Қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау
07.12.2021
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы Әлия Қожабаева баяндама жасап, депутаттарға қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасына 10 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылғанын хабарлады. 004 «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша - 635 млн. теңге, 509 млн. теңге мелиоративтік жұмыстарды жүргізуге, санитарлық тазалау, құрамында сынабы бар шамдарды халықтан жинау, залалсыздандыру және кәдеге жарату іс-шараларына көзделген. Сондай-ақ, «Жасыл белдеу құру», «Жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді, қолайлы жайластыру», «Саябақтар құрылысы», «4 гүлзар құрылысын бастау», «Профилактикалық дезинфекция мен дератизация жүргізу» бағдарламалары бойынша қаражаттар бөлінді.
Депутат Бауыржан Жанқонақов басқарма құрамында сынабы бар шамдарды кәдеге жарату үшін қаражат салғанын, ал көшпелі отырыс барысында ұйым басшысы сапалы жұмысты қамтамасыз етуге қаржы қаражатының жетіспейтіндігін, сондай-ақ контейнерлердің жетіспейтіндігі жөнінде хабарлағанын айтты. 3 және 4-тоқсандарға бюджетті нақтылау жүргізілген кезде қаражат бөлінді. Депутат істің қазіргі жағдайына қатысты сұрақ қойды, бұл мәселе шешілді ме.
Депутат Нұрдәулет Оразханов Көктал тұрғын алабындағы саябақтың нашар жағдайда екенін, отырғызылған көптеген көшеттер тамыр жаймағанын атап өтті. Дәл осындай мәселе Сарыарқа ауданында Қорғалжын тас жолы аумағында орын алған, ондағы көптеген жасыл желектер солып қалған, басқарма бұл мәселені қалай шешеді. Неліктен мұндай проблемалар туындайды, өтемдік отырғызулар үнемі қажет болады.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов ағымдағы жылдың сәуір айында депутаттар жасыл желектерді цифрландыру, сондай-ақ жалпы көріністі бұзатын қурап қалған ағаштардың орнының босап, сиреп қалуы мәселесін көтеріп, сенбіліктер кезінде кеуіп қалған ағаштардың орнына нысаналы түрде ағаш отырғызуды ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті.
Екінші мәселе өзен арнасын тазалауға қатысты болды, оны басқарманың, экология департаментінің және Астана Су Арнасының бірлескен күшімен шешу, ол үшін жеке жұмыс жоспарын әзірлеу қажет, өйткені бұл қаланың басты су арнасы, өзенге лас сулар төгілуде, бұл туралы ресми фактілер бар, уәкілетті органдардың басшылығы құбырлардың қайда өтетінінен де хабардар. Осының салдарынан қалада Ironman жарыстарын өткізу мүмкін емес, себебі өзендерде тұрмыстық қалдықтар жүзіп жүреді. Мұндай құқық бұзушылар жария түрде және БАҚ-ты тарта отырып қатаң жазалануы тиіс, елеулі сомаларға айыппұл салынуы тиіс. Үшінші сұрақ дератизация (кеміргіштерді улау) және дезинфекция бойынша. Бұл сол жағалаудағы маңызды мәселе. Депутаттар басқарманың экологиялық сараптама мәселелерімен айналысуды бастағанын біледі.
Мәслихат хатшысы сондай-ақ қалаға жасыл желектер туралы мәліметтер орналастырылатын интернет платформа не беретінін нақтылауды сұрады. Ол экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қоршаған ортаны қорғау басқармасы қызметінің аясы кеңеюін пайдалана отырып, басқарма штатын кеңейту мәселесін қарастыруды, басқа өңірлердің тәжірибесі бойынша орман бөлімін ашу туралы ойлануды ұсынды.
Ерлан Каналимов экология мәселелерін Елбасы мен ҚР Президенті атап өтіп, алдыңғы орынға қойғанын айтты, егер бүгін уақыт пен қаражат бөлінбесе, ертең оның салдарымен күресетін боламыз. Өзен мәселесі бойынша барлық мүдделі органдардың, соның ішінде Бассейндік инспекцияның қатысуымен отырыс өткізу қажет, өйткені лас сулардың төгілуі көп, канализациядан ағу жүретін жерасты құбырлары көп. Астана Су Арнасының деректері бойынша оларда 430 көлік жуу орнымен шарттар жасалған, қалғандары заңсыз жұмыс істейді, бұл ретте олар техникалық суды емес, таза суды пайдаланады, екіншіден, олар қоршаған ортаны ластағаны үшін эмиссия төлемейді, лас су қалалық канализацияға төгіледі.
Сондай-ақ, ол дератизация мен дезинфекция жүргізуге қаражат жеткілікті ме деп сұрады. Сол жағалауда қандалалар мәселесі өршіп тұр, бұл көшіп келушілермен келетін жәндіктер, егер мәселені шешуге ақша жеткіліксіз болса, бұл туралы айту керек. Қандай жаңа технологиялар пайдаланылуда, 50 жаңа қоғамдық кеңістік салынды, олар аудан әкімдіктеріне берілді ме. Депутаттар саябақтарда резервуарлар жасауды ұсынған, резервуарлар көрсетілетін карта қажет. Жауаптыларды, мерзімдерін белгілей отырып, кешенді жоспар дайындау қажет.
Жасыл белдеу – Президенттің ұсынысы, оның арқасында қаладағы микроклимат шынымен өзгерді. Алайда, мәселе бар – жасыл белдеудің шекарасында көптеген жеке резиденциялар, шаруа қожалықтары пайда болды. Жасыл белдеудің қорғау аймағы бар ма? Ерлан Каналимов келесі жылдың қаңтарында осы мәселе бойынша жеке отырыс өткізуді ұсынды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев мәслихат хатшысын қолдады, шаруа қожалықтарының қала немесе облыс аумағында жұмыс істейтінін анықтау қажет. Батыр Котырев велошеру барысында қатысушыларға үй жануарлары кедергі жасайтынын, бұл спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін, сондықтан бұл мәселеге мұқият дайындалу керектігін атап өтті.
Юсуп Келигов сөз сөйлеп, жарты жылға жуық Экологиялық кеңестің отырыстарында жасыл белдеу шегіндегі қараусыз қалған жануарлар мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті. Шаруа қожалықтарымен күресу үшін әкімшілік ресурс жетіспейді. Егер бұл мәселе шешілмесе, Астана орманының ұзақ жылғы жұмысы бұзылады, ол кеңейтілген отырыс өткізіп, елорданың жасыл белдеуін қорғау жөніндегі тұжырымдама әзірлеуді ұсынды.
Мәслихат хатшысының айтуынша, қазір 30-ға жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ол желтоқсанның 20-сында Астана бас жоспары мекемесіне бару жоспарланғанын еске салды, онда өзен арнасын тазарту және орасан зор қаражат пен ұйым қызметкерлерінің 20 жылдық еңбегі жұмсалған елорданың жасыл белдеуін сақтау бойынша мәселені талқылау үшін барлық мүдделі органдарды шақыру қажет. Ол Тексеру комиссиясының мүшелеріне сапалы жұмысты ұйымдастыру үшін не жеткіліксіз екенін, шаруашылық қызметтің қалай жүзеге асырылатынын, жасыл белдеуді сақтау бойынша қандай шаралар қажет екенін анықтау үшін Астана Орманының қызметіне талдау жүргізуді ұсынды, жасыл белдеу бойынша жеке жоспар қажет.
Депутат Бауыржан Жанқонақов медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша тендерлерді өткізу шарттары туралы сұрақ қойды. Депутат конкурсқа қатысушыларға медициналық қалдықтарды жағатын арнайы пештерге құжаттар (сертификаттар) ұсыну жөнінде шарттарға өзгеріс енгізуді ұсынды.
Отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі орталық орган болуы керек деп атап өтті. Депутаттар басқарма тарапынан табиғатты қорғау қызметі бойынша ұсыныстар алған жоқ. Дератизация мәселесіне келетін болсақ, бірнеше ондаған дайын препараттар болуы керек. Депутат өзен арнасын тазарту, ағаштарды күту және суару мәселелерін бірлесіп қарастыруды ұсынды.