Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының жобалары, оның ішінде МЖӘ шеңберіндегі жоба
16.11.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ жобаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаны (Сергек) іске асыру барысы» мәселесі бойынша мәслихат отырысы өтті.
Мәселе бойынша Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Мейрамбек Аширбеков баяндады, ол депутаттарды тұрғын үй алаптарын интернетке қосу, ұялы байланыс, бейнебақылау жүйелерін дамыту және қызмет көрсету, Сергек МЖӘ жобасы, жаңа жобаның құрылымы, әкімдіктің деректерді өңдеу бірыңғай орталығын құру, ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметі, пилоттық жоба: «IQala жылжымайтын мүлік иелерін ауыстыру» проактивті қызметті іске асыру, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жұмыс, елорданың цифрлық экожүйесін құру (жаңа цифрлық сервистерді құру), IT-қоғамдастықпен кездесулердің нәтижелері туралы хабардар етті.
Депутат Азамат Айтқожин әр тұрғын алабында камераларды 15 объектіде орналастыру жөнінде наразылығын білдірді. Депутаттың пікірінше, тұрғын алаптарда көбірек бейнекамера қажет, өйткені қала орталығында сауда орталықтарында да, әкімшілік ғимараттарда да камералар жеткілікті.
Депутат Алмат Жүнісов цифрландыру елорда әкімдігі іске асырып жатқан жобалардың драйвері болуға тиіс екенін атап өтті, белсендендіру қажет. Қазір қаланы цифрландыру камералармен, «Сергек» МЖӘ жобасымен көбірек байланыстырылады, бұл ретте қалада Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен Astana Innovations қатысуға болатын тауашалар және халықты айтарлықтай қамтыған жобалар бар. Сонымен қатар, танымалдығын кеңейту қажет ағымдағы жобалар бар. Бұл мәселеде әкімдіктің барлық басқармаларымен синхронды жұмыс, сондай-ақ әкімдіктің барлық басқармалары үшін цифрландыру бойынша тиісті KPI қажет. Сондай-ақ, депутат «Кирпичный» тұрғын алабында камералар орнату мәселесін көтерді, басқарманың ақпараты бойынша камералар алдағы айда, оның ішінде бірнеше тұрғын алаптарында орнатылады деп күтілуде.
Депутат Владислав Сергеев өз сөзінде «Astana Innovations» АҚ қолдау көрсетті, әрине, басқармаға және оның ведомстволық бағынысты ұйымына талаптар қойылып отыр, алайда жобаларды іске асыру үшін жеткілікті қаржыландыру қажет, ал ол бүгінгі күнде жоқ. Депутат аталған проблемаларды шешу бойынша бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды, өйткені кейіннен бюджет ақшасын үнемдеуге көмектесетін жобалар бар екеніне бәрі көз жеткізіп отыр. Сондықтан әр жобаны зерттеп, қайсысына ақша бөлу қажеттігін шешу қажет. Сергеев басқармадан жобаларды оңтайландыру бойынша ұсыныстармен анықтама дайындауды сұрады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бастапқыда күш-жігерді 11 емес, 4-5 жобаны іске асыруға бағыттау ұсынылғанын атап өтті. Барлығын қамтудың қажеті жоқ, және ең бастысы, мүмкіндік жоқ. Қазір жобаны 20-30% - ға қаржыландырсақ, егер қажетті нәтиже болмаса, онда ол жылдарға созылып кетеді. Сондай-ақ, Каналимов ПД өкіліне сұрақ қойды, өткен жылы әлеуметтік саланың барлық объектілері ЖБО-на қосылғаны айтылған, алайда бүгінгі күні 124 объектінің әлі қосылмағаны белгілі болып отыр.
Отырысты қорытындылай келе Ерлан Каналимов цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасына депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.