Мәслихаттың кезекті сессиясы: 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы
15.12.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Кезекті сессия жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков, қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, аудан әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті жобасы туралы» негізгі мәселе бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев сөз сөйледі. Сөз басында ол әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, қала бюджетіне түсетін түсімдер бойынша жағдайға тоқталды. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстар бюджеттің жартысына жуығын, яғни 49%-ды құрайды, әкім орынбасары білім беру саласындағы мәселелерді шешуге көп көңіл бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, ТКШ, тұрғын үй алаптарына, қоғамдық көлік жүйесін дамытуға айтарлықтай шығындар жоспарлануда. Бюджеттің жекелеген маңызды бастамалары елорда жастарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге байланысты жүргізілді.
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев сөз сөйледі. Депутат өз қорытындысында 2023 жылға арналған бюджет жобасы мәслихат депутаттарының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп белсенді қатысуымен қаралғанын атап өтті. Тұрақты комиссиялардың отырыстарында бюджет жобасын егжей-тегжейлі талқылау өтті. Депутат тұрғын үй алаптары тұрғындарының көптеген өтініштері мен ұсыныстары бюджет жобасында көрініс тапқанына ризашылығын білдірді. Сергеев соңғы жылдары МЖӘ жобаларының көбейіп кеткенін, олар бойынша міндеттемелер, шамамен 100 млрд. теңге, жергілікті бюджетке жүктеме болып түсетінін атап өтті. Жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке үлкен алулар күтілуде, бұл да бюджетке әсер етеді. Газдандыру процесі басталды, алайда тұрғын алаптарда әлі де тротуарлар, көшелер аяқталмай қалған, қазулар қалып қойған. Істі соңына дейін жеткізу үшін аудандық әкімдіктерді қосымша қаржыландыруды жоспарлау қажет. Қоғамдық көлік мәселелері – жеке тақырып, жылжымалы құрамның жетіспеушілігі, үлкен аралықтар және т.б. мәселелер орын алуда. Инвесторлармен әрекеттестік - бұл қаланың көлік жүйесін дамытудағы, автобустар сатып алудағы проблемаларды шешудегі перспективалы бағыт.
Қаржылық жоспарлау кешенді тәсілге негізделуі керек, сондықтан бұрын қажетті инфрақұрылымсыз мектептер салынған. Әрине, әлеуметтік объектілерді салу басымдықта болуы керек. Бюджет жобасымен ұзақ және мұқият жұмыс істеудің арқасында негізгі мәселелер, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының проблемалық мәселелері ескерілді.
Депутат Алмат Жүнісов Кирпичный тұрғын алабы, қоғамдық көлік, инженерлік желілер бойынша мәселелердің шешілуімен қанағаттанбағанын айтты. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мектеп құрылысымен айналысқан мердігер ұйыммен шарт бұзылды.
Депутат Азамат Айтхожин Күйгенжар, Мичурино, Кирпичный, Железнодорожный және т.б. мекендердегі жылы аялдамалар бойынша мәселені көтерді. Алматы ауданының әкімдігі халықты газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді, ҚазТрансАймақпен өзара іс-қимылды жолға қою керек.
Мәслихат хатшысы аудан әкімдіктерімен жылы аялдамалар мәселелерін бөлек талқылауды ұсынды. Мәселе мынада, жылы аялдамалар бойынша талдама жоқ, мысалы оларды қайда орналастыру керек, қанша әлеуметтік нысандар жылы аялдамалармен қамтылмаған, осы мәліметтерді алып, содан кейін қаржыландыру мәселелеріне көшу керек.
Депутаттар әлеуметтік азық-түлік карталарын құру, қоғамдық орындардағы урналар санын ұлғайту, негізгі өнімдерге бағаның өсуін тежеу және осы мәселені шешу үшін көзделген шаралар, Интерациональный тұрғын алабындағы емхана құрылысы мерзімдерінің кешіктірілуі, Агроқалашық, ДСК аудандарында, жеке секторда орталық сумен жабдықтау, кәріз желісін тарту орталығының болмауы жөніндегі мәселелерді көтерді.
Мәслихат хатшысы аудандарды абаттандыру, жерлеу орындары бойынша мәселелермен жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Депутат Батыр Котырев инфрақұрылымдық жобалар және әсіресе көлік инфрақұрылымы бойынша мәселелерді бас жоспар деңгейінде қарауды ұсынды. Сондай-ақ, депутат белгілі бір аудан шегінде скверді, қоғамдық кеңістікті оқшаулау үшін аудан әкімдігінің әкімші ретінде негізі болуы тиіс деп санайды.
Мәслихат хатшысы 2035 жылға дейінгі бас жоспарды түзету жұмыстары аяқталып жатқанын хабарлап, тұрғын үй алаптары бойынша барлық ұсыныстардың бас жоспарға сәйкес болуы қажеттігін атап өтті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков қала әкімінің орынбасары айтып өткен 30 мың тұрақты жұмыс орнын құру бойынша ақпарат туралы сұрады, олар қандай салаларда құрылады, талдау бар ма. Мамытбеков Сенатта «Агломерацияны дамыту туралы» заң қаралып жатқанын хабарлады, Астана агломерацияны дамытуға дайын ба, оны жүзеге асыру үшін қаражат көзделген бе.
Мәслихат хатшысы сәулет басқармасының өкіліне ауқымды анықтама дайындауды, оған қоса Астананың агломерация бойынша картасын жасауды және елорданың мүддесін қорғау үшін Сенат депутатына ұсынуды сұрады Сондай-ақ, Астана қаласында тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмыс орындарының тапшылығы туралы толық ақпарат дайындау қажет.
2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы мәслихат депутаттарымен бекітілді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы баяндады. Өзгерістер енгізуге Ұлттық жобаларға енгізілген түзетулер, сондай-ақ елорда атының өзгеруі негіз болды.
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Каналимов жұмыс кезеңінде Астана қаласы мәслихатының депутаттары заң шығару қызметі бойынша белсенді жұмыс жүргізгенін атап өтті. Мәселен, мәслихаттар мәртебесін нығайту жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары қолдады және мәслихаттар депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындау және мәслихаттар хатшыларының мәртебесін арттыру жөніндегі мәселе оларға мәслихаттар сессияларын төраға ретінде жүргізу құқығын бере отырып, заңнамалық деңгейде шешілді.
Ағымдағы жылдың басынан елорда мәслихаты жергілікті атқарушы органдардың елорданың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын орындауы, оның ішінде бюджеттік бағдарламаларды бекіту мәселелерінде бақылау бойынша функцияларды толық көлемде жүзеге асырып келеді. Депутаттар елорданың әлеуметтік саласын дамытуға зор үлес қосты. Жаңа формациядағы мектептерді салу мәселесінде мәслихат депутаттары атқарушы органдармен бірлесіп бастамашы болды. Нәтижесінде 2023 жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда.
Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Жаңасыл Шаукентаев Астана қаласында жаңа ауданның құрылуы және аудандардың шекараларын белгілеу туралы хабардар етті.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен комиссия төрағасы Батыр Котырев сөз сөйледі. Депутат тұрақты комиссияның мүшелері қала әкімдігі жанындағы түрлі 15 комиссияның құрамына кіретінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар дайындалып, атқарушы органдарға жолданды, бұл газдандыру, жарнама саласындағы кейбір функцияларды аудан әкімдіктеріне беру бойынша кейбір мәселелерді шешуге ықпал етті, қараусыз қалған жануарларды аулау жоспары жасалды және т. б.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов кезекті сессияны қорытындылай келе, күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданғанын атап өтті.