Мәдениет мекемелерінің басшыларымен кездесу
23.11.2023
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен мәдениет мекемелерінің басшыларымен Астана қаласының мәдениет саласын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу мәселесі бойынша кездесу өтті.
Бірінші болып мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов сөз сөйледі. Ол депутаттарға басқарманың қарамағында 12 мәдениет мекемесі бар екенін, онда 2130 адам жұмыс істейтінін айтты. М. Горький атындағы орыс драма театрына және «Наз» би театры ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Е. Рахмадиев атындағы филармонияға қосымша ғимарат сатып алынды. Бүгінгі таңда елордада 18 кітапхана жұмыс істейді, оның 4-і жөндеуден өткен. Ағымдағы жылы мәдениет мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Сондай-ақ, басқарма басшысы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәдениет мекемелері үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтты. Депутаттар қалалық кітапханаларды аралады, осы мекемелердің қызметімен танысты.
Депутат Кендебай Адамбеков мәдениет ұғымы көп қырлы екенін және, әрине, мәдениет мемлекеттің қолдауына мұқтаж екенін атап өтті. Мекеме басшылары жанқияр, талантты, жоғары білімді, жоғары рухани адамдар. Алайда, депутаттың пікірінше, елордада ұлттық рух сезілмейді және бұл мәселеде тек мәдениет өкілдері ғана көмектесе алады. Театр халыққа шығуы керек, мысалы, қаланың шеткі аймақтарының тұрғындарында театрға бару мүмкіндіктері бола бермейді. Мысалы, Қарағандыда мынадай дәстүр бар, театр қойылымдары саябақтарда, қоғамдық кеңістіктерде өткізіледі. Депутат мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жай ғана төмен емес, өте төмен деп санайды және бұл мәселені мәслихат төрағасы айтқандай, кезең-кезеңімен шешу қажет. Мәдениет қызметкерлеріне арнап үй салу ұсынысын да қарастыру қажет.
Депутат Сәуле Самидиннің айтуынша, елорда мәдениет мекемелерімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта креативті экономика тренд болып табылады, ол ҚР Мәдениет министрлігінің қарауында болу. Бірқатар артықшылығы болғанымен, елорда кейбір аймақтардан біршама артта қалып отыр деп санайды депутат. Қалада Креативті индустрия орталығы жұмыс істеді, ол қазір атауын өзгертті, бұл іс жүзінде өте дұрыс, өйткені ол шынайылап келгенде кәсіпорынның ивент рөлін атқарды. Самидин жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде дамытуды ұсынды. Қажет нәрсенің бәрі, ғимараттар, материалдық база бар, мәдени шығармашыл өнімдер жетіспейді. Бұл салада қандай жоспарлар бар? Жалақыны, бонустарды көтеруге мүмкіндік беретін өтелетін өнімдер жасау керек. Бүкіл әлемде мәдени-іс-шаралар туризмді дамытады. Көптеген елдерде тартылыс нүктесі оқиғалар, ірі іс-шаралар болып табылады. Қазіргі жағдайды пайдаланып, туристік және мәдени-іс-шаралар секторларын дамыту қажет. Бұл үшін қалада көптеген мүмкіндіктер бар. Кәсіпкерлерді де тартуға болады.
Депутат Асқар Смағұлов жетінші және сегізінші шақырылымның депутаттары қуыршақ театры бойынша мәселені көтергенін еске салды. Басқарма қуыршақ театрына арналған ғимараттың сатып алынатындығын немесе салынатындығын шешуі керек.
Мәслихат төрағасы жаңа ғимараттың құрылысы кемінде төрт жылға созылатынын айтты. Бұл жағдайда театрдың тағдыры не болмақ. Сондықтан қолайлы ғимарат сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімдірек, өйткені құрылыс салу жыл сайын қымбаттауда.
Депутат Сәуле Самидин театрға бару көрсеткіші бойынша талдау жасауды ұсынды, жаңа ғимарат салуға миллиардтаған қаражат жұмсау орынды ма, жоқ па талдау қажет. Депутаттар кітапханаларды аралады, олар дәстүрлі қызмет істейді. Заманауи кітапханаларда жастар үшін қызықты коворкинг орталықтары құрылатыны белгілі. Қазір қалалық кітапханалар тартымдылық орталығы болмай отыр.
Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров театрларға келушілер көп екенін, екі-үш қойылым, бұл қалыпты, бұдан артық мүмкін емес екенін айтты. Мәдениет әлеуметтік бағдарлар мен идеологияны қалыптастырады. Мәдениеттің жетістіктері тек мекемелердің жұмысымен өлшенбейді, және қалаларға театрлық сапарлар үшін көлік, тәуліктік шығыстар және басқа да материалдық заттар қажет. Мемлекет мәдениетті дамытуға ақша жұмсамаса, мемлекет табысты бола алмайды. «Астана операның» қойылымдарымен салыстыруға болмайды, онда адамдар көп барады және қойылымдарға жұмсалатын шығыны да, тиісінше түсімі де орасан зор. Әр театрдың өз көрермендері бар. Негізгі лауазымдық жалақыны ұлғайту мәселесі бірнеше жылдар бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі шешілген жоқ. Жас актерлер үшін отбасылық жатақхана қажет, олар қоғамның рухани дамуының негізгі идеологтары болып табылады, оларды қолдау қажет. Сондай-ақ, директор штатты ұлғайту мәселесінде көмек көрсетуді сұрады.
Мәслихат төрағасы қала әкімімен келісілгеннен кейін депутаттардың бастамасы бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу ұсынылғанын айтты. Бұл бағдарлама ғимараттан, реквизиттерден, костюмдерден бастап, қызметкерлер үшін қарапайым жағдайлар жасауға дейінгі мәдениет мекемелерінің барлық проблемалық мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді қамтуы тиіс. Мекемелердің жартысы жөндеуді қажет етеді, тұрақ алаңдары, ыңғайлы кірме жолдар қажет. Қала аудандарында спортзалға да, акт залына да айналдыруға болатын модульдік залдармен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жоспарлануда. Жаңа репертуар қажет, жыл басынан бастап театрларға белгілі бір қойылымдар жасауға тапсырма бере алатын редакциялық алқа құру керек, жұмыс жоспар бойынша жүргізілуі керек. Осылайша, айына шығарылатын қойылым мөлшерін бөлу жағдайы бақыланатын болады. Театрларда мейрамханалар, кафелер құру бойынша кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Қалада бұрынғыдай, мысалы, Шабыт сияқты имидждік іс-шаралар өткізілмейді. Жергілікті театрларға экскурсиялық бағдарламалар жоқ. Мәдениет мекемелерін цифрландыру қажет.
Отырыс нәтижелері бойынша көтерілген проблемалық мәселелерді ескере отырып, мәдениет саласын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын дайындау туралы шешім қабылданды.