Елорданы газдандыру барысы туралы есеп
11.02.2022
Қалалық мәслихатта Ерлан Каналимовтың төрағалығымен аудан белсенділерінің қатысуымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының елорданы газдандыру барысы туралы есебі өтті.
Өндірістік филиал директоры Дәулет Арықбаев депутаттарға «Астана қаласын газдандыру» ТЭН-не сәйкес құны 44,6 млрд. теңге болатын газ тарату желілерінің құрылысы 2023 жылға дейінгі құрылыс мерзімімен 3 кезекке бөлінгенін хабарлады. Бүгінгі таңда 600 шақырымнан астам желі құрылысы аяқталды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен шамамен 500 км газ құбыры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ есебінен 100 км-ден астам газ тарату желілері мен ондағы құрылыстар салынды. 14000-ға жуық абонент газды пайдалануға қол жеткізді.
Жоспарланған тоғыз тұрғын алабын, соның ішінде Железнодорожный, Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарын газға қосу қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда газ тарату желілеріне қосылуға 5095 техникалық шарт берілді. Сондай-ақ, ЖЭО-1-де жеті қазандықты, ЖО-2-де алты қазандықты газға ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда. 21 әлеуметтік нысанды газға ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Табиғи газға 2678 абонент қосылды. Оның ішінде: 2611 абонентке (тұрғын үй иелері) және 67 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорынға кеңес берілді.
Филиал директоры қазіргі уақытта тәулік бойы жұмыс істеу үшін 2 бригада, күндізгі уақытта жұмыс істеу үшін 5 бригада жұмылдырылғанын атап өтті. Түскен өтінімдерге байланысты апаттарды жою үшін бригадалардың саны басқа өңірлерден іссапарға жіберілген бригадаларды ескере отырып, 10 бригадаға дейін ұлғайтылады.
Газ желілеріндегі конденсатты жою және қолданыстағы шкафтық газ реттеу пункттерінің істен шығуына жол бермеу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп орташа қысымды жерасты газ құбырларында конденсат жинағыштарды орнату туралы шешім қабылданды. 43 шкафты қамтитын 21 конденсат жинағыш орнатылды.
Мәслихат хатшысы сапаны бақылауды нақты қамтамасыз ету үшін газ инспекциясы жұмыс істеуі керек деген ұсыныс жасады, мысалы, IKomek 109 қызметіне жиі шағым түседі. Өткен жылы тұрғындардың шағымдары негізінде кейбір компанияларға қатысты шаралар қолданылды, біреулері лицензиясынан айырылды, айыппұлдар қолданылды.
Бұдан әрі мәслихат хатшысы сөзін коммуналдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйымдардың өкілдеріне арнады. Ол 2021 жылдың 11 наурызында жосықсыз мердігерлерге қатысты шаралар жөнінде тапсырмамен қаулы болғанын атап өтті. Газға қосылатындардың саны артады, сәйкесінше жұмыс та көбейеді. Егер қазір процестің басында жұмыс тиісті деңгейде бақыланбаса, проблемалар жүйелі сипатқа ие болады және мұндай проблемаларды шешу әлдеқайда қиынға соғады, бұл халықтың наразылығына әкеледі.
Керемет жоба – қаланың шет аймақтарын газдандыру жобасын халық ықыласпен қабылдады, бұл жұмысты күрделендірмей және азаматтар тарапынан наразылықсыз соңына дейін жеткізу керек.
Өткен жылы депутаттар үздік компаниялардың рейтингін жасауды, сондай-ақ ОЭК басқармасы мен «ҚазТрансГаз Аймақтың» үлгілік шартының нысанын әзірлеуді сұраған, үлгілік шарт болуы тиіс, өйткені әртүрлі компаниялардың шарттар да, жағдайлары да әртүрлі, форс мажор және жауапкершіліктері әртүрлі. Бір қызмет саласында көптеген түрлі келісімшарттар болуы мүмкін емес.
Қандай да бір компаниялардың мүдделерін қолдау туралы күдіктерді болдырмау үшін ең жақсы компаниялардың рейтингін жасау үшін белсенділерді тарту керек, олар оны өздері жасай алады.
Екінші хаттама 2021 жылғы 23 қыркүйекте болды, онда тұтынушыларды газбен жабдықтау желілеріне қосу мерзімдері бойынша бұзушылықтарды, қосымша материалдарды талап ете отырып, қосудан бас тарту жағдайлары, желілерге қосу, есепке алу аспаптарын пломбалау үшін 24 мың теңге мөлшерінде ақы талап ету жағдайлары бойынша бұзушылықтарды бір ай мерзімде жою ұсынылған. Е. Каналимов осы ескертулер бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені жөнінде сұрады.
Мәслихат хатшысы жақында комиссия құрамында белсенділермен кездескенін айтты, олардың барлығы дерлік газ тарату желісіне қосылу қиын екенін айтқан. Үйге арналған құжаттардан басқа, үй маңындағы сарайға дейін техникалық паспорт талап етіледі. Е. Каналимов бұл компанияның ішкі құжаты екенін және егер ол газбен жабдықтауға жаппай қосылуға кедергі келтіретін болса, құжатқа өзгерістер енгізу керек екенін атап өтті. Бұл ретте, егер үйді қабылдау актісі болса, ол жеткілікті. Е. Каналимовтың пікірінше, Алматы қаласын газдандыру тәжірибесін пайдалану керек, онда бұл мәселелердің барлығы оңай шешіледі. Қыркүйек айында елорданың тұрғын үй алаптарына газ тартылды, бірақ әлі күнге дейін азаматтар қосылмаған.
Газ бойынша ең төменгі тариф 400-ден 800 мың теңгеге дейін болғандықтан, 400 мың теңгеге дейін елорда халқының әлеуметтік қорғалмаған топтарына өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына наурыз айында өтетін сессияға дейін мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу ұсынылды. Төлем механизмін өзгерту қажет - төлем жасалғаннан кейін емес, жасағанға дейін, ол үшін үш ұйым арасында меморандумға қол қою және соманы тұрғындарға емес, тікелей компанияға жіберу керек. Бұл мәселелер наурыз айының соңына дейін шешілуі керек, өйткені сәуірден бастап жаппай қосу жүргізіледі.
Көктал алабының тұрғыны Жанболат Қайырбеков сөз сөйлеп, бірінші кезекте жауапкершілік шекарасын бөлу мәселесін көтерді. Екінші мәселе - өткен жылы 4 апаттық бригада жұмыс істеді, олар апат салдарын уақытында жоюға үлгермей жатты. Ж. Қайырбеков 10 бригаданың тұрақты жұмыс істеуін ұсынды, 5 бригада жеткіліксіз. Содан кейін ол шақыруларды өңдеу регламентін бақылауды ұсынды, өйткені бригада шақырылған күннің ертеңінде келіп жататан жағдайлар жиі кездеседі. Егер газдың шығуы «ҚазТрансГаз Аймақ» кінәсінен болса, демек жөндеу осы компания есебінен жүргізіледі. Конденсат жинағыштар орнатылғанға дейін, егер Үйіші газ жабдықтары жөнінде шарт жасалса, газдың шығуын жою жұмыстары тегін жасалуы керек.
Сондай-ақ, ол тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, егер конденсат орнатылмаса, көшенің соңында ауа шығаратын клапанды орнатуды ұсынды. Екі қабатты үйлерді газға қосу мәселесін шешу керек. «ҚазТрансГаз Аймақ» есептеуіштерді берді, аяз жоқ, температура бірдей, ал газ бағасы ай сайын әртүрлі (40-58 мың тг), олардың қалыпты жұмыс істейтініне қандай кепілдік беріледі. Сертификатталған компанияға есептегіштерді тексерту қажет, қателіктер болуы мүмкін. Тұрғындардың көп бөлігі газға қосылуы үшін құжаттар бойынша мәселелерді шешу қажет. Заңды тұлғаларды қосу үшін жеке регламент жоқ, жеке регламент немесе бір регламентте төлем құны жоғары заңды тұлға да көрсетілуі керек.
Мәслихат хатшысы азаматтар алдын ала қажетті құжаттар пакетін жинап, газға қосылуға дайын болуы үшін, әкімдік өкілдерін ақпаратпен қамтамасыз етуді, белсенділермен кездесу өткізуді ұсынды.
Қала тұрғыны Мақсат Баубеков сөз сөйлеп, сәулет басқармасы өз талаптары туралы толық айтпай отырғанын, олар жұмыс жобасын, техникалық тексеруді, эскиздік жобаны талап ететінін, ал бұл азаматтар үшін үлкен шығындарға әкелетінін атап өтті.
Белсенді онда «ҚазТрансГаз Аймақпен» 16.11.2021 жылғы №966 шарт бар екенін, техникалық шартқа беру кезінде компания техникалық төлқұжатта заңсыз орнатылған жапсарлас құрылыс бар екенін анықтағанын айтты. Нәтижесінде 3 ай бойы абонент газға қосылуды күтуде, 122 мың теңге төлеген, жабдық сатып алған, соңында көмір сатып алуға мәжбүр болған. Компания тарапынан ешқандай ақпараттық сүйемелдеу жоқ, нәтижесінде уақыт пен қаражат шығыны орын алды.
Депутат Алтыншаш Табулдинаның айтуынша, қазіргі кезде талқыланып жатқан жеке сұрақтар «ҚазТрансГаз Аймақ» кесірінен туындаған, бұған бүгінгі талқылау да дәлел бола алады, бұған дейін де, қазір де азаматтардың сұрақтарына жауап жоқ. 14 мыңнан астам абонент газға қосылды деген мәлімет берілді, ал іс жүзінде 2 мыңнан астамы (19%) ғана қосылған. Барлық жауапты ұйымдар, ОЭК басқармасы да, «ҚазТрансГаз Аймақ» та азаматтарға кеңес беруге мүдделілік танытпады. Шамасы, азаматтардың ешқайсысы бірінші реттен-ақ газға қосыла алмайды. Уәкілдердің әрқайсысы өз құзыретінен аспауға тырысады, осының салдарынан абонент өз проблемаларымен жалғыз қалады.
Талдаумен кім айналысады, тәулігіне қанша шақыру болады, 1 бригада күндіз, түнде, қыста, жазда қанша рет шақыруларға шығады, әр бригаданың орташа шығуы қанша. Өткен отырыста Сарыарқа ауданының әкімдігі газға қосылған азаматтарға паспорт беруді ұсынды. Қосылуға ниет білдіргендерге ақпарат - ақша қажет емес. «ҚазТрансГаз Аймақ» бүгін газға қосылуға байланысты проблемалар туралы айтып, оларды шешу жолдарын ұсынуы тиіс еді. Денсаулық сақтау үлгісі бойынша жұмыс істеу керек, онда қанша бригада жұмыс істейтіні, олардың қайда орналасқаны, қай уақытта кеткендері нақты белгілі. Компания бұл жұмысқа мониторинг жүргізбейді. Депутат компанияға қатысты шаралар қабылдауды ұсынды, проблемалар айқын, нәтижесінде абонент зиян тартып отыр.
Мәслихат хатшысы әріптесін қолдады, депутаттар бұл мәселе бойынша үшінші рет жиналып отырса да, іс жүзінде нақты шаралар қабылданбаған. Бұдан бұрын жасалған ескертулер бойынша қабылданған нақты шаралар жоқ. Е. Каналимов 12 проблемалық мәселе бойынша бір апта ішінде қадамдық жоспар құруды ұсынды. Түпкі мақсат - халықты газбен қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштері бойынша құбырлардың сапасын да тексеру қажет. Call - орталығын (бұрын 04) немесе белсенді абоненттермен ортақ чат құру қажет, нәтижесінде тұрғын үй алабының проблемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарынсыз хабардар боласыз.
Агроқалашықтың тұрғыны Ерден Бауржанов компанияның назарын жер сапасына алдын ала талдау қажеттігіне аударды. Мысалы, Агроқалашық жерінің ерекшеліктері бар, бір метр тереңдіктен жер астынан су шығуы мүмкін, құбырларды төсеу кезінде төсеніш болуы керек. Газ тоқтатылған жағдайда ол туралы тұрғындарды ешкім хабардар етпейді, сондай-ақ түнгі уақытта бригадалар газды қосуға келмейді, олар мұны 19.00-ге дейін жұмыс істейтіндіктерімен түсіндіреді. Ерден Бауыржанов халықтың әлеуметтік осал топтары үшін газ төлемі тарифіне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Агроқалашықтың тұрғыны Сәуле Мусина белсенділерді жұмыс тобына қосуды ұсынды.
Саят Ибраев Көктал мен Оңтүстік-шығыста коттедждерде жатақханалар, қонақ үйлер, балабақшалар бар екенін және оларға жеке талаптар қойылуы керек екенін атап өтті.
Мәслихат хатшысы отырысқа қатысқан белсенділерге алғыс айтып, алда үлкен жұмыс тұрғандықтан, депутаттармен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.