Салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын ұйымдастыру
19.04.2023
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожинның төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу, есепке алудың барлық түрлерінде тұрған кәмелетке толмағандар үшін бос уақытты ұйымдастыру туралы мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына бос уақытты және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерімен айналысатын барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қатысты, олар осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Отырыс барысында мәслихат депутаттары өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Депутат Мағзұм дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына бейінді спорт бағыттарына қатысты сұрақ қойды: воркаут, воретбол, скейтбординг және т.б. Осы спорт түрлерін дамыту үшін басқарма қандай жұмыстар атқарып жатыр. Қалада жастар арасында синтетикалық есірткі таралатыны белгілі, жастарды спортқа тарту бойынша ірі жобалар жоспарланған ба.
Депутат Ерғалиев агроқалашықта спорт кешендерінің, веложолдардың, саябақтардың, жастар спортпен шұғылдана алатын орындардың болмауына қатысты пікірін білдірді. Уәкілетті басқармалардың қаланың шет аймақтарындағы осы мәселені шешу жөнінде жоспарлары бар ма? Депутаттың пікірінше, тұрғын үй алаптарына көбірек көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, ол қаладағы спортпен айналысып жүрген спортшылар ғана емес, сонымен қатар жастар да, жас балаларымен ата-аналар да серуендеп жүретін жалғыз шаңғы трассасына қатысты мәселені көтерді. Оның ауданы аса үлкен емес (2,5 км) болғандықтан, велосипедшілердің серуендеп жүрген адамдармен соқтығысу қаупі бар. Соқтығысу орын алған жағдайда ауыр жарақаттануды болдырмау үшін қандай-да бір шектеу белгілері қажет. Сондай-ақ, депутат басқармалар көптеген қызықты іс-шаралар өткізіп жатқанын, алайда олар туралы халық бейхабар екенін, сондықтан халықты хабардар ету үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.
Комиссия төрағасы Азамат Айтхожин жасөспірімдер мен жастарды ойын-сауық спорттық іс-шараларға тарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттаудың жеткіліксіз екендігі жөнінде әріптесін қолдады. Мұны жергілікті радио хабарландырулары арқылы ұйымдастыруға болады. Басқармалар үлкен жұмыс жүргізуде, алайда олар жеткілікті түрде хабарланбайды.
Депутат Сергеев дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДШСК) құрылысының тоқтап қалуына қатысты сөз сөйледі. Ол депутаттар ДШСК құрылысының көтеріңкі бағасы туралы мәселені талқылағандарын еске салды. Депутаттың пікірінше, мәселені шағын орталықтар салу есебінен шешу қажет. Сергеев әр тұрақты комиссияның, қалалық басқармалар өкілдерінің құрамында жұмыс тобын құруды және инвесторлар күндіз балалар үшін және кешкі уақытта да ғимараттарды пайдалана алатындай етіп, МЖӘ жобалары арқылы ДШСК салу алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Осылайша, қалада шағын дене шынықтыру орталықтарының қолжетімділігі мәселесі шешіледі. Депутаттың пікірінше, қаланың шеткі аймақтарында үлкен спорт кешендеріне қажеттілік жоқ. Екінші жыл бойы Артспорт жобасын жүзеге асыруға орасан зор қаражат бөлінуде, бірақ әлі күнге дейін қалалық басқармалардың платформалары бөлек, бірыңғай платформа жоқ. Қазіргі уақытта жобаны іске асырумен білім басқармасы, спорт және мәдениет басқармалары айналысады, сондықтан бұл істі орталықтандырып, бір қолға беру ұсынылады. Сергеев спорт басқармасының басшысына осы мәселе бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізуді сұрады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Айтхожин Артспорт жобасын іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді оқыды - оператор тарапынан мониторингтің болмауы, бұл ЖСН деректерінің қате болуы және жас шектеулері сәйкес келмейтін балаларға ақы төлеу салдарынан 442 млн. теңгеден астам сомаға шығыстардың негізсіз артуына әкелген. Балаларды оқытуға арналған қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы анықталды, бұл 2 млрд. теңгеден астам сомада бюджет қаражатының ысырабына әкелді.
Депутат Адамбеков мәслихат аппараты талқыланған мәселе бойынша 15 басқармаға хат жолдағанын, дін істері басқармасы бұл мәселе басқарманың құзыретіне кірмейтінін мәлімдегенін айтты. Депутат қалалық басқармалардың міндеттерді орындау деңгейін анықтайтын индикаторлардың бар-жоғын сұрады. Осыған байланысты депутат әрбір аудан әкімдігіне жастар мәселелері бойынша Жол картасын дайындауды және оларды мәслихатта тыңдауды ұсынды. Картаға нашақорлықтың алдын алуға, деструктивті діни ұйымдарға және т.б. қатысты тармақтарды енгізу қажет, тек осы жағдайда ғана басшылық ағымдағы жағдай туралы толық хабардар болады.
Депутат Тәжімұратовтың пікірінше, үлкен спорт кешендері толық жүктелмеген, олар қалай пайдаланылып отыр. Қалада дене шынықтыру институтын құру керек, өйткені Алматыдан айырмашылығы, Астанада теория мен практиканы енгізу үшін база ретінде қолдануға болатын объектілер жеткілікті. Сондай-ақ, депутат өз округінің проблемалары туралы баяндады. № 24 мектепте спорт алаңы бар, алайда онда жұмыс аяқталмағандықтан, алаң пайдаланылмайды. Тәжімұратовтың пікірінше, қазір бала тәрбиесі интернет, мысалы, TikTok арқылы жүзеге асырылуда.
Депутаттар қалалық басқармаларға жасөспірімдер тәрбиесінде оң білімді насихаттай алатын, TikTok ұқсас IT бөлімдерін құруды ұсынды.