Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу
22.11.2023
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Esirtkisiz Elorda» Жастар қозғалысының тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының таныстырылымы» мәселесі қаралды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров жастар арасында есірткіге тәуелділердің статистикалық портретін, есірткі қылмысы бойынша деректерді келтірді, нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастарды қамтуды масштабтау құралдарын ұсынды, сондай-ақ қаладағы нашақорлық деңгейін кешенді зерттеуден күтілетін нәтижелер туралы баяндады.
Бейбітжан Муслимов депутаттарға Форум-театрының қызметі туралы баяндай отырып, ол жастардың деструктивті мінез-құлқының - буллинг, суицид, нашақорлықтың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Театр әдістемесі Бразилияда құрылған (режиссер және саясаткер Аугусто Боалем). Театрдың интерактивті нысаны ерекше, процестерге көрермендер қатысады. Жастарға жақын көріністер ойналады, олар қарайды, бақылайды және актерді ауыстыра отырып және мәселені шешу стратегиясын ұсына отырып, қойылымға өздері қатыса алады. Форум-театр жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын-алудың жақсы құралы бола алады, өйткені диалог форматында шешім табуға болады.
Депутат Кендебай Адамбеков бұл тек қала ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мемлекеттік мәселе екенін атап өтті. Азияда нашақорлық қылмыс ретінде, Еуропада, АҚШ-та емдеуді қажет ететін ауру ретінде қабылданады. Депутаттың пікірінше, кешенді бағдарламаға ұлттық құрылымдық элементі бар іс-шараларды енгізу қажет. Сондай-ақ, депутатта статистика бойынша сұрақтар туындады, бұл жағдайда қала бойынша статистика қажет. Қазақстан, мысалы, Ауғанстаннан келетін есірткілер бойынша транзиттік мемлекет екені белгілі. Индустрияда 3 млн. адам жұмыс істейді. Транзит барысында қалада есірткінің алуан түрлері пайда болуда. Шетелде нашақорлықтың алдын алу жұмысы әртүрлі органдар мен ұйымдардың қатысуымен кешенді түрде жүзеге асырылады.
«Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының төрағасы Жандос Ақтаев өздерінің оқушылармен және студенттермен сақтандыру бағытында жұмыс істейтіндерін айтты. Жұмыс құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда жүргізіледі, бірақ превентивті қызметке баса назар аударылады. Ақтаев бүгінгі таңда ұйым белсенді екенін айтты.
Депутат Асқар Смағұлов бағдарламаның авторы кім екенін сұрады. Депутаттың пікірінше, бірнеше слайдтан тұратын презентацияны ұсынып, оны қаржыландыруға 300 млн. теңге сұрау дұрыс емес. Бағдарламаны әзірлеуге құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдерін, депутаттарды қатыстыру қажет болған.
Депутат Бекзат Жолжақсынов алдыңғы отырыста дін өкілдерін тартуды сұрағанын еске салды. Сонымен қатар, экспресс-тест дәлме-дәл көрініс бермейді деген пікір бар.
Депутат Нұрлан Өтешев Адамбековтың 300 млн. теңгені халықты ақпараттандыруға пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысын қолдады, өйткені ақпараттандыруға сұралған сома өте аз. Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, құны 15 млн. теңге болатын интерактивті қосымша сапалы бола алмайды. Инновациялық Форум-театр заманауи талаптарға сай келеді.
Депутат Сәуле Самидин нашақорлықтың алдын алу бойынша ғана емес, аталған барлық мәселелер бойынша штаб құруды ұсынды. Самидин негізгі шығыстарға қатысты сын айтты, жалдауға жылына 21 млн. теңге, негізгі шығыстарға 50%, алайда 20-30% болуы тиіс. Депутаттың пікірінше, ЖБ есебінен бүкіл республиканың проблемалары шешіле алмайды. Барлық мемлекеттік органдардың күш салуын біріктіру және жағдайды бақылау үшін жастар саясаты мәселелері басқармасы жоба менеджері ретінде әрекет ететін бір бағдарлама қажет.
Депутат Ләйлә Сұлтанқызы іс-шараларға бөлінген сомаларға қатысты әріптестерін қолдады. Қосымшаға 15 млн. теңге - бұл аз, бұған қаражат екі есе көп қажет. Депутат амбассадор ретінде кім болатынын сұрады. Форум-театрына келсек, джокер жүргізуші ретінде бола алмайды, ол жағымсыз кейіпкер.
Динара Оразалина театр тұжырымдамасын қолдады. Депутат, егер бұл қойылым барлық мектептерде өткізілетін болса және қойылымға оқушылар қатысатын болса, онда аса тиімді болатынына сенімді.
Депутат Давид Лория барлық депутаттар бағдарламаның тиімділігіне алаңдайтынын атап өтті. Мамандармен кеңесу керек. KPI үлкен емес, бірақ ол жоғары болуы керек.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әріптестерін қолдады, тек жастар саясаты мәселелері басқармасының ғана күшімен бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Басқармаға 52 млн. теңге бөлінген, бұл өте аз. Өткен жылдан бері депутаттар бағдарламаны дайындау қажеттілігі туралы айтып келеді, ақырында тұжырымдама дайындалды. Әрине, депутаттар Форум-театрдың қызметін қолдайды, Жастар сарайын алаң ретінде пайдалануға болады. Кейбір депутаттардың оқырмандары көп, осы ресурсты пайдалану қажет, сонымен қатар олардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін ескеру керек. Әкімдік жанында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, оны жұмысқа қосу қажет. Көп уақыттан бері елдік бағдарлама болған жоқ, қазір ол әзірленді. Кешенді жоспарды барлық ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып пысықтап, бекіту қажет.
Тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин отырысты қорытындылай келе, бұл өте қуатты бағдарлама болуы тиіс екенін айтып, желтоқсан айында Полиция департаметінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының базасында дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.