Елорданың кітапхана жүйесін дамыту
27.10.2021
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Елордада кітапхана жүйесін дамытуға бағытталған қаржы қаражаттарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ басшысының м.а. Санат Шапашов баяндама жасады.
Ол депутаттарға елордада 18 кітапхана жұмыс істейтінін, орталық кітапхана жүйесі (ОКЖ) қызметкерлерінің штат саны 126 бірлікті құрайтынын, оның ішінде кітапхана мамандары – 90 бірлік, әкімшілік өкілдері – 3 бірлік, оқырмандар саны – 70 мыңнан астам адам, кітапханалар бойынша кітап беру саны – 1 млн.72 мың 426 дана, ОКЖ-нің 2021 жылдың басындағы бюджеті 258 млн. теңгені құрайтынын хабарлады.
ОКЖ жүйелі проблемаларының ішінде: кітап қорын толықтыру мәселесі, ол үшін шамамен 15 млн.теңге қажет, ОКЖ кітапханаларын жаңғырту мәселесі тұр. Мысалы, Бөгенбай батыр даңғылы, 52 мекен-жайында орналасқан Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандардың тілектерін ескере отырып, дизайнерлік жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аймақтарға бөлу, қызмет көрсету үшін озық техникамен және бағдарламалармен жабдықтау, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тегін үйірмелерді, фильмдер көру аймағын іске қосу, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхананы жаңғырту, №3 балалар кітапханасының қасбетін жаңарту және жаңғырту, кітапханаларға арналған үй-жайларды жалға алу (қазіргі уақытта үш кітапхана жалға алынған үй-жайларда орналасқан) мәселесін шешу жоспарлануда.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2015 жылғы 31 наурызда бекіткен нормативтерге сәйкес 20 мың тұрғынға шаққанда кемінде 1 кітапхана болуы тиіс, ал қазір 63 мың тұрғынға шаққанда 1 кітапхана жұмыс істейді. Халықтың, әсіресе қала шетінде, Көктал, Үркер тұрғын алаптарында және т.б. кітапханаларға қол жеткізу қиындығы проблемасы орын алып отыр. Қаржыландыруды талап ететін маңызды мәселе - типтік кітапханаларды салу мәселесі. Кадрлық әлеует мәселесі де маңызды болып табылады, кітапханалардың жарнамалық-ақпараттық рәсімделуі де жоғары деңгейде емес.
Депутат Азамат Айтхожин ОКЖ аралау барысында депутаттар вагон жөндеу зауытының жатақханасында халық арасында сұранысы жоғары бір кітапхананы тапқанын айтты. Ол басқарма басшысының м.а. кітапханалардың жұмысын белсенді жариялауды, жұмыстың инновациялық түрлерін енгізуді ұсынды. Депутаттар басқарманың ресми сайтында филармонияның жұмысын ғана емес, уәкілетті орган қызметінің басқа да бағыттарын көргісі келеді.
Кітапхана қызметінің негізгі тұтынушысы интернетті пайдалана алмайтын қарт адамдар болып табылады, сондықтан депутат құрылыс ұйымдарымен кітапханалар үшін үй-жайларды бөлу туралы келісім жасау ұсынысын қолдады. Ол сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДСК) бөлмелерін қала шетіндегі кітапханалар үшін пайдалануды қолдайды.
Депутат Владислав Сергеев үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, бірақ тәсілдерді шұғыл түрде өзгерту қажет екенін, жұмысты қайта құру, технологияларды енгізу, ағартушылық іс-шараларды, әлеуметтік-мәдени жобаларды ұйымдастыру, оқырмандардың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет екенін атап өтті. Жақын арада 2 ДСК пайдалануға тапсырылады, оларда да кітапханаларға арналған орын көзделген. Бұл мәселені зерттеу керек, спорт пен мәдениет мекемелерін біріктіру қаншалықты ыңғайлы болар екен. Тифлопедагогтар туралы мәселені де шешу керек, қосымша штат бірліктерін бөлуге болады. Бюджетті нақтылау аясында тифлопедагогтар мәселесін шешуге болады. Кітапхана аумағында ҮЕҰ-мен бірлескен іс-шаралар өткізу қажет, олар кітапханаларды толтыруға ықпал етеді.
Депутат Бақдәулет Жанділдаев жалақысы төмен болғандықтан, бәсекеге қабілетті тұрғын үйге үміткер азаматтар болып табылмайтын кітапхана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді ұсынды.
Депутат Бауыржан Жанқонақов аула клубтарының қызметін жаңғырту мәселесін талқылау барысында құрылыс ұйымдарын ғимараттардың бірінші қабаттарында аула клубтарына арналған үй-жайларды көздеуді міндеттеу ұсынылғанын, қолданыстағы нормативтерге сәйкес кітапханаларға арналған үй-жайлармен (шамамен 150 шаршы метр) проблемаларды да осылайша шешуге болатынын айтты. Депутат кітапханаларға арналған үй-жайларды жалға алуға жыл сайын тендерлерді өткізуге қарсы болды, бұл жағдайда кітапхананың жыл сайын бір үй-жайдан екінші үй-жайға ауысу мәселесі туындайды, бұл ретте көшудің үлкен шығындары болуы мүмкін, және белгілі бір кітапханаға үйреніп қалған оқырмандардың мүддесіне де қайшы.
Депутат Алмагүл Сегізбай басқарма басшысының м.а. назарын қала кітапханалары желісін жедел цифрландыру қажеттілігіне аударды және мамандардың біліктілігін арттыру мүмкіндігі бар ма деген сұрақ қойды.
Депутат Ғабит Тәжімұратов BINOM мектептеріне барған кезде депутаттар олардың кітапхана қоры өте бай екеніне және оны жақын маңдағы аумақта тұратын басқа азаматтар да пайдалана алатынына көз жеткізгенін айтты.
Тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Көпешев жастар үшін де кітапханаларды тартымды орталыққа айналдыру үшін, білім және жастар саясаты басқармаларымен бірлесіп кітапхана жүйесіне қандай технологияларды енгізуді жоспарлап отырғанын сұрады. Жақында Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында IT мектептерін ашу қажеттілігі туралы айтқан, оларды қала шетінде орналасатын кітапханалар базасында ашуға болады. Жер учаскесін бөлу рәсімі барысында, жаңадан салынатын ғимараттарда кітапханаларға үй-жайлар беру мәселесін шешуге болады, өйткені олар ӘКК үшін коммерциялық алаңға үй-жайлар беруге міндеттенеді. Жалақыны көтеру мәселесі де шұғыл шешуді талап етеді.