«Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу» мәселесі бойынша жария тыңдаулар
08.11.2023
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша жария тыңдаулар өтті.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев депутаттарға 2023 жылдың ағымдағы кезеңіндегі статистикалық деректерге сәйкес Астана қаласы бойынша кәмелетке толмағандар арасында суицидтік белсенділіктің өсуі байқалатынын хабарлады (2021 жылы - 97 жағдай; 2022 жылы - 71 жағдай; 2023 жылы - 75 жағдай). Суицид жағдайлары бойынша себептерді талдау 3 жыл ішінде отбасындағы жанжалдардың себептері 46%-дан 39% - ға дейін төмендегенін анықтады, бұл білім беру ұйымдарының әлеуметтік-психологиялық қызметінің ата-аналармен жүргізген ағартушылық жұмысының нәтижесін көрсетеді. Бірақ, сонымен бірге суидцидтік мінез-құлықтың себептерінің ішінде психикалық денсаулық проблемалары кездеседі, бұлар жасөспірімдердің денсаулығына байланысты медициналық көрсеткіштер болып табылатын депрессия, шизофрения, аралас мазасыздық және депрессиялық бұзылыс. 2021 жылы мұндай себептер болмаған, 2022 жылы - 8%, ал 2023 жылы бұл проблема 17% құрайды. Басқарма орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет тәртібіне өзгеріс енгізуді; жыл сайын скрининг жүргізуді; суицидологтар штатын кеңейтуді; білім беру ұйымдарында балалар буллингінің және т. б. алдын алу бойынша KiVa бағдарламасын енгізуді ұсынады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Астана қаласында кәмелетке толмағандар арасында суицидтік белсенділік бойынша 83 жағдай тіркелгенін, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 жағдайға артық (71 жағдай) екенін; оның ішінде: 63-аяқталмаған әрекеттер, 15-17 жас аралығындағы 3 өлім жағдайының орын алғанын мәлімдеді. Кәмелетке толмағандардың суицидтік белсенділігі себептерінің ішінде бірінші кезекте отбасындағы жанжал – 32 жағдай (38,6%), құрдастарымен, достарымен жанжал – 9 жағдай (10,8%), суицид әрекетін жоққа шығару – 15 жағдай (18,1%), себебі анықталмаған - 4 жағдай (4,6%), психикалық бұзылыс – 8 жағдай (9,6%), депрессия – 8 жағдай (9,6%,), басқалары – 7 жағдай (5,8%) кездеседі.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.
Депутат Владислав Сергеев депутаттар суицидтің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қаржыландыру қажет болған кезде ғана хабардар етілетініне наразылығын білдірді. Депутаттар жұмысқа қосылуға дайын екендіктерін бірнеше рет мәлімдеген, алайда, құжатты әзірлеу процесіне олар қатыстырылмады. Сондай-ақ, депутат мектептерді паспорттауға қатысты сұрақ қойды. Депутаттың пікірінше, мәселе күрделі және оны шешуге барлық жағдайларды ескере отырып, мұқият қарау керек.
Комиссия төрағасы Азамат Айтхожин әріптесін қолдады, ол да барлық өзекті мәселелерді депутаттар көтеретінін атап өтіп, тиісінше, олар осы проблемаларды шешу процесіне тікелей қатысуы тиіс деп есептейді. Ал бүгінгі қалыптасқан жағдайда, мемлекеттік органдар бағдарламаны әзірлеп қойған, ал депутаттар тек оны іске асыруға ақшалай қаражат бөлуі тиіс.
Депутат Салтанат Женалаева бір кездері нәтижелі пилоттық жоба болған психологиялық сүйемелдеу қызметі қазіргі уақытта жұмысын тоқтатқанына өкініш білдірді. Ол балама қызметтің құрылуы туралы сұрады. Сонымен қатар, Женалаева стандарт бойынша 300 балаға 1 психолог болуы қажет екенін, ал бүгінгі күні балалар саны нормадан әлдеқайда көп екенін айтып өтті, психологтың ставкасын арттыру үшін не қажет. Қала мектептерінде пилоттық жоба аясында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер лауазымы енгізілген болатын, осы жобаны қайта жандандыру жоспарда бар ма.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов талқыланып жатқан мәселе бүкіл қоғамға қатысты болғандықтан, өте маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алуға төрт мемлекеттік орган жауапты болып табылады, сондықтан ұжымдық жауапсыздық байқалады. Депутаттар суидцидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша бір мемлекеттік органды тағайындау қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан. Бүгін төрт орган өз-өзіне қол жұмсау деңгейінің төмендемей отырғанын айтып отыр. Неліктен шетелдік тәжірибе қарастырылмайды. Бұл мәселеде проблема сараптаудың жоқтығында және уәкілетті органдар мұндай мінез-құлықтың себептерін талдамайды, тек салдарымен күреседі. Суицидолог пен психологтардың бос орындары көп, өйткені жалақы төмен. Мәслихат төрағасы келесі аптада балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу жөніндегі жоспармен таныстыруды өткізуді тапсырды.
Депутат Сәуле Самидиннің пікірінше, суицидтің алдын алу бойынша жаңа креативті әдістер енгізілмейді. Талдау жүргізу керек, ортамен жұмыс істеу керек, жанында жүрген балалар ақпарат көзі болып табылады. Тренингтер, дәрістер балаларға әсер етпейді, компьютерлік ойындарды, театр қойылымдарын және т. б. қолдану керек.
Депутат Бекзат Жолжақсынов бұл жұмысқа дін өкілдері неге тартылмайтынын сұрады. Әр жұма сайын жастар мешітке барады, онда олармен нашақорлық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша әңгімелер жүргізуге болады.
Депутат Ғабит Тәжімұратов әріптестерінің ұсынысын қолдап, жас креативті имамдар, дінтанушылар жастармен әңгіме жүргізуі керек деп есептейді. Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, идеологиялық қызметкерлер бұл іске өз үлестерін қоса алады, сынып жетекшілері балалардың үйлерін аралап, отбасыларымен әңгімелер жүргізуі керек.
Комиссия төрағасы Азамат Айтхожин мемлекеттік органдар жауапкершілікті толық көлемде көтеруге дайын емес деп санайды. Алайда, салдарымен күресудің орнына суицидтік мінез-құлықтың алдын алу оңайырақ екені бәріне мәлім.
Депутаттардың пікірінше, бұл мәселені шешуге мәдениет өкілдері де қатысуы тиіс. Сонымен қатар, отбасындағы рухани тәрбие маңызды. Жауапты органдар ата-аналар назарын балаларға бұруы керек, өйткені балалар үшін өмірдегі ең маңызды адамдар ол - олардың ата-аналары.