Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия бюджеттік өтінімдердің жобаларын қарады
14.06.2023
Асқар Смағұловтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Елорда бюджетін нақтылау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдердің жобалары қаралды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев ағымдағы шығыстар мен жергілікті деңгейде спорттық жарыстарды өткізуге, республикалық және халықаралық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша командаларды даярлауға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортты қолдауға, қалалық құрама команданы қолдауға, шығармашылық тапсырысты іске асыруға (бүгінгі таңда 44 мың ваучер берілді), Үркер мен Железнодорожный тұрғын алаптарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК) құрылысына, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға және т. б. қажет етілетін қосымша қажеттілік туралы баяндады.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев жергілікті деңгейде өткізілетін үш жаппай веложарысты, үш жаппай жарысты (әрқайсысына 10 млн. теңгеден), ат жарысын (65 млн. теңге) қаржыландыруға қатысты сұрақтар қойды, бұл қаражат нақты не үшін жұмсалады. Депутат неге барлық іс-шаралар бюджет есебінен өткізіліп жатқанын сұрап, басқармаға демеушілерді тарту қажеттігін айтты.
Депутат Талғат Ерғалиев бірде-бір спорт объектісі жоқ, ДСК жоқ Агроқалашық мәселесі бойынша пікір білдірді. Кеңесте бас жоспарда Оқушылар сарайын салу жоспарланғаны белгілі болды. Депутат ДСК құрылысының бос жер учаскесінің болмауына байланысты кешіктірілуі мүмкін екендігіне қатысты наразылығын білдірді.
Депутат Алтыншаш Табулдина басқарма басшысына өткен жолы депутаттар ДСК-ге баратын балалардың саны, жаттықтырушылардың саны туралы ақпарат беруді сұрағанын еске салды. Көктал тұрғын алабында жекеше орталық Арт-спорт жобасын жүзеге асыру аясында (оны басқарма төлейді) 2000 балаға қызмет көрсетеді, ал басқарма болса, жаттықтырушылардың болмауына байланысты толымдылығы жоқ, бос тұрған үлкен ДСК-дің болуына қарамастан, жаңа ДСК салуға қаражат сұрайды. ДСК аралау барысында депутаттар оларда балалардың мүлдем аз екенін анықтады. 200 бала үшін жаңа спорт ғимаратын салу қажеттілігі бар ма, бұл мәселені талдау қажет. Депутат ДСК бойынша жазбаша түрде ақпарат беруді сұрады.
Депутат Динара Байсеркина ұлттық спорт түрлерін дамытуға қатысты сұрақ қойды. Ол басқарма бұл спорт түрлерін дамыту үшін өте аз қаражат сұрайтынын атап өтті. Депутат, мысалы джиу-джитсуды БАӘ үлгісі бойынша дамыту керек деп есептейді, онда бұл спорт түрі дене шынықтыруда міндетті сабақтар тізіміне енгізілген.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб депутаттарды қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын жалғастыруға, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын қолдауға, «Жанұя» отбасын қолдау орталығындағы лифтті ауыстыруға және т. б. қосымша қажеттілік туралы хабардар етті.
Депутат Азамат Айтхожин өткен жылы депутаттардың Ақкөл қаласындағы «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтқанын еске салды. Ол орталықтағы қазіргі ахуал қандай екенін сұрады, Астанада тұратын адамдар осы орталыққа барғысы келеді. Орталық үшін басқа ғимаратты сатып алу мәселесін шешуде оң нәтиже бар ма?
Депутат Талғат Ерғалиев «Еңбек» сайтының қанағаттанарлықсыз жұмысын атап өтті. Құрылыс саласында әр түрлі мамандар қажет (монолиттер, тас қалаушылар, бетоншылар, сантехниктер және т.б.) және депутаттың пікірінше, жұмысшы немесе инженерлік мамандықтарды бұл сайттың көмегімен табу мүмкін емес, бұған хэдхантер сайты қолайлы. Депутат «Еңбек» сайтын қалыпқа келтіруді ұсынды, өйткені оған бюджет қаражаты жұмсалады, ал ол дұрыс жұмыс істемейді. Бұл ретте хэдхантердің осы қызмет арқылы едәуір ақша табатынын айта кеткен жөн. Депутаттың пікірінше, егер мұндай ресурс болса, оны пайдалану керек. «Еңбек» платформасы нарықтық емес екенін мойындау керек, сондықтан ол жұмыс істемейді, басқа платформа құруға болады. Депутат, егер маман өз мамандығы бойынша оқығысы келсе, басқарма 80 мың теңге төлейтіні көрсетілген тармаққа қатысты пікірін білдірді, бұл сома өте аз, мысалы, тас қалаушыға өндірісте тас қалаушының көмекшісі болып жұмыс істеп, 200 мың теңге алу әлдеқайда тиімдірек.
Депутат Алтыншаш Табулдина Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қатысты мәселені көтерді, ол қаржыландыруға қатысты сұрақ қойды, басқарма штатты қаржыландыра ма, әлде жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша төлем жасай ма. Депутаттың пікірінше, адамдардың келуін ескере отырып қаржыландыру жүргізу қажет. Бұл бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселесі.
Депутат Бауыржан Қасымбергебаев инватакси мәселесін көтерді, мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарынан инватаксиді пайдалану мүмкіндігін арттыру бойынша өтініштер түсуде.
Отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссияның төрағасы Асқар Смағұлов бюджеттік өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша қорытынды дайындалатынын айтты.