Сәулет, құрылыс, көлік, тұрғын үй саласындағы бюджеттік өтінімдерді қарау
14.04.2022
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде елорданың 2022 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдерді қарау.
Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев депутаттарға 18 млрд. теңгеден астам қосымша қажеттілік туралы хабарлады, егер бүкіл сома тұтастай мақұлданбаған жағдайда, оны басқарма басымдықтарды ескере отырып, кейінгі нақтылауларға бірнеше бөлікке бөліп енгізуге дайын. Коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 560 млн. теңге, су бұруға - 142 млн. теңгеден астам, инфрақұрылымдық желіні дамытуға - 1 млрд. 164 млн. теңге, нөсер кәрізін дамытуға - 37 млн. теңге, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға - 9 млрд. 63 млн. теңге, қаланы абаттандыруға - 1 млрд. 3 млн. теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға - 549 млн. теңге, шет аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға - 713 млн. теңге, шет аймақтардың әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын дамытуға - 230 млн. теңге.
Депутат Владислав Сергеев комиссияның үшінші отырысы өтіп жатқанын, басқармалардың өтінімдері өте үлкен екенін атап өтті. Әлеуметтік салаға қомақты сома қажет, ал ОЭКБ-ның қажеттілігі одан да көп. Осыған байланысты, сомалар бойынша қандай шектеулер бар. Лимиттер қандай. Депутат экономика басқармасы депутаттарға беруі тиіс тұспалға қатысты наразылық білдірді. Депутаттар қандай соманы қолдай алады?
Депутат Алмат Жүнісовтың пікірінше, ОЭКБ-ның барлық ұсыныстарын толық көлемде қолдау қажет.
Депутаттар Орлыкөл көшесінен Дүкенұлы көшесіне дейін су құбырына қатысты мәселені көтерді, басқарма ағымдағы жылдың сәуір айында сумен жабдықтаудың қымбаттауы бойынша жұмысты бастауға уәде берген.
Қала әкімінің орынбасары Есет Байкен тариф мәселесі бойынша сөз сөйлеп, Отын-энергетикалық кешені басқармасына Су арнасымен бірлесіп, халықпен кездесу өткізуді, барлық шағымдарды егжей-тегжейлі зерделеп, тарифтерді салыстырып, халыққа нақты түсінік беруді тапсырды.
Мәслихат хатшысы депутаттар елорданың энергожүйесі мәселесін қарастырғанын, онда елорданы ЖЭО-2-ден Қарағанды трассасына дейін сақиналау жобасы туралы сөз болғанын атап өтті. Бұл жоба іске асырылған жағдайда қала делдалға қосымша қаражат төлемейді, нәтижесінде 2 млрд. теңге мөлшерінде қаражат үнемделер еді. Бұл жоба соңына дейін жеткізілмеді. Елордаға автономды жүйе қажет. Екінші мәселе негізінен өте тозған инженерлік желілер туралы. Мәселе бойынша салмақты шешім қабылдау қажет. Сонымен қатар Е.Каналимов жақында Экология министрлігінің мақаласы шыққанын, онда ЖЭО-2 республиканың экологияға айтарлықтай зиян келтіретін он кәсіпорнының қатарына кіретінін айтты. Бұл мәселе бойынша жеке отырыс өткізу қажет.
Барлық салаларда кадр мәселесі маңызды, осыған байланысты 70-80 мамандық дайындайтын ТжКБ гранттарын бөлу тәсілдерін өзгерту қажет, өйткені қазіргі уақытта ол мамандықтардың жартысына сұраныс жоқ, ал қажетті мамандықтарға гранттар бөлінбейді. Мысалы, ЖЭО-3 өз бригадасы жоқ, мамандарды шетелден жалдайды. Өз мамандарымызды оқытуымыз керек. Энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау саласы бойынша қандай мамандар қажет? Мақсатты гранттар бөлу үшін басқарманың ұсыныстары керек.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев желілерді қабылдау бойынша мұқият зерделеп, баға беруді сұрады. 110 нысан жыл соңына дейін дайын болады. Басқарма олар басқармаға қажет пе, соны анықтауы қажет. Олар ескірді. Бүгінгі таңда тиімділігі жоғары жүйелер, электр сүзгілері бар, неге қала әлі күнге дейін түтіннен зардап шегіп отыр.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев қажеттілік 1 млрд. теңгеден асатынын, оның ішінде 002, 015, 005, 015 бағдарламалары бойынша қажеттілік бар екенін хабарлады.
Депутат Владислав Сергеев шаңғышылар мен ескекшілерге арналған база құрылысына қатысты сөз сөйледі. Депутаттар бұл мәселені алдыңғы отырыстарда бірнеше рет көтерген. Қазір спорт басқармасы құрылыс мәселесін пысықтауда және есептеулермен айналысуда (150-200 млн. теңге). Шаңғышылардың базасы жертөледе орналасқан, ал ескекшілер өзен суының тартылуына байланысты арнада жаттыға алмайды. Депутат сәулет басқармасынан 30-40 сотық жер учаскесіне ұсыныс жасауды сұрады.
Депутат Гүлжамал Жапарова оған Бөгенбай батыр 43/1, 43/2 үйінің тұрғындары жүгінгенін айтты, ол үйлердің жанында орналасқан колледж жатақханасы бұзылады, басында оның орнына саябақ тұрғызылады делінген, ал қазір жатақхана салынатыны айтылған.
Есет Байкен ол сұраққа түсініктеме берді, басында жатақханада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған, бірақ комиссия ғимарат апатты деп шешті, сондықтан оның орнына 8 қабатты политехникалық колледж жатақханасының ғимаратын салу жоспарлануда.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Әлия Қожабаева құрамында сынабы бар контейнерлерді сатып алуға, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің мониторингі бойынша қызметтерді алуға, фандоматтарды сатып алуға, өрт-техникалық станциясын салуға, велосипед көлігі инфрақұрылымының құрылыс-монтаждық жұмыстарын жалғастыруға, бірқатар парктер мен саябақтар салуға, ЖЭО полигонының 3-бөлігіне 5,9 млрд. теңге қосымша қажеттілік бар екенін мәлімдеді.
Мәслихат хатшысы талдау ұсынуды сұрады, бірқатар елдер пластикалық контейнерлерді пайдалануға заңды түрде тыйым салған. Веложолдар бойынша Е. Каналимов депутаттар бұл мәселені талқылағанын айтты, бұл қыс жоқ жерде тиімді. 4 ай бойы қыс болатын елорда жағдайында бұл өте шығынды. Е. Каналимовтың пікірінше, СTS велобайкпен емес, жолдармен, қоғамдық көліктермен айналысуы керек. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жасағаны әбден тозған, өйткені оның ресурстық әлеуеті 6 жыл. Бұл жобаны жеке қолға беру керек.
Депутат Батыр Котырев кәдеге жарату мәселесі бойынша өз пікірін білдірді, пластик жүздеген жылдар бойы ыдырайды, пластикті кәдеге жарату қажет. Велобайктерге қатысты, ол бірқатар елдерде жаяу жүргіншілер жолымен қатар орналасқан 5-6 км веложолдар бар екенін айтты және СTS алаңында жиналып, осы мәселені шешуді ұсынды.
Депутат Саламат Ахметов велобайктер мәселесі бойынша әріптесін қолдады. Оның пікірінше, қазір бұл жұмысты тоқтатпай, аяғына дейін жеткізу керек.
Көлік басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев басқарма бюджеті 49 млрд. теңгені құрайтынын, 25 млрд. теңге сомасындағы қосымша қажеттілік РБ-тен бөлінетінін, оның 5 млрд. теңгесі тұрғын үй алаптарын жайластыруға жұмсалатынын мәлімдеді. Жергілікті бюджеттен қосымша 32 млрд. қажет, ол орташа жөндеуге, жолаушылар тасымалын субсидиялауға, жол қозғалысын реттеуді құруға және қайта жаңғыртуға (зияткерлік көлік жүйесі), 57 бағдаршам объектілерінің құрылысын бастауға, белгілерді жасауға, 100 электр автобусын сатып алу бойынша кредитті өтеуге жұмсалады.
Мәслихат хатшысы депутаттар барлық автопарктермен кездесіп, мәселені талқылағанын, не СTS, не автопарктер автобус бақылаушыларын қайтаратынын, өйткені билетсіз жүретіндердің саны өсіп, жол жүру ақысы бюджеттің мойнына түсетінін айтты. Каналимов бұл мәселені шешуді автопарктердің өздеріне қалдыруды ұсынды. Егер автопарктер жол жүру ақысының төленуін бақылауды қамтамасыз етсе, қала автобустарды сатып алу мәселесін шеше алар еді.
Депутат Сергеев жұмыс тобын құру туралы хаттамалық тапсырма болғанын, депутаттар автопарктерге барғанын еске салды, оның барысында жүйенің өзі жетілдірілмегені анықталды, бақылаушылардың өздері төлемнің жасалған-жасалмағанын көре алмайды.
Депутат Бауыржан Жанқонақов әлеуметтік маңызы бар бағдарларға субсидиялау мөлшерлемелерін арттыру жоспары туралы сұрады. Алдыңғы отырыста депутаттар бағдарлардың схемасын өзгертуді және №1 автопарктің кейбір автобустары мен бағдарларын басқа автопарктерге беруді ұсынған.
Депутат Батыр Котырев қаланың қажеттілігіне 57 бағдаршам жеткілікті ме деп сұрады. Жаңа жолдарды салу кезінде нысандарды автоматтандыруға қаржы бөлу қажет.
Мәслихат хатшысы минималды тариф мәселесін қозғады, соманы қайта қарау керек. Жеке автопарктер жолдардың нашар болуына байланысты қала маңындағы бағдарларға барғысы келмейді. Тек №1 автопарк қана қала маңындағы барлық бағдарларға қызмет көрсетеді.
Құрылыс басқармасының басшысы Әрсен Жаңғасқанов сөз сөйледі. Ол қосымша қажеттілік 20 млрд. теңгені құрайтынын, оның ішінде мобильді дайындық объектілерін дамытуға, білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға, 20 мектепті жобалауға, денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңартуға және салуға, коммуналдық тұрғын үйді («Багыстан» КПТК) қайта жаңартуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, қаланы абаттандыруды дамытуға, «Бозоқ» ұлттық паркін, Мәңгілік ел аркаларын жобалауға, спорт объектілерін дамытуға, тұрғын үйлерді сатып алуға қажет.
Депутат Нұрдәулет Оразханов «Отау» шағын ауданындағы үйлердің тұрғындары температура режимінің сақталмауына қатысты шағымданғанын айтты, үйлерде қыста суық, жазда ыстық. Базис ақауларды жоймаған.
Депутат Сергей Шукшев Агроқалашық бойынша, ауданда қандай да бір спорт нысандарын салу жоспарланған ба деп сұрады.
Депутат Бауыржан Жанқонақов басқарма функцияларын ретке келтіруді, өзен арналарын қайта жаңартуды қоршаған ортаны қорғау басқармасына, ал тұрғын үйлерді сатып алуды тұрғын үй басқармасына беруді ұсынды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Жанқонақовтың тұрғын үйлерді сатып алу функцияларын беру жөніндегі ұсынысымен келісті.
Депутат Алмат Жүнісов түсіндірме жазбадағы 2022 жылы Кирпичныйда №12 мектеп салу жоспарланғаны туралы ақпарат бойынша түсініктеме беруді сұрады, құрылысты бастауға қаражат жеткілікті ме.
Депутат Владислав Сергеев реновация мәселесін зерттеуді ұсынды, бүкіл Еуропа реновациямен айналысады, онда бұзуға және бас жоспарға енгізуге болады. Екінші сұрақ жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендеріне қатысты болды, бұрын жіберілген қателіктерді ескеру қажет.
Мәслихат хатшысы облыстарда арзан нұсқалар салынып жатқанын, өрт сөндіру бөлімдерін Ақтөбедегі нұсқаға ұқсас етіп салу керектігін атап өтті.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Даулет Досқұлов басқарма лимиті 2 млрд. 869 млн. теңгені құрайтынын, 833 млн. теңге қосымша қаржыландыру басқарманың күрделі шығыстарына, Ikomek көшуіне, қаңғыбас жануарларды аулауға және ұстауға арналғанын мәлімдеді.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов депутаттарға нақтыланған бюджет 9 млрд. теңгені, қосымша қажеттілік 26,8 млрд. теңгені құрайтынын, ең үлкен шығыс - 23,8 млрд. теңге алып қою объектілеріне, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы кредит беруге жұмсалатынын айтты.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов 80-100 млн. теңге көлемінде бюджеттен табыстауға жұмсалатынын атап өтті. Ол апта соңына дейін басқармалардың функционалы бойынша өзгерістер енгізуді ұсынды. Сондай-ақ Е. Каналимов төлеп алу сомасы өте үлкен екенін және оны бірден бөлуге мүмкіндік жоқ екенін, сондықтан сот шешімі бойынша бұзу басталған, соңына дейін бұзу қажет объектілер бойынша бөлек тізім жасап, мәслихатқа ұсыну қажет екенін айтты.