Өткен жылғы бюджетті қалай игердік?
17.05.2018
Қалалық мәслихат депутаттары Гайдар Қасеновтің төрағалығымен өткен екі тұрақты комиссия отырысы кезінде өткен жылғы бюджетті игеру нәтижесімен танысты. Нәтижемен олар түптеп келгенде риза болды, бірақ басқармалар мен мемлекеттік сыңайлы сектордың дебиторлық берешек сомасы үлкен назар аудартты.
Жиынтық көрсеткіші туралы айтатын болсақ, онда қала бюджетіне 492 млрд. 246,2 млн. теңге түсті. Кіріс бойынша жоспар 4 млрд. 613 млн. теңгеге асыра орындалған. Сонымен бірге, Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы Алиби Жумаев атап айтқандай, табыс бөлігін асыра орындау негізінде салық түсімі есебінен қамтамасыз етілген. Меншікті табыстың жалпы мөлшері 1,9 пайызға асыра орындаумен (соның ішінде салық түсімі бойынша – 226 млрд. 697 млн. теңге, салыққа жатпайтын түсім бойынша – 7 млрд. 273 млн. теңге) 244 млрд. 232 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсім бойынша табыс 9 млрд. 997 млн. теңгені құрады, қосымша тағы 806 млн. теңге түсті. Жоспарға 144,6 млн. теңге немесе 100% бюджет пайызын өтеу бойынша қаржылық активтерден түскен сома 118 млн. теңгені құрады.
– 2018 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша қала бюджеті шығын бойынша 99,8% орындаған, 496 110,3 млн. теңгеге жоспар кезінде, орындалу – 494 972,8 млн. теңгені құрады немесе 1 137,6 млн. теңге игерілмеген, - деп нақтылады Алиби Жумаев.
Бюджетті орындауға қатысты дамушы оң динамиканы Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш та атап өтті. Сонымен бірге, ол жылдың басында 118,2 млрд. теңгені құраған жергілікті атқарушы органның қарызы соңғы жылы өсіп кетті деді.
– Бұл сома МДС аясында қабылданған міндеттемелер бойынша қарыздан тұрады. Ағымдағы жылы заңнамамен белгіленген лимит шамасынан аспайтын қарыз мөлшерін 134,6 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен бірге алдағы 2019 жылы қабылданған борыштық міндеттемелердің барлық түрі бойынша ең ірі төлем мөлшері күтілуде. Жергілікті бюджеттен 30 пайызы республикалық бюджетке табысталатынын ескере отырып, көрсетілген төлемдер жергілікті бюджет үшін маңызды өсу болады және қала мақсаты үшін шығын мөлшерінде байқалады, - деп нақтылады тексеру комиссиясының төрағасы
Алайда, Тексеру комиссиясының аудиторлық тексеру нәтижесі бюджеттік қаражат пен мемлекет активтерін тиімді пайдалану барлық жағдайда қамтамасыз етілмейтінін көрсетеді. Осылай, баяндамашының сөзі бойынша екінші жыл қатарынан бюджет бағдарламасының әкімшісімен дебиторлық берешек мөлшерінің артуы белгіленуде. Бұл қарыздардың себебі бірқалыпты болып қалады – жұмысқа аванс беру, мердігер ұйымдармен шарттық міндеттеменің орындалмауы, соттың талқылауы және басқа.
Аудит кезінде мемлекеттік сыңайлы сектор кәсіпорындарына көп сұрақтар пайда болды.
– Олардың қызметінің тиімділігі жақсылық тілеуді құрайды. Соңғы үш жылда жергілікті бюджет қаражатынан 126 млрд. теңге бөлінген, ал таза табысқа қатысты дивиденд түрінде бюджетке түскен түсім осы кезең ішінде 387 млн. теңгені құрады, - деді Ғалымжан Молдаш. Бөлінген қаражатты алдын- ала пайдалану, немесе бюджетке қайтару мүмкін еместігі көп жылдық проблема болып белгіленеді. Олардың көбі 5 жылдан аса есептеледі. Іс жүзінде бұл қаражат қала экономикасына жұмыс істемейді және «өлі жүк» болып есептеледі, - деді ол.
Уәкілетті органдарға ұсыным ретінде стратегиялық нысан қызметі үшін бақылауды күшейтуге және олардың алдына жалпы қалалық мақсат пен міндет қоюға кеңес берді.
Өз кезегінде, депутаттарды, сонымен қатар «Астана ӘКК» ҰК» АҚ, «Астана-Көғалдандыру құрылысы» АҚ, «Астана Innovations» АҚ, «Астана LRT» сияқты кейбір кәсіпорындардың қайтарылмайтын берешек сомасы ашуландырды. Сонымен бірге мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов соңғы анықтау кезінде кейбір кәсіпорындар қайтадан қаражат сұрағанын еске салды. Берешек сомасы азғантай болғанына қарамастан, оның ойынша, осы ақшаға бірнеше аулалар немесе балабақшаларды жөндеуге болатын еді. Тұрақты комиссия мүшелері алдағы уақытта қала алдында өз борыштарын өтемеген акционерлік қоғамдардың жобасына бюджеттік қаражатты бөлуді мақұлдамауды шешті.
Тұрақты комиссия отырысына мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қала басқармасының басшысылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.