Экономика, қаржы, инвестициялар саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау
28.07.2022
Қалалық мәслихатта Владислав Сергеевтің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ, сондай-ақ қаланың төрт ауданы әкімі аппараттарының бюджеттік өтінімдері қаралды.
Алматы ауданы әкімінің м.а. Мұхамедияр Қожекенов сөз сөйлеп, көшелерді жарықтандыруға (142 нысан), аулалар жарығын қалпына келтіруге, аумақтың санитарлық жай-күйін қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыруға, туысы жоқ адамдарды жерлеу орындарын күтіп-ұстауға қосымша қажеттілік бар екенін баяндады. Ауданда барлығы 9 зират бар.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев қалалар жарықдиодты шамдарға ауысатынын айтты. Цифрландыру басқармасының есебін тыңдау барысында бейнекамераларды пайдалануға қатысты сұрақтар туындады. Осыған байланысты барлық әкімдіктерге кеңес - осы сәтті ойластыру керек, бейнекамералар кернеу көлемінің сәйкес келмеуіне байланысты сапалы жұмыс істей алмайды. Зеленстрой, ӘКК, қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесіп, аудандық әкімдіктерге суару жүйесіне көшуді талқылайтын кез келді. Автокөліктерді, тасымалдауларды пайдалануға үлкен шығындар жұмсалады, және бұл мүлдем тиімсіз тәсіл.
Депутат Батыр Котырев ұңғыма бұрғылауды немесе қазір кәрізге кетіп жатқан жаңбыр суын пайдалануды ұсынды. Бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялар бар. Осыған байланысты ол әкімдердің рейтингіне KPI енгізуді ұсынды. Ресурстар шексіз емес, жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді, бұл батпақтарды құрғату процесіне байланысты. Қолда барды сақтап, қалпына келтірілетін көздерді пайдалану керек.
Сергеев бұл мәселені хаттамада бекітуді және қыркүйекте ӘКК, Зеленстрой және аудандық әкімдіктерді тыңдауды, мәселені шешу бойынша қадамдық жоспар құруды ұсынды.
Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев көшелерді жарықтандыруға, Алаш тас жолы бойындағы кабель желілерін ауыстыруға, тазалау жұмыстарына, санитарлық тазалауға, модульдік вакуумды дәретханаларға, жасыл желектерді күтуге, қысқы безендіруге, Түркия президентінің келуіне орай саябақта Ататүрік ескерткішінің ашылуына қосымша қажеттілік туралы хабардар етті.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов іске асыру алгоритмін аяғына дейін ойластыру керектігін, стандарттарға сәйкес қалалық дәретханаларға қажеттілік бойынша ақпарат қажет екенін айтты. Қалалық қызметтердің озық нәтижеге емес, салдармен күресуге жұмыс істейтінін мойындау керек.
Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев өз сөзін аудан халқы санының геометриялық прогрессиямен артып, тиісінше пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй кешендері, көшелер, әлеуметтік нысандар саны өсіп келе жатқандығы туралы ақпараттан бастады. Осыған байланысты көшелерді жарықтандыру, кабельдерді ауыстыру, аумақты санитарлық тазарту, құрылыс қалдықтарының рұқсат етілмеген үйінділерін жою, абаттандыру және көгалдандыру, аялдама павильондарын күтіп ұстау бойынша қосымша қажеттілік бар.
Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов кварталішілік тазалау, ауданды безендіру, жасыл желектерді ағымдағы күтіп ұстау, бұрғылауды қолдана отырып ЛПС суару жүйелерін орнату, жаңа қоғамдық кеңістіктерді жайластыру шараларына қосымша қажеттілік бар екенін баяндады.
Сергеев жинап-тазалауды, техниканың қозғалысын есепке алу жүйесін ІТ пысықтау мәселелері бойынша ӘКК-мен кездесу өткенін, осы шаралардың нәтижесінде кейіннен әрбір әкім қанша техника шыққанын, оның қай жерде тұрғанын, қанша ЖЖМ пайдаланылатынын бақылай алатынын айтты, қазір мұндай бақылау жоқ.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов бүгінде барлық аудандарда бар жерлеу орындары туралы мәселені көтерді. Ескі зираттар бойынша, қай жерде қоршауды жөндеу керек, қай жерлерін бояу керек, т.б. мәселелерді білу үшін бір апта ішінде ағымдағы жағдай туралы ақпарат беруді сұрады. Бұл жұмыстар көп уақытты қажет етпейді және қымбат емес, сонымен қатар ол вандализм әрекеттерінің алдын алуға көмектеседі.
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Аягөз Амрина бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру үшін сұралып отырған қосымша қажеттілікті атап өтті, олар: коммуналдық меншікке мүлік сатып алу (100 пәтер), №3 емхана үшін ғимарат сатып алу, сенімгерлік басқарудағы спорттық нысандарды, сондай-ақ Тәуелсіздік Сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайын күтіп ұстау.
Сергеев ірі спорт объектілерінде ыстық сумен қамтамасыз ету проблемасы болғанын, бұл мәселені өтініш беру кезінде ескеру қажет екенін атап өтті. Екінші мәселе спорт объектілерінде баруларды есепке алу жүйесіне қатысты, есепке алуды ұйымдастырудың үлгілері бар, серіктестерге сұрақтар туындамауы үшін оны енгізу қажет. Бұны да басқарма өз өтінімінде қарастыруы керек.
Мәслихат хатшысы Астана Арена ғимараты шатырының ағымдағы жағдайына қатысты сұрақ қойды. Осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат беруді сұрады.
Депутат Жанқонақов бұл мәселеге немқұрайлық танытылуына өз наразылығын білдіріп, «Қазақстан» спорт сарайы сияқты жағдай қайталануы мүмкін екенін ескертті.
Сергеев басқарушы компаниямен кездесу болғанын, нәтижесінде олар бұл мәселені бірлесіп шешуге дайын екенін айтты.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев туризмді дамыту аясында қысқы фестивальді, Туризм күніне көше тамағының фестивалін өткізуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шараларға (қант пен картоп сатып алуға) қосымша қажеттіліктің бар екендігі туралы баяндады.
Сергеев туристік бөлім мәселесін көтерді, болашақ туризмді дамыту керек. Депутаттар ипподромды көріп қайтты, жаңа кластер құру бойынша ұсыныс туындады. Неліктен атпен жүруге арналған жол табиғатты пайдалану басқармасының қарамағында деген сұрақ туындайды, ол өте нашар жағдайда, дәретхана жұмыс істемейді. Этноауыл да сонда орналасқан. Бүгінгі таңда такси мәселесі өткір тұр, таксидің шетелдік азаматты әуежайдан 45 мың теңгеге жеткізгені туралы Алматыдағы оқиға баршаға мәлім. Бұл мәселе басқарма тарапынан жіті назар аударуды талап етеді, сіздердің ұсыныстарыңыз қажет, сондай-ақ көше саудасы мәселесін жүйелендірген жөн, өйткені қазір аудандық әкімдіктер де, ӘКК де осымен айналысуда. Депутаттар қалалық саябақты аралаған кезде субұрқақтан әрі ретсіз көше саудасы болмайды деп айтылған, алайда іс жүзінде тәртіпсіздік әлі жойылмаған. Депутаттарға паркті дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, осы тұжырымдаманың бұлжытпай орындалуына қол жеткізу керек. Қыркүйек айына туризм тақырыбы бойынша көпшілік тыңдаулар жоспарланған. Сергеев басқармаға бұл мәселені бақылауға алуды ұсынды, сауда мәселелерін бір қолға шоғырландыру қажет.
Мәслихат хатшысы ұсыныстар орындалуы үшін сауда ұйымдарымен өзара іс-қимыл алгоритмі қажет екенін айтты. Супермаркеттерге қатысты сын айтылғаннан кейін, олардың үшеуі әкімдік тұрақтандыру қорынан ХӘОТ санатындағы азаматтарға көмек ретінде сатылатын тауарлар туралы ақпарат бар тақтайшалар орналастырды. Айта кету керек, аталған тауарлар сатып алушылардың барлығына сатыла береді, әлеуметтік тарату мәселесі ойластырылмаған, осы өнімдерді тек тиісті санаттағы азаматтар алу үшін оларға арнап карта енгізу қажет шығар. Бұл жоба соңына дейін ойластырылмаған.
Сергеев басқарманың қалаға кіріс қамтамасыз ету бойынша үлкен әлеуеті бар екенін, шағын және орта бизнеске қала шеңберінде даму тетігі қажет екенін, жобалар өзін-өзі ақтауы тиіс екенін атап өтті. Қыркүйек айында көпшілік тыңдаулар өтеді, басқармаға дайындалу керек.
Цифрландыру басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуге, интеграциялық ШИНАны дамытуға, отбасының цифрлық картасын интеграциялауға, жалпы бейнебақылауды дамытуға, цифрландыруға және порталға шығаруға қосымша қажеттілік туралы баяндады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов депутаттар басқарманың үш есебін тыңдағанын, уәде етілгеннің ешқайсысы орындалмағанын атап өтті. Халыққа цифрландырудың жемісін көру керек, алайда көптеген жобалар аяқталмаған. Бір жыл бұрын геопортал құрылды, бірақ мемлекеттік органның барлығы геопорталға қосыла алмайды. Сергек жобасы дамытылмаған, көптеген қолданыстағы жобалар дұрыс жұмыс істемейді. Ең жақсы жұмыс істейтіні - Каспий қосымшасы. Тұрақ кеңістігі жаңа қосымша жасамақшы. Тұрғын үй алаптары бейнебақылауға қосылмаған, интернеттің сапасы жақсарған жоқ, дегенмен бюджет қаражаты бөлінуде, бірақ одан ешқандай әсер байқалмайды. Оқушылардың тамақтануы бойынша карта, Астана плата, лифт, шлагбаум барлығы жеке-жеке, әмбебап кілттер қашан болады. Мысалы, Венада барлық көлік түрлері үшін бір ғана карта арналған. Егер басқарма басшысы мәслихаттың хаттамаларын қарап шығатын болса, оларда іс жүзінде басқарма қызметін жақсарту үшін жылдық жоспар көрсетілген.
Сергеев басқарма цифрландыру бойынша барлық мәселелерді, оның ішінде жасыл желектерді, жол жүру ақысын төлеуді және басқаларды цифрландыру мәселелерін үйлестіруді өз мойнына алуы керек екенін атап өтті. Депутаттар басқарманың барлық ұсыныстарын қолдауға дайын, бірақ бастама қажет.
Барлық бюджеттік өтінімдер талқыланды, жұмыс қорытындысы бойынша қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасарының қатысуымен жеке отырыс өткізу қажет.