«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру
07.09.2023
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысы туралы мәселені талқылады.
Бірінші болып білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев баяндады. Ол депутаттарды Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын іске асыру жөніндегі басқарма жоспарлары туралы хабардар етті. Спикердің айтуынша, жайлы мектептерді жоғары білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында елордада педагогикалық университет құру бойынша қадамдар жасалатын болады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров 24 жайлы мектеп құрылысының бірінші кезеңінің іске асырылуы туралы баяндады, олардың орналасқан жері туралы деректер берді. Қазіргі уақытта ЖАО алдында бір апта ішінде қажетті жабдықтар мен жиһаздардың тізімін ұсыну міндеті тұр. Басқарма төрағасы орынбасарының пікірінше, жайлы мектептердің қызметіне мониторинг жүргізу үшін жағдайлар жасалған, олар бейнекамералармен жабдықталған. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрт тараптан кіреберістер ұйымдастырылатын болады. Баяндаманы қорытындылай келе, Саттаров жағдайдың бақылауда екенін және мәселелер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешілетінін атап өтті.
«Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК директоры Александр Строчков Ұлттық пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2023 жылы алып қойылатын жер учаскелері туралы ақпаратты ұсынды. Көптеген учаскелер бойынша сатып алу процесі аяқталған.
Депутат Азамат Айтхожин кірме жолдардағы ахуал бойынша мәселені көтерді, өйткені депутаттың пікірінше, ол өте маңызды және басынан бастап шешілуі тиіс. Сондай-ақ, Айтхожин Егемен Қазақстан көшесінде жайлы мектеп салу қажеттілігіне қатысты сұрақ қойды, өйткені жанында №8 және №16 мектептер орналасқан. Депутаттың пікірінше, мұндай мектепке Жас Ұлан ауданы көбірек қажеттілік етеді, онда осы ауданның балалары бару үшін спорт мекемелері жоқ.
Депутат Талғат Ерғалиев шеткі аудандарда осындай мектептер салу қажеттілігі мәселесі бойынша әріптесін қолдады және бүгінгі таңда оқушы орындарының профициті балалардың шеткі аймақтардан орталыққа оқуға және спортпен шұғылдануға келуге мәжбүр болуынан туындап отыр. Сондай-ақ, депутат конкурс шарттары бойынша жайлы мектептердің құрылысына тек әлеуметтік нысандар салу тәжірибесі бар ұйымдар ғана тартылуы тиіс екенін атап өтті, қазір тапсырманың сапасыз орындалу қаупі бар. Ерғалиевтің пікірінше, құрылысты бұзу кезінде бюджет қаражатын үнемдеу қажет, осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды - шаршы метрдің құны қандай, бір оқушыға шаққандағы құны қанша тұрады, шаршы метрдің құны қандай шектерде өзгереді.
Депутаттар «Жайлы мектеп» жобасы Ұлттық пилоттық жоба екенін атап өтіп, сондықтан, дәл осы Ұлттық жоба аясында жергілікті өндірушілер тартылуы тиіс деген пікір білдірді. Сондай-ақ, депутаттар «Көктал» т.а. ауданында, «Nova City» ТК, «Пригородный» т.а. ауданында жаңа мектептер салу мәселесі бойынша сұрақтар қойды.
Депутат Қанат Ибраев ҰКП базасында консорциум құру бойынша кеңес өткенін хабарлады, онда мердігер ретінде шағын өндірушілер әрекет ететін болады. Бұл тармақтардың барлығы құжаттамада көрсетілген, жұмыс жүріп жатыр. Ибраев жобаға жергілікті өндірушілердің қатысуына жәрдемдесу бойынша депутаттық бақылауды кеңейтуді ұсынды.
Депутат Сәуле Самидин Қайсенов көшесі ауданында салынатын 600 орындық жайлы мектепке қатысты сұрақ қойды, ол жерде кварталдан кейін жеке мектеп, сәл әрі қарай БИНОМ мектебі орналасқан. Депутат бұл ауданда көліктің өтуі қиын екенін, осыған орай проблема туындайтынын айтып өтті, осылайша, мектеп ішінде жайлылық қамтамасыз етілгенімен, сыртында мәселе туындайтын болады. Жағдайды түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу өткізу қажет.
Депутат Владислав Сергеев қала үшін жергілікті бюджет есебінен 24 мектептің құрылысы қиынға соғатынын атап өтіп, бұл мәселе Ұлттық жоба аясында шешілетініне қуанышын білдірді. Қазір ескі мектептерді күрделі жөндеуден өткізу мәселесі бар, сондықтан келесі жылы осы мәселе бойынша білім басқармасына қолдау көрсету қажет.
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов жайлы мектептердің құрылысына қатысты сұрақтар көп екенін айтты. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін мұндай мектептердің құрылысы стандарт деңгейінде болады. БИНОМ мектептері бойынша орын алған ескертулер жайлы мектептер салу кезінде ескерілетін болады. Бірақ бәрінен бұрын Каналимов мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдірді. 24 мектепте 4000-нан астам педагог жұмысқа орналастырылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде мұғалімдерге арналған әлеуметтік пакет бойынша ұсыныстар енгізу қажет. Кабинеттер бойынша қажетті жабдықтарды іріктеуді басқарма жүргізеді, мәслихат төрағасы осы жұмысқа депутаттар арасынан сарапшыларды тартуды сұрады. Келесі сұрақ - мектептерге кіреберіс жолдарды кім салады. Барлық мәселелерді жан-жақты шешіп, инженерлік желілер мен жолдарды салу кестесін дайындау қажет. Бұл ретте мектептерге төрт жағынан кірме жолдар қажет болатынын ескеру қажет. Қоғамдық бақылау мақсатында депутаттарды тарту ұсынылады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов отырысты қорытындылай келе, қаулы жобасын негізге алып, отырыс хаттамасына депутаттардың ұсыныстарын енгізуді ұсынды.