Бюджеттік өтінімдерді талқылау
12.04.2022
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтың төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында елорданың 2022 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдер қаралды.
Бірінші болып Полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Данияров сөз сөйледі. Ол қаңтардағы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігін атап өткенін айтты. Осыған байланысты ішкі істер органдарының жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру тапсырылды. Мәслихаттың ұсыныстарын ескере отырып, әкімдікпен бірлесіп қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді орындау, елордада 2022-2024 жылдарға арналған құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Депутаттардың қолдауымен бюджетті бірінші рет нақтылау кезінде материалдық-техникалық жарақтандыруға, оның ішінде Сарыарқа ауданының Ішкі істер басқармасына Әуезов көшесі, 40 мекенжайы бойынша ғимарат алуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта ғимаратты коммуналдық меншікке сатып алу рәсімі басталды.
Бұдан әрі Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджеттен қаржылық қолдауды талап ететін проблемалық мәселелерді атап өтті.
Депутат Владислав Сергеевтің пікірінше, қаңтардағы оқиғалар көптеген кемшіліктерді көрсетті. Әртүрлі аймақтарда, әсіресе Жамбыл, Алматы облыстарында қару ұрланғаны белгілі, құқық қорғау органдарында қаруды есепке алу жүйесі бар ма, мысалы, қаруды чиптеу жүргізіле ме. Бейнекамералар бойынша, жетондардағы үнемі отырып қалатын батареяларға қатысты сұрақтар болды. Электрондық білезіктер туралы сұрақ, олар жалға алына ма, әлде сатып алына ма.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша үш жылға арналған жоспарға қол қойылғанын, оған сәйкес үш жыл бойы қаржы бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Бүгінгі таңда үш негізгі мәселе шешімін таппай отыр, автокөліктермен қосымша жабдықтау, суағар бойынша есептеулер қажет. Патрульдік полиция полкі бойынша мәселені шешудің басқа нұсқалары қажет. Рысқұлбеков көшесі бойынша Алматы аудандық бөлімінің сұрауы болды, сондай-ақ материалдарды мәслихатқа жіберу керек. Қосымша шығындар бойынша есептеулер қажет.
Қала әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Айнагүл Ықсан сөз сөйледі. Ол әкім аппараты бюджетті нақтылауға 019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінім енгізетінін хабарлады. 2022 жылы 90 адамды оқыту жоспарлануда.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамуратов мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына 2022 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша бюджетті нақтылау өтінімі енгізілетінін айтты.
Депутат Владислав Сергеев ақпараттық материалдар бойынша өтінімді енгізе беру туралы ұсыныс жасады, бірақ әлеуметтік блок бойынша, емханалар мен мектептер бойынша көптеген мәселелер әлі жабылған жоқ. Депутат қажет болған жағдайда бұл қаражатты қысқартып, әлеуметтік блокқа қайта бөлуді ұсынды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов ешкімде сұрақтар туындамауы үшін басқарма басшысына ақпараттық жұмыс бойынша егжей-тегжейлі есеп беруді ұсынды. Каналимов депутаттар алдымен мемлекеттік органдардың қосымша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарын қарайтынын, содан кейін басымдықтар бойынша қаржыландыру мәселелерін қарайтынын атап өтті.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров сөз сөйледі. Басқарма басшысы жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруды талап ететін барлық іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Олар - нашақорлыққа қарсы күрес бойынша алдын-алу жұмыстары, оқу мәдениетін арттыру, маргинал жастармен жұмыс, жастар арасында суицидтің алдын алу, еріктілер қозғалысын дамыту, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен жұмыс, жастар лагері, Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру, аула клубтарының қызметін жақсарту және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру.
Депутат Салтанат Женалаева ағымдағы жылдың басынан бастап аула клубтары қызметкерлерінің жалақысын қаржыландырудың жоқтығына қатысты сұрақпен жүгінді. Сондай-ақ, ол аула клубтарының заңды мәртебесінің жоқтығы туралы мәселені көтерді.
Депутат Владислав Сергеев оқу мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларды, түрлі букфесттерді өткізуді мәдениет басқармасымен үйлестіру керек деп санайды. Депутаттың пікірінше, оқу мәдениетін арттыру бойынша бағдарламаны мәдениет басқармасының өткізгені дұрыс. Депутаттарда аула клубтары бойынша кезең-кезеңмен жұмыс туралы түсінік болу үшін, аула клубтарын жөндеу бойынша Жол картасы қажет.
Депутат Ерлан Дәкенов халықты, әсіресе тұрғын үй алаптарының тұрғындарын өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар ету қажеттігін еске салды.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов 6 ғимаратты күрделі жөндеу бойынша сұрақ қойды, жоба, сараптама осы сомаға кірді ме. Тұрғын үй алаптарында депутаттар тұрғындармен аула клубтарының мәселелері бойынша кездесті, мысалы, Пригородныйда үй-жай жеткіліксіз, қазіргі уақытта небәрі үш кабинет бар, Кирпичныйда және Оңтүстік-шығыс ауданында аула клубтары мүлдем жоқ. Жастармен өткізілетін іс-шараларды депутаттар әрдайым қолдайды. Сонымен қатар, Каналимов соңғы үш жылдағы талдау нәтижелері бойынша 34 колледж бойынша гранттар есебінен 19 мың студент оқығаны, бірақ 3 мың студент еш жерде жоқ, олар зейнетақы аударымдары бойынша еш жерде тіркелмегені анықталғанын атап өтті. Бұл жастармен жеке жұмыс жасау керек, оларға ӘКК, еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұруға көмектесуге болады. Жастардың жартысынан көбі қалада жүр, бұларды басқарма тұрғылықты жері жоқ, тұрақты жұмыс орны жоқ маргинал жастарға жатқызады.
Нұрлан Көпешов Кирпичный тұрғын алабындағы басқарма ашқан «Самғау» аула клубының қазіргі жағдайы туралы сұрады.
Дін істері басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 4 дана компьютер сатып алуға және түрлі-түсті принтер сатып алуға қосымша қажеттілік бар екенін айтты.
ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дамир Ермағамбетов сөз сөйлеп, азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуде көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Ол көп балалы отбасылардан шыққан 20 баланың 20 күн бойы Бурабай аумағындағы балалар лагерлерінде демалуға мүмкіндіктері болғанын атап өтті. 50 қызметкер коммуналдық қордан тұрғын үй сатып алуға 1,5 млн. теңгеден тұрғын үй сертификаттарын алды. Көкталда өрт сөндіру қызметі басқармасы әкімшілік ғимаратқа ие болды, 10 отбасы баспана алады. Сондай-ақ, Көкталда өрт сөндіру депосының, қызметкерлерге арналған үш қабатты тұрғын үйдің (18 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Үркерде өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр, Күлтегінде ғимаратты кинологиялық қызметке беру жұмыстары жүргізілуде.
Депутат Владислав Сергеев елдің батысындағы жақсы үлгіні еске салды - тез салынатын арзан өрт сөндіру деполары (құрылыс мерзімі - 2,5 ай), олардың көмегімен көптеген мәселелерді шешуге болады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов Үркердегі құрылысты аяқтау қажеттігін, ал жаңа өрт сөндіру деполарын жаңа технологиялар бойынша салу керектігін айтты. Каналимов депутаттар Көкталдағы, Күлтегіндегі өрт сөндіру бөлімдеріне барғанын, оларда да құқық қорғау органдарындағыдай мәселелер бар екенін, яғни ғимараты бар, бірақ жиһазы жоқ екенін атап өтті. Мәслихат хатшысы депутаттар ТЖД-нің ғимараттарды жөндеу бойынша ұсыныстарын қолдауға дайын екенін айтты.