Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
30.11.2023
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті, күн тәртібіне алты мәселе шығарылды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев мүмкіндігі шектеулі жандар жыл бойы тегін баратын заманауи, көпфункционалды жаттығу кешені «Тарлан» мұз аренасының қызметі туралы баяндады. Жылқыбаев Бюджет комиссиясы үнемдеуге байланысты қаржыландыру сомасын азайту туралы шешім қабылдағанын айтты.
Депутат Талғат Ерғалиев 16-округ сайлаушыларының өтінішін жеткізді, онда бірде-бір спорт кешені жоқ, осыған байланысты болашақта Агроқалашықта спорт кешенін салу жоспарланып отыр ма деген сұрақ туындайды.
Депутат Бауыржан Смайылов болашақта мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген бассейн салу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Депутат Алтыншаш Табулдина жобаға қатысты сөзінде индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді әзірлеу туралы ұсыныс айтты. Жоба бұрын қандай мақсатта ашылды, адамдар денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алу үшін және жобаны құру кезінде индикаторлар болмады. Депутат осы мәселе бойынша ақпарат беруді сұрады.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев параспорт федерациясы басшысының өтінішін жеткізді, ол болашақта паракаратэ залын қарастыруды сұраған, бүгінгі күнде жеке зал жоқ.
Депутат Азамат Айтхожин депутаттарды жобаны қолдауға шақырды, өйткені «Тарлан» мұз айдыны мүмкіндігі шектеулі жандар спортпен айналыса алатын жалғыз мұз айдыны. Жақында онда Әлем чемпионаты өтті, қолдау керек.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов қазір спортты дамыту бойынша үш жылдық жоспар әзірленіп жатқанын айтып, депутаттардан жоспарға ұсыныстар енгізуді сұрады.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын ұсынды. Ол бас жоспарды әзірлеу 2021 жылы басталғанын, қазіргі уақытта жоба экологиялық сараптамадан өткенін, қала аудандарында қоғамдық тыңдаулар және Жастар сарайында қорытынды тыңдаулар өткенін хабарлады. Қоғамдық кеңестің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мақұлдауы алынды. Мәслихат депутаттарымен келісілгеннен кейін Бас жоспар ҚР Үкіметіне бекітуге енгізілетін болады.
Депутат Владислав Сергеев бұл, шын мәнінде, қала құрылысының конституциясы болып табылатын маңызды құжат екенін атап өтті. Депутаттар мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік объектілердің орнына КПТҮ құрылысын көздейтін, объектілердің нысаналы мақсатын өзгерту тәжірибесіне қатысты мәселені көп талқылаған.
Депутат Сәуле Самидин «Бұқар жырау» ТК тұрғындарының өтетін жол салу туралы өтінішін жеткізді. Қазіргі уақытта жедел жәрдем де, өрт сөндірушілер де өте алмайды. Бұл мәселені шешу керек, өйткені жер жеке меншікте.
Депутат Бауыржан Смайылов жобаға қолдау білдірді, бірақ қаланың ескі бөлігіне ерекше назар аударуды сұрады.
Депутат Қанат Ибраев қойылған сұрақтарға жедел жауап үшін алғысын білдірді және қаланың ұлттық ерекшелігі туралы ұмытпауды өтінді.
Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов депутаттарға белсенді ұстанымы үшін алғысын білдіріп, қала тұрғындарын тарта отырып ортақ күш-жігермен елорданың инженерлік инфрақұрылымын, сәулеттік келбетін одан әрі жақсарту үшін негіз қаланғанына сенім білдірді. Алда елорданың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, көгалдандыру, көлік жүйесін дамыту тұжырымдамаларын және т.б. іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
«Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев сөз сөйледі. Манқараев бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ қосымша қолдау көрсетілетін бағдарламалар бөлінісінде жергілікті бюджетті нақтылау және үнемдеуге байланысты кейбір бағдарламалар бойынша қаржыландыру сомасы азайтылғаны жөнінде баяндады.
Депутат Владислав Сергеев соңғы екі жылда өзара іс-қимылдың тиімді моделін қалыптастыруға қол жеткізілгенін атап өтті, сондай-ақ ол бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бесінші нақтылау депутаттардың бастамасымен өтіп жатқанын еске салды. Алайда, депутаттар мұндай қадамды бюджетті игермеу қаупіне байланысты жасап отыр. Осы уақытқа дейін аудандар әр округ бойынша аулалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ, депутаттар әр аулаға қанша сома бөлінетінін білуі керек. Осыған байланысты депутат келесі аптада округтер бөлінісінде аулалар мен көшелер бойынша ақпарат дайындауды сұрады. Әкімшілер қажеттіліктер бойынша жалпы соманы сұрайды, бірақ қаражаттың нақты қайда кететінін қадағалау қиын.
Депутат Азамат Айтхожин депутаттар бюджет қаражатын игермегендерді жазалау туралы мәселені бірнеше рет көтергенін атап өтті.
Депутат Қанат Ибраев бюджеттің атқарылу нәтижелерін қарауды, өткен қателіктерді болдырмау үшін егжей-тегжейлі қарау деңгейіне көшуді ұсынды.
Депутат Сәуле Самидин ҚР Президентінің жарлығына сәйкес бюджет шығыстары нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Бұдан былай депутат түсіндірме жазбада әрбір бюджеттік бағдарламадағы түпкілікті нәтижелердің мақсаты мен мәні туралы ақпаратты ашып көрсетуді сұрады. Депутаттарға шығыстардың көлемі ғана беріледі, бірақ бұл шығыстар не үшін жұмсалатыны, қандай индикаторлар пайдаланылатыны туралы түсініктеме жоқ.
Ерлан Каналимов жоспарлау бойынша Қалалық жылжымайтын мүлік мекемесінен үлгі алуға болатынын атап өтті, мекеме басшысы Александр Николаевич Строчков жыл басында белгілі бір жұмыс көлемін жоспарлап, жыл ішінде тек осы объектілерді қаржыландыруды сұрайды. Қала әкімінің келісімі бойынша келесі аптада әкімдердің орынбасарлары бекіткен құрылыс, көлік және ОЭК басқармаларының жоспарлары, аудан әкімдіктерінің абаттандыру және көгалдандыру бойынша жоспарлары ұсынылатын болады. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау басқармасын қосу керек. Игерілмеу нәтижелері бойынша бұрын тек бас бухгалтер жазаланған, алайда қаржылық тәртіпке бірінші басшы жауапты.
Әкімнің орынбасары Евгений Глотов барлық ескертулер мен ұсыныстар қабылданғанын, аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына жоспарларды неғұрлым егжей-тегжейлі дайындау туралы тапсырма берілетінін айтты.