Презентация плана по профилактике суицида и буллинга
21.11.2023
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен «Суицид пен буллингтің алдын алу жөніндегі жоспардың таныстырылымы» мәселесі бойынша отырыс өтті.
Мәселе бойынша білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев баяндап, суицид пен буллингтің алдын алу басқарма қызметінің аса маңызды бағыттары екенін атап өтті. Басқарма басшысы соңғы үш жылдағы статистикалық деректерді келтіріп, суицидтің негізгі себептерін атап өтті, сондай-ақ педагогтармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды, директорларды, директорлардың орынбасарларын, әлеуметтік педагогтарды оқыту жоспарланғанын айтты. 45 мемлекеттік мектепте және 6 жекеменшік мектепте зорлық-зомбылыққа, қудалауға (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау бойынша скрининг жүргізіледі. Бірнеше жыл бойы басқарма Bilim Foundation ҚҚ-мен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруда, 77000 оқушы мен 10000 студент қамтылған. Бес мектеп базасында КiVa буллингке қарсы бағдарламасын пилоттық жоба ретінде енгізу жүргізілуде. Мектептерде сенсорлық бөлмелер ашу жоспарлануда. Сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізілуде, 98 мектеп базасында балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын нығайту бағдарламасы енгізілуде, шарамен 7 сыныптың 19015 оқушысы қамтылады. Бес ауданда тегін психологиялық консультативтік қызмет кабинеттері құрылды.
Астана Медицина университетінің Клиникалық психология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты психолог-терапевт Жанат Досжанова суицид превенциясы бойынша сөз сөйлеп, бұл көп факторлы мәселе екенін және профилактикалық жұмыс сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Суицид тенденциялары туралы қорытынды соңғы 2-3 жыл негізінде емес, 7 жылғы талдау негізінде жасалуы керек. Превенция процесінде жастардың өмірлік төзімділігін арттыру маңызды. Спикердің пікірінше, уәкілетті органдар үрейлілікке, қорқынышқа ұшыраған балалардағы шешуші сәттерді назарға алуы керек. Көп жағдайда балалар жоғары функционалдық аутизм бұзылушылықтарынан зардап шегеді. Кейбір ата-аналар балаларды тестілеуден өткізуге рұқсат бермейді. Ата-аналармен балалардың балабақша жасынан бастап жұмыс істеу керек, ата-аналық құзыреттілік жетіспеушілігінің барлық проблемасы жасөспірім кезінде байқалады.
Депутат Кендебай Адамбеков кешенді жоспардың қаржыландырылуы және қаншалықты қымбат екені туралы сұрады, бөлінген ақша қаражатына сұраныс болатынын ескертті. Баяндамаларға сүйенсек, талдау көрсеткендей, жағдайлардың 35% отбасындағы жанжалдарға байланысты, 38% толық отбасыларда, 55% толық емес отбасыларда, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен 2 жағдай орын алған. Бұл балалардың айырмашылығы неде? Күтілетін нәтиже қандай? Мысалы, инженерлік желілер 55% тозған жағдайда, нақты жұмыс көрсеткіштері бар. Депутаттың пікірінше, ұлттық тәрбие жоғары деңгейде болуы керек, өйткені бұндай жағдай бұрын күнә, ұят нәрсе деп саналған. Елорда халқының 82%-ы қазақтар, тиісінше, суицидтік мінез-құлқы бар балалар да қазақтар болып отыр.
Нұрлан Өтешев аяқталған суицидтердің көпшілігі көпқабатты үйлерден құлау нәтижесінде болғанын айтты, олардың арасында есірткі әсерінен суицид жасағандар болды ма. Есірткілер интернет арқылы сатылуда, қатаң бақылау қажет. Сондай-ақ, депутат № 25 мектептегі буллинг жағдайы туралы жазбаша ақпарат беруді сұрады.
Депутат Сәуле Самидин 15 мектепте сенсорлық бөлмелер бар екенін атап өтті. Ол мектептерді аралауды ұйымдастыруды сұрады, депутаттың пікірінше, мұндай кабинеттердің тиімділігіне талдау жасау қажет. Мектептерде онсыз да кабинеттер жетіспейді, бұл мектеп үшін проблема болмай ма? Қандай бюджет жоспарлануда?
Депутат Алтыншаш Табулдина бағдарламаның нақты индикаторларын, нақты мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу қажеттілігіне қатысты әріптестерін қолдады. Тестілеуді өткізуде қиындықтар бар ма, бағаланатын индикаторлармен және күтілетін нәтижелермен қадамдық жоспар бар ма? Сондай-ақ, Табулдина бағдарламаға мектеп директорлары үшін қосымша индикаторлар енгізуді ұсынды, тестілеу өткізілді ме және т. б.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов балалар қоңырау шала алатын колл - орталықтың, қалалық колл-орталықтың бар-жоғы туралы сұрады. Балаларға арналған 111 нөміріне келетін болсақ, ол мектептерді аралаған кезде 111 нөміріне қатысты хабарландыруларды көрмегенін айтты. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жетекшілік ететін тұрақты комиссия ретінде бағдарлама бойынша талдау ұсынып, ұсыныстар мен ескертулер беру қажет. Каналимов шетелдік тәжірибені зерделеудің оң нәтижесін атап өтті, алайда мұндай жағдайларды азайту үшін қазақстандық балалардың менталдық ерекшеліктерін ескеру қажет. Отбасылық құндылықтар маңызды, көп нәрсе отбасының психоэмоционалды жағдайына байланысты, аға буынмен байланыс үзілген, тілдесу, қатынасу жоқ, ата-аналар мен балалардың өздері SMS арқылы байланысады. Ювеналды полиция қызметкерлері жетіспейді, сондықтан ювеналды полиция штатын қайта енгізу қажет. Бірде-бір қызмет әлеуметтік желілерді талдау бойынша жұмыс істемейді. Бұл салада ешқандай қозғалыс жоқ. АҚШ-та интернетті бақылаусыз пайдалануға заң жүзінде тыйым салынған. Балаларға тек ата-ананың рұқсатымен интернетке кіруге болады, бізде мүлдем бақылау жоқ.