Мәслихатта құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, көлік, экология, тұрғын үй мәселелері бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды
03.11.2022
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтың төрағалығымен Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті жобасын талқылау бойынша құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев ағымдағы жағдайды және 2027 жылға дейінгі болжамды индикаторларды ескере отырып қалыптастырылған 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджет параметрлері туралы баяндады.
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Узақов депутаттарды 2023 жылға қолдау тапқан айрықша ірі жобалар туралы хабардар етті. Ол 012 «Жылу энергетикалық жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген соманы жиынтықты трансформаторлық қосалқы станциясын (ЖТҚС) қайта жаңартуға, зират құрылысына қайта аудару бойынша қолдау сұрады.
Депутаттар бюджеттік өтінімге басқарманың елорда тұрғын үй алаптарын дамытуға бағытталған барлық жобаларының енгізілуіне қатысты сұрақ қойды. Инфрақұрылымдық даму жоспарында РБ-тен қаражат бөлу көзделіп отыр, бірақ қаржыландыру кейінге қалдырылуы мүмкін деген алаңдаушылық бар, сондықтан депутаттар барлық жобаларды ескеруді, минималды сомаға болса да, тізімге енгізуді сұрады, сондай-ақ инженерлік желілердің, мектептердің, тұрғын үй алаптарындағы ДСК-нің құрылысы бойынша сұрақтар қойылды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов әріптестерінің жоспарға минималды сомамен болса да, барлық жобалар енгізілуі тиіс деген пікірін қолдады, өйткені келесі жолы бұл жобаларды қайта қосу әлдеқайда қиын екенін бәрі біледі. Бюджетті нақтылау кезінде жетіспейтін сома бойынша өтінім беруге болады. Осыған байланысты келесі жылы конкурстық рәсімдерге кірісу үшін жобаларды барынша енгізу қажет, оның үстіне барлық жобалар әлі де түзетілетін болады. Депутаттар салынып жатқан нысандарды - газ қазандықтарын, сорғы-сүзгі станциясын және басқа да нысандарды аралаған, КОС-2 бойынша жұмыстарды аяқтауға қаражат бар ма. Каналимов осы мәселе бойынша ағымдағы жағдай туралы анықтама дайындауды сұрады. Депутаттың пікірінше, Сәтбаев каналынан резервтік су құбырын салу мәселесін шұғыл шешу қажет. Ильинка тұрғындарымен кездесу барысында қазан айының соңына дейін барлық сорғыларды, трансформаторларды теңгерімге алуға уәде берілген еді, бірақ бүгінгі күні теңгерімге ешқандай объект қабылданбаған. Бұл жұмыс 2014 жылы басталған. Тұрғын үй алаптары бөлігінде электр қуатымен проблемалар бар, кернеу әлсіз, тұрғындар соның салдарынан тұрмыстық техниканың істен шығып жатқанына шағымданады, бұл мәселе бойынша да анықтама дайындау қажет. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленіп, екі ай бойы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сол сияқты қалған 15 тұрғын алабына қатысты жоспар дайындалды. Бұл құжат мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Каналимов лимитке не кіретінін, ненің кірмейтінін түсіну үшін, басқарма басшыларынан сейсенбіге дейін жоспарды зерттеуді сұрады. Тұрғындар мәселені көтереді, бірақ егер сомалар лимиттерге енгізілмесе, басқарма оларды шеше алмайды. Бірнеше жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе - бұл 10 мыңға жуық коммуналдық қызмет қызметкерлеріне арналған тұрғын үй мәселесі, олар бірде-бір бағдарламаға кірмейді, осы мәселені шешу бойынша ұсыныс енгізілуі керек, тұрғын үй сертификаттары есебінен шешу мүмкіндігін қарастыруға болады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев ӨСБ, ТҚС, ЖТҚС және т.б. беру мәселесі шұғыл шешуді талап ететінін атап өтті. Барлығы 141 нысан, оның 11-і іс жүзінде дайын, әкімдік тағы бір құжат сұратты, қарашаның ортасына қарай бәрі дайын болады. Қалған 130 нысан 21 қарашадан 2 желтоқсанға дейінгі мерзімде аударылады, шарттарға қол қойылады, басқармаға жұмысты жеделдету қажет.
Котырев жақында қала әкімі жұртшылыққа есеп беріп, перспективалық жоспарлар, елорда тұрғындары санының орасан зор қарқынмен өсуі, жаңа тұрғын үй құрылыстары туралы айтқанын еске салды, алайда жылу, инженерлік желілер, электр желісі бұл қарқынға ілесе алмай келеді, бұл белгілі бір тәуекелдерді тудырады. Басқарма тәсілдерді өзгертіп, алдын алу шараларымен айналысуы керек. ЖЭО-3 құрылысы кешіктіріліп жатыр, орамдық шағын қазандықтар, тіпті пәтер қазандықтарын салу туралы ойлану қажет.
Отырыс төрағасы атмосфераның жай-күйі туралы анықтама дайындауды сұрады, қала тұрғындарының бір бөлігін газға қосқаннан кейін жақсару бар ма.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмас Жаңбыршы техникалық қолдау көрсету, лицензиялық бағдарламаларды жаңарту, сүйемелдеу, құжаттарды сақтау, пайдаланылатын алаңдарды үнемдеуге мүмкіндік беретін архивтік сөрелерді ұлғайту және т. б. бойынша бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде қосымша қажеттілік туралы баяндады.
Котырев Экологиялық кеңестің отырыстарында елорданың су айдындарын кешенді зерттеу мәселелері көтерілгенін атап өтті. Бүгінгі таңда ауыз су бойынша үлкен қауіп бар. Қала аумағы кең көлемде зерттелмей, үлкен жобалар жүргізіліп жатыр, ал жер асты суларының деңгейі төмендеген. Миллиардтаған шығындарды босқа жұмсамау үшін, бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының м.а. Бекен Саржан депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Депутат Асқар Смағұлов құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлерге қатысты сұрақ қойды, олар көптен бері өндірілмейді, олар қайдан алынады.
Котырев қалдықтарды сегрегациялау - бұл өте пайдалы әлемдік тәжірибе екенін атап өтті. Шетелде тіпті киім жинауға арналған контейнерлер бар. Алайда, басқарма жоғарыдан берілген тапсырмаларды орындаумен ғана айналысады.
Құрылыс басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев 004 «Ішкі істер органдары объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша, 012 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бағдарламасы бойынша, 013 «Қаланы абаттандыруды дамыту» бағдарламасы бойынша қосымша қаржыландыру талап етілетінін баяндады.
Депутат Алмат Жүнісов жаңа нысандарды салу жоспарына қатысты сөз қозғап, 33 білім беру, 7 денсаулық сақтау нысандары енгізілгенін, теңгерімсіздік байқалатынын атап өтті. Келесі сұрақ «Аманат» партиясының Жол картасы бойынша экономика басқармасының басшысына қойылды, барлығы ескерілді ме, мысалы, медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы енгізілді ме. Кирпичный тұрғын алабының тұрғындарын үнемі алаңдататын №12 мектеп құрылысы бойынша сұрақ бар.
Депутат Сергеев мектептерге қосымша құрылыстар салуға бөлінген сома бойынша мәселені көтерді, тым болмаса, мердігерлер анықталған мектептер бойынша соманы ұлғайту қажет.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының м.а. Олжас Шабданов сөз сөйледі.
Депутат Гүлжамал Жапарова Технопарк ауданындағы пайдалануға жарамсыз Орлыкөл көшесіндегі жолға қатысты ШОБ өкілдерінің өтінішіне байланысты сұрақ қойды.
Депутат Жүнісов басқармалардың өзара іс-қимылда жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті, өйткені жолдардың жай-күйі нөсер кәрізі желісіне байланысты, яғни ОЭК басқармасы осы учаскені жоспарға енгізуі тиіс.
Депутат Сергеевтің пікірінше, 16 тұрғын үй алабындағы жолдарға 1 млрд. теңге, бұл өте аз сома. Екінші мәселе автобус тапшылығына қатысты, тұрғындардың жартысы қоғамдық көлікті пайдаланады, 450 автобус жеткіліксіз. Депутаттар өндіруші зауыттың кепілдік хатпен 150-200 автобусқа база, алаң ұсыну туралы ұсынысын қолдауға дайын, басқарма бұл істе үйлестіруші болуы тиіс. Жолаушылар көлігін субсидиялау бойынша 7 млрд. теңге сома жеткіліксіз.
Депутаттар Железнодорожный, Мичурино тұрғын алаптарындағы жолдарды жөндеуге, кестеге Күйгенжар тұрғын алабына қосымша автобус енгізуге, Орлыкөл көшесі бойынша біржақты қозғалысты ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды, осыған байланысты Бұқар жырау көшесінде жол салу жұмыстары тоқтатылған.
Котырев барлық ұсыныстарды ескере отырып, үш жылға арналған жол-көлік дамуының кешенді бағдарламасын ұсынуды сұрады.
Сондай-ақ, талқылау барысында қоғамдық дәретханалар салу, нысандарды қайта жаңарту, бұзу және т. б. мәселелер қозғалды.