Инвестициялар, мемлекеттік сатып алу, цифрландыру мәселелері бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау
04.11.2022
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті жобасын талқылау бойынша бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысын аша отырып, Владислав Сергеев депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасымен жұмысты аяқтайтынын, комиссия отырыстарында айтылған барлық ескертулер жұмыс тәртібімен және бірлескен отырыста пысықталатынын атап өтті.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев мемлекеттік сатып алу, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, оның ішінде қала және 4 аудан әкімдері аппараттары бөлінісінде 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын ұсынды.
Депутат Алмат Жүнісов Асан қайғы көшесі бойынша шешілмеген мәселеге қатысты сұрақ қойды. Жүнісов бұл мәселені шешу үшін алдын-ала қаражат салуды өтінді.
Бірінші болып Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы сөз сөйлеп, 2023 жылға көше ішілік және саябақтық жарықтандыруды ағымдағы ұстауға, жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсетуге, ғимараттарды сәндік жарықтандыруды күтіп ұстауға, ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыруға қосымша қаражат бөлу талап етілетінін баяндады.
Депутаттар Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, ауданды абаттандыру бойынша бірқатар мәселені шешті. Алайда, тұрғын алаптарда, мәселен Интернациональныйда 8 км асфальт төселмеген, Железнодорожныйда 40 бейнекамера орнату, инженерлік желілерді пайдалануға беру және 2 қоғамдық кеңістік құру қажет.
Сергеев расталған қаражат сомасы туралы, бұл қаражаттың қанша аулаға жететіні және қандай көшелерге, скверлерге басымдық берілетіні жөнінде ақпарат сұрады. Депутат басымдықтарды ауданның өзі айқындауы тиіс екенін атап өтті, және қоршаған ортаны қорғау басқармасына абаттандыруға бөлінген қаражатты аудандарға қайта бөліп беру керек деген пікір білдірді. Сондай-ақ, контейнерлік алаңдар бойынша сұрақтар бар, алаңдарды аудандар дайындайды, ал контейнерлерді басқарма сатып алады, мәселелерді кешенді шешу үшін, бәрін бір қолға берген дұрыс болар. Сондай-ақ, спикер ОЭК басқармасына ұсынылуы қажет Абаттандыру ережелеріне қатысты сұрақ қойды, өткен отырыстарда жол төсемін заңсыз қазу туралы сөз қозғалды, бұл мәселені шешу қажет.
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жауылыбаев көшені жарықтандыру үшін бағаналарды ауыстыруға, аумақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, жерлеу орындарын күтіп ұстауға, көшелерді, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, көгалдандыруға қосымша қаржыландыру қажеттігі туралы хабарлады.
Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов ауданды абаттандыруға қарастырылған қаражаттың жеткіліксіздігін мәлімдеді. Мысалы, абаттандыру мен көгалдандыруға қосымша қаржыландыру қажет, осыған байланысты аулаларды абаттандырудың жаңа Ережелері әзірленеді, онда абаттандырудың кластерлік тәсілі қолданылатын болады, яғни кіреберістен аялдамаға дейін жайлы жағдай жасау, ол үшін тұрақ орындарын ретке келтіру, инклюзивтілікті ескере отырып, жаяу жүргіншілер жолдарын ұзарту, қауіпсіздікті арттыру қажет болады. Бұл жұмыс үшін урбанистер тартылатын болады. Кешенді жоспарлау аудан мәселелерін ғана шешіп қоймай, сонымен қатар ШОБ-ты қолдау мәселелеріне де көмектеседі.
Депутат Ерлан Дәкенов Әуезов көшесінде тұратын азаматтардың өтінішін жеткізді, ескі мұрағат ғимаратының жанында үлкен ескі құбырлар бар, оларды жер астына көшіру мүмкіндігі бар ма, өйткені көше өте тар және құбырлар жалпы көріністі бұзады, оған қоса, бұл маңайға Арбат жақын орналасқан, сонымен қатар Е. Рахмадиев атындағы қалалық филармонияның жанындағы жол төсеніштерін ауыстыру туралы өтініш бар.
Депутат Азамат Айтқожин Сарыарқа даңғылынан басталатын өзен учаскесіне қатысты мәселені көтерді, онда су жоқ, қамыс толып кеткен. Депутат осы мәселе бойынша жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Есіл ауданы әкімінің м.а. Дарменияр Қыдырбекұлы сайлау қарсаңында халық санын нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілгенін хабарлады. Бүгінгі таңда ауданда 396 мың тұрғын тұрады, халық саны бойынша аудан республика бойынша қалалар арасында 6-шы орында. Осыған байланысты көшелерді жарықтандыруға, санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге және елді мекендерді көгалдандыруға қосымша қаржыландыру қажет.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев әскерге шақыру пункті үшін ғимарат алуға, сондай-ақ коммуналдық меншікке (тәркіленген мүлікке) түскен мүлікті есепке алуға, сақтауға, сатуға немесе кәдеге жаратуға қосымша қаржыландыру қажет екенін атап өтті.
Депутат Бауыржан Жанқонақов спорттық және мәдени нысандардың («Барыс» МС, «Алау» МС, «Астана-Арена» СК) сенімгерлік басқарушысының шығындарын өтеу туралы сұрады. Неліктен сома азаймайды, депутаттар бизнес-жоспар ұсынуды сұрады.
Комиссия төрағасы бюджет үшін кейде ғимараттарды сатып алу ғимараттарды салуға қарағанда арзанға түсетінін айтты. Мысалы, осылайша Сарыарқа ауданының полиция бөлімінің, шақыру пунктінің ғимараты бойынша мәселелер шешілді. IKomek байланыс орталығы үшін ғимаратты жалға алу қанша тұрады, біз бюджеттен ғимаратты сатып алуға ақша жұмсалғаны туралы айтып отырмыз, енді мемлекеттік органдар үшін үй-жайларды жалға алу қымбатқа түседі.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров депутаттардың «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын өткізуге жұмсалатын жыл сайынғы шығыстар бабына қатысты сұрақтарына жауап берді, неге жылда бір іс-шара, басқа іс-шаралар неге өткізілмейді.
Сергеев жалпы аймақтық өнімдегі ШОБ-тің үлесі 59% -ды құрайтынын, бұл жаман нәтиже емес екенін атап өтті. Алайда депутат кәсіпкерліктің жекелеген бағыттарын қолдауға үлкен соманың бөлінуіне қарсы. Мысалы, өткен отырыста туристік қызмет қатты сынға ұшырады және дәл осы салаға аса көп қаражат бөлінеді. Мүмкін елордадағы ШОБ үлесінің 60% - ға жету үшін, бұл қаражатты шағын және орта бизнеске кредиттерге кепілдік беруге бағыттаған дұрыс болар. Комиссия төрағасы такси бойынша МЖӘ жобасы туралы ақпарат беруді сұрады, жобаның мерзімі ұзартыла ма. Егер жоба жалғасатын болса, қызмет стандарттардың талаптарына сәйкес келгенше орындау сапасын талап ету қажет.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы бөлімінің басшысы Дінмұхамбет Хасенов депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Депутат Алмат Жүнісов Кирпичный, Железнодорожный тұрғын алаптарында бейнекамераларды орналастыруға қатысты сұрақ қойды. Сергек МЖӘ жобасының мерзімі аяқталуда, жоспарда қаржыландыру сомасы бар, бұл ақша қаражатын қайда жұмсау жоспарлануда. Демек, екінші кезеңді басқарма өзі жүзеге асыратын болып отыр ғой. Депутат жобаның 2-ші кезеңінің тұсаукесері барысында бейнекамераларды орналастыру жөнінде ұсыныстармен ІІД ақпаратын міндетті түрде ескеруді сұрады, өйткені орналастыру бейберекет емес, жоспармен болуы керек. Сонымен қатар, депутат цифрландыру басқармасы бойынша МЖӘ жобаларын қорытындылау мәселелері бойынша, жаңа жобалар бойынша 2022 жылғыдай жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Отырыс төрағасы депутаттар азаматтардың тілектері ескерілгеніне көз жеткізу үшін, әр тұрғын алаптағы 15 нүкте бойынша бейнекамераларды орналастыру тізімін ұсынуды сұрады. Сергеев экономика басқармасының басшысына бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, басқармалардың жұмысындағы басымдық тұрғын үй алаптарын абаттандыру, жолдар, инженерлік желілер, мектептер мен мектептерге қосымша құрылыстар салу болуы тиіс екенін атап өтті. Тиісінше осы шығыстар баптарын қаржыландыруды ұлғайту қажет.