер, өрт гидранттары жоқ көппәтерлі тұрғын үй кешендерін мониторингілейтін жұмыс тобын құруды ұсынды.
Депутат Кендебай Адамбектің пікірінше, ТЖД қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін түбегейлі шешу қажет. Қызметкерлер тұрғын үй төлемдерін алуы үшін Қорғаныс министрлігі немесе ІІМ тәжірибесі үлгісінде Парламент депутаттары арқылы қол жеткізе отырып, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.
Депутат Бекзат Жолжақсынов ХӘОТ санатының өкілдеріне өрт датчиктерін тарату мәселесін көтерді, қанша пайыз таратылды.
Мәслихат төрағасы ХӘОТ өкілдерінің көпшілігі барак үлгісіндегі үй-жайларда тұратынын атап өтті. Жағдайды талдау көрсеткендей, бұл жабдықты тұрғындар бағаламайды және көшу кезінде ол бұрынғы тұрғылықты жерлерінде қалады.
Депутат Динара Байсеркина Тұран мейрамханасының жанында өрт сөндіру бекеті бар екенін және қызметкерлерге қажет нәрсенің бәрін орналастыруға болатын оған іргелес үлкен иесіз аумақ жатқанын атап өтті.
Депутат Мәулен Самамбетов индустриалды паркте өрт-химия станциясының құрылысы көзделгенін айтып, оны ТЖД қарамағына беруді ұсынды.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов ТЖД қызметкерлерін тұрғын үймен және балаларын балабақшамен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді қолдады. Сондай-ақ, Каналимов типтік өрт сөндіру деполарын жөндеу және құрылысын аяқтау мәселелеріне тоқталды. Өрт және жаттығу кезінде жұмсалатын су шығыны бойынша өтемақы мәселелерін «Су Арнасы» ЖШС-мен талқылау қажет. Мәслихат төрағасы қалада төрт мың көппәтерлі тұрғын үй кешені бар екенін және олардың әрқайсысында өрт гидранттары бар-жоғы белгісіз екенін, бұл мәселені анықтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі шлагбаумдар бойынша мәселені шешу қажеттігі жөнінде айтылды.