Алдағы үш жылдық кезең бюджетінің жобасын талқылау: құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия
10.11.2021
Қалалық мәслихатта Батыр Котыревтың төрағалығымен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссияның отырысы барысында 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды.
Негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев баяндама жасап, депутаттарды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тұрғысынан 2022-2024 жылдарға арналған бюджет қаражатының көлемі туралы хабардар етті.
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының шығыстарына үш жылдық кезеңге - 19 млрд. 525,2 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 5 млрд. 177,8 млн. теңге көзделген.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына үш жылдық кезеңге – 3 млрд. 837,8 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 1 млрд. 279,3 млн. теңге қарастырылған.
10 млрд. 324,1 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 3 млрд. 298,6 млн. теңге Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының шығыстарына көзделген.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына үш жылдық кезеңге - 88 млрд. 370,1 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 24 млрд. 600,8 млн. теңге бөлінді.
Құрылыс басқармасына үш жылдық кезеңге - 62 млрд. 703,9 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 20 млрд. 808,7 млн. теңге бөлінді.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының шығыстарына үш жылдық кезеңге - 5 млрд. 802,2 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 1 млрд. 934,1 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына - 25 млрд. 831,9 млн. теңге, оның ішінде 2022 жылға 8 млрд. 608,3 млн. теңге көзделген.
Депутат Салтанат Женалаева көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына неге үш жылға қомақты сома салынады, сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда автобус паркінің сомасы қайтарыла ма деген сұрақ қойды. Екінші сұрақ объектілерді салу және реконструкциялауға қатысты қойылды. №1 қалалық емхананы реконструкциялауға 30 млн.теңге бөлінген, қазір басқарма тағы 78 млн. теңге сұрап отыр, сонда бір көтергіштің құны 109 млн. теңге тұра ма. Депутат бас дәрігермен кездескен, ол 30 млн. теңге жеткілікті екенін айтқан.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов депутаттарға көлік, жолаушылар тасымалы және №1 автобус паркін субсидиялау мәселесі, жалпы сала бойынша жағдай жеке отырыста талқыланатынын еске салды.
Депутат Бауыржан Жанқонақов жолаушылар тасымалын субсидиялауға үш жылдық кезеңге 15,0 млрд. теңге, неге сонша аз қаражат бөлінгенін сұрады. Келесі жылға - небәрі 5,0 млрд. теңге, есептеу қалай жүргізілген. Өйткені, барлық әлеуметтік маңызды тасымалдар, тіпті заңды тұлға ауысса да, субсидияланатын болады.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев қоршаған ортаны қорғау басқармасына сұрақ қойды, мелиорациялық іс-шараларды және су бетін санитарлық тазалауды жүргізуге 509,2 млн. теңге бөлініп отыр. Маусым айында жүргізілетін, балдырлар гүлдейтін кезде қандай іс-шаралар бар. Жылдан жылға 20 ғасырдың технологиялары қолданылады. «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы Өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің көшпелі отырысында хаттамалық ұсынымдар берілген, алайда осы уақытқа дейін басқармадан бірде-бір ұсыныс түскен жоқ. Қазір жаңа технологиялардың орасан зор түрі бар, алайда басқарма оны пайдаланбай отыр.
Мәслихат хатшысы депутаттар тазарту шараларына қарсы емес, тек ескірген технологияларды пайдалануға қарсы екенін және тиісті мерзімде, гүлдеуге дейін пайдалану керек екенін атап өтті. Экономика, қаржы басқармалары депутаттармен бірлесіп бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жоспарын бақылайтын болады, өйткені бюджет 15 желтоқсанда бекітіледі, бұл басқармаларға сәуір-мамырда емес, бюджетті нақтылағаннан кейін 16 желтоқсанда конкурс жариялауға ештеңе кедергі келтірмейді. Бұл барлық басқармаларға қатысты. Өйткені, жұмыс көлемі мен сипаттамалары өзгермейді. Өткен жылы 2 аудандық әкімдікті қоспағанда, басқармалардың ешқайсысы конкурс жариялаған жоқ, өйткені оларға ағымдағы жағдай бойынша жұмыстарды аяқтау қажет болды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев бұл қоршаған ортаны қорғау және қалалық орта сапасын басқару басқармалары бойынша жалғыз мәселе емес, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану бойынша да сұрақтар бар екенін айтты. Мысалы, қала ішінде шомылуға арналған 4 орын белгіленген, бірақ адамдар шомылудан қорқады, себебі бұл жерлерге лас сулар құйылады. Бұл мәселе Өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында екі рет көтеріліп, басқармаға, Астана су арнасына тапсырмалар берілген. Сорақысы, бұл лас суларды ағызуды жалғастыруда.
Өңірлік кеңес мүшелері көмек көрсетуге дайын, бірақ бұл басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымдық міндеттері. Екінші сұрақ құрылыс басқармасына, «Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды реконструкциялау» жобасын жобалауды жалғастыруға 29,7 млн. теңге бөлінді, бір жыл бойы ескі стадионды жобалау жүргізілуде. Мәселе ұзаққа созылып кетті, балалардың футболмен айналысатын, олимпиадалық резерв мектебінің жаттығатын жері жоқ. Бұл басқармадың тиімсіз жұмысы ғана емес, жаттығуға мүмкіндік болмағандықтан, нәтижесінде дарынды балалардың елден кетуіне әкеледі. Момышұлы даңғылындағы стадион балаларды қабылдамайды, Қазақстан спорт сарайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәслихат хатшысының пікірінше, күрделі жөндеуді, реконструкциялауды қажет ететін барлық нысандардың мәселелері бойынша құрылыс басқармасы айналысуы керек. Мектеп директорлары құрылыс мамандары емес, мектепте инженерлер, прорабтар жоқ, алайда жөндеуден кейін қол қойылған құжаттар, сапасыз жөндеу жұмыстары үшін директорларға талап қойылады. Мәселен, құрылыс басқармасына әкімдіктен №1 емхананы күрделі жөндеуден өткізу туралы тапсырма берілді және ол осы мәселемен айналысуда. Басқарманың мектептерді күрделі жөндеуден өткізуімен айналысуы үшін қандай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет, депутаттар басқармалардың барлық ұсыныстарын қолдауға дайын.
Депутат Владислав Сергеев қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәселесін қараудан алып тастауды ұсынды, өйткені басшы отырысқа келмеген, партияның ұсынымдары орындалмайды, әкім орынбасарының тапсырмалары еленбейді. Басқарманың бюджеті үлкен, оларды бөлек қарастырған жөн, мысалы, миллиардтаған қаражат ағаш отырғызуға бөлінеді, бірақ әлі де ағаштартың есебі жүргізілмейді. Ильинка, Үркер жағындағы өтемдік отырғызуларды қаржыландыруға үлкен қаражат жұмсалды, алайда барлық жасыл алаңдар солып қалған.
Депутат Ғабит Тәжімұратов сәулет басқармасы басшысынан Нұр-Сұлтан қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеуге 280,0 млн. теңге бөлуге қатысты түсініктеме беруді сұрады, барлық басқармаларға штатты ұстауға бөлінген қаражат туралы сұрақтар бар, бұл сомаға жалақыдан басқа не кіреді. Екінші сұрақ «Мекенжай тіркелімі» АЖ деректер базасын толықтыруды қамтамасыз етуге 39,1 млн. теңге бөлуге қатысты туындады. Депутат деректер базасын тексеру қажет деп санайды.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев депутаттарға басқарманың қалай жұмыс істейтініне өздері көз жеткізуі үшін басқармаға келуді ұсынды.
Комиссия төрағасы атап өткендей, Астанагенплан ұйымымен кездесу барысында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 5-10 жылға арналған перспективалық жоспар ұсыну қажеттілігі туралы мәселе көтерілген, мысалы, көпір салу қала үшін өте маңызды, себебі олар қозғалысты жеңілдетеді.
Депутат Владислав Сергеев депутаттардың жыл басында Астанагенплан ұйымында болғанын, кездесу барысында басшы қажет 750 млн. сома туралы айтқанын, ал бүгінде тек түзету жасаудың өзіне ғана одан артық сома сұралғанын айтты. Депутат басшыдан құны бойынша егжей-тегжейлі мәлімет беруді сұрады, мысалы, ұқсас жобалардың құны қандай, Астанагенпланның Түркістанмен жұмыс тәжірибесі бар.
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев барлық ұсыныстар экономика басқармасымен пысықталғанын және барлық ұсыныстар қолдау тапқанын атап өтті.
Депутат Нұрдәулет Омарханов азаматтардың өтініші бойынша басқарма басшысына жүгінді, неге қалада көмірдің жеткілікті қоры жоқ, ал жеке меншік сатушылар тоннасына 22 мыңнан сатуда. Бір ай бойы осы мәселе шешілмей келеді, мәселе қашан шешіледі және бұл туралы халыққа хабарлау қажет.
Мәслихат хатшысы басқарманың жұмыс жүктемесі үлкен екенін барлығы түсінетінін атап өтті, барлық инженерлік желілер басқарманың қарауында, онсыз ешқандай нысан жұмыс істемейді. Басқарма ағымдағы жылы аяқталмайтын және келесі жылға ауысатын бірқатар жобалар бойынша жұмыс істеуде, соның ішінде Индустриялық паркті аяқтау. Ол осы жобалардың барлығына келесі жылға ақша бөлінді ме, әлде минималды қаражат салынды ма деп сұрады, өйткені кейін қосымша қаржыландыру қажет болады.
Комиссия төрағасы Батыр Котырев фейсбукте азаматшадан түскен Оңтүстік-Шығысты газдандыру бойынша шешілмей келе жатқан мәселе туралы сөз қозғады. Фейсбуктегі екінші өтініш «Үркердегі кәріздің жаңа желісі» туралы.
Мәслихат хатшысы барлық басқармалардың ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыс істеуін сұрады, отын-энергетикалық кешені басқармасы мәслихаттың сайтына орналастыру үшін Оңтүстік-Шығысты газдандыру бойынша ақпарат дайындауы қажет.
Депутат Бауыржан Жанқонақов газдандыруға қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады, үй иесі үш ұйыммен қызмет көрсету шартына қол қоймайынша үйді газ тарату желісіне қоспайды. Төлем сомасы айына 20 мыңнан 40 мыңға дейін. Астанаэнергосбыт мекемесі де солай істейді, есептегіштердің көрсеткіштерін жинайды және сол үшін үлкен сома алады.
Мәслихат хатшысы отырыста айтылған сыннан кейін ҚазТрансГаз Аймақ бір күнде 38 үйді қосып, техникалық шартты 1 күнде бере бастағанын айтты. Барлық проблемалық мәселелер бойынша Сарыарқа, Алматы аудандары әкімдерінің, тұрғындар өкілдерінің, ҚазТрансГаз Аймақ өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізу қажет.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев депутаттарға РБ 28 млрд. теңгеге өтінім қолдау таппағанын хабарлады. Экономика басқармасымен келесі жылға орташа жөндеу жұмыстарына арналған лимит сомасын 10 млрд-қа дейін ұлғайту, оның ішінде тұрғын үй алаптарындағы 63-65 көшені жөндеуге қаражат бөлу мәселелері пысықталған.
Мәслихат хатшысы қаланың шет аудандарындағы көптеген жолдардың қатты төсемдерінің болмауы, тұрғын үй кешендерінің салуындағы мәселелер, аудан әкімдіктерінің қарауындағы кірме жолдарды, көше қиылыстары жолдарын салу кезіндегі көптеген проблемалар туралы тұрғындардың пікірін білдірді.
Депутат Владислав Сергеев құрылыс басқармасының басшысы Әрсен Жаңғасқановтан Кирпичный тұрғын алабындағы мектеп құрылысына қатысты сұрақ қойды, құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ) қаражат салынды ма, ақпарат дайындау қажет.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Доскулов берілген өтінімге сәйкес бюджет пысықталғанын, қалыптастырылғанын және депутаттарға келісуге ұсынылғанын баяндады.
Комиссия төрағасы Батыр Котырев қалалық баспанада жануарлардың қандай жағдайда ұсталатыны туралы сұрақ қойды, жануарларды асыраудың жаңа тәсілдерін ұсыну қажет. Сондай-ақ ол елорданың жасыл белдеуінде иесіз иттер көп, олар қазір жасыл аймақтың фаунасына қауіп төндіреді, қояндарды жояды, ұяларын бұзады деп хабарлады.
Мәслихат хатшысы басқарма басшысына жануарларды асыраудың халықаралық тәжірибесін зерделеуді ұсынды.
Соңғы болып Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов сөз сөйледі.
Тұрақты комиссия отырысының қарауына шығарылған барлық мәселелер талқыланып, отырыс нәтижелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.