Елордада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесі
27.07.2020
Сәрсембек Жүнісовтің төрағалық етуімен Zoom сервисінің видеоконференцбайланыс платформасында қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, зооқорғаушылардың, кинологтар клубының, БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде «Мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 448/62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешімін іске асыру барысы туралы мәселе болып табылады.
Бұл мәселе бойынша бірінші болып Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев сөз сөйледі. Ол депутаттарға қазіргі уақытта елордада жануарларды аулау бойынша 4 бригада жұмыс істейтінін хабарлады. Өтінімдер 109 қызметі мен «Астана-Ветсервис» байланыс орталығы арқылы қабылданады. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюмен тікелей атқарушы «Астана-Ветсервис» КМК - ведомстволық бағынысты ұйымы айналысады, олар қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау изоляторына қамауға алады.
Бұдан әрі «Астана-Ветсервис» КМК басшысы Данияр Абдулов сөз сөйледі. Ол депутаттарға мысықтар мен иттердің изоляторда екі айға дейін тұратынын айтты. Қазіргі уақытта 600-ге жуық жануар бар. Изолятордағы жануарларды тұрақты түрде жаңа иелеріне беру жоспарланған болатын. Алайда, бұл іске асырылуы қиын тапсырма болды. Иттердің 90%-ы тұқымсыз көпек иттер, оларды ешкім алмайды.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою мәселесі өте маңызды, бүгінгі күні елде, ауру-сырқау қаңғыбас иттер тістеген 22 адам ауру жұқтырып қайтыс болды.
«Республиканың барлық аймақтарында «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелеріне» сәйкес жануарлар изоляторда 3 күннен 14 күнге дейін ұсталады. Және тек елордада ғана бұл мерзім 60 күнге дейін ұзартылған. Бұл уақыт еріктілердің әрбір жануарға жаңа қожайын тауып, өлімнен құтқару үшін жеткілікті болады. Шын мәнінде, изоляторда ұсталатын 120 иттің тек 20 иті ғана жаңа қожайын тауып алады», - деді Данияр Абдулов.
Елордада көптеген Зоотехниктер қауымдастығы жұмыс істейді, олар жануарлар қожайындарының атынан қолдау тапты, олар жануарлары 3 күн ішінде қайтыс болады деп қорқады. 2017 жылы жануарлар құқығын қорғаушылардың көбі ережеге сәйкес жануарлардың 60 күн изоляторда ұсталуына қол жеткізді», - деп атап өтті Данияр Абдулов.
Депутат Қарақат Абден «Астана-Ветсервис» басшысына сауал жолдады-
«Қазір коронавирус пандемиясы кезінде жағдай әсіресе шиеленісіп кетті. Сіз құзыретті органдарға қаңғыбас жануарлар бойынша өтініш жасадыңыз. Қаңғыбас иттер мен мысықтардан коронавирусты жұқтыру қаупі бар ма?».
Данияр Абдулов қаңғыбас жануарлар адамдарды жұқтыруы мүмкін екенін растайтын фактілер жоқ деп жауап берді. Алайда, коронавирус пандемиясы кезінде жануарлардың бұл жиналуы қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қаңғыбас жануарлар инфекция тасымалдаушы емес, бірақ инфекцияның сыртқы берілу факторы болуы мүмкін. Бүгінгі таңда мамандандырылған ұйымның басшысы мен 6 қызметкері короновируспен ауырып шықты.
«VIVA LA VITA» Кинологиялық клубтың жетекшісі Виолетта Скарлыгина депутаттарға кинологиялық клубтың өкілдері зооқорғаушылармен бірлесіп, өз уақытында иттерді изоляторда ұстау мерзіміне негіз болатын ҚР Азаматтық кодексінің бабын ұсынды, онда кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде заңмен қорғалады деп жазылғанын атап өтті. Ол кезде шектеу енгізілген жоқ, қожайынға тиесілі иттер мен панасыз иттер. Кинология Қазақстанда табысты дамып келеді, сондықтан тұқымсыз иттердің жаңа отбасыларына бейімделу деңгейі төмен.
«Менің ойымша, 14 күн – бұл адамдарды қауіптен қорғау үшін, құтыру белгілері пайда болатын оңтайлы мерзім. Қазір зооволонтерлер қоғамда үлкен салмаққа ие, оларға жануарлар иелері қосылды. Алайда, бүгінгі таңда изоляторлар ауру және дені сау иттерді бөлек ұстауға мүмкіндігі жоқ», - деді Виолетта Скарлыгина.
Депутат Қарақат Абден зооволонерлердің тұрақты комиссия отырысына қатыспауына өкініш білдірді. Депутаттар мұндай мәселелерге әр түрлі көзқараспен қарап, әрдайым мұқият қарайды.
«Жануарларды 60 күн ұстауға бюджет қаражаты жеткілікті ме? Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесінде нені өзгерту қажет?»- деп ол Абдуловтан сұрады.
«Астана-Ветсервис» басшысы жануарларды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаты жеткілікті деп жауап берді. Алайда, әлемнің бірде-бір елінде, тіпті экономикасы өте дамыған елдің өзінде, ұстау мерзімі 14 күннен аспайды. Қалалық изолятордағы иттердің 90%-дан астамы — тұқымсыз жануарлар, оларды жаңа отбасыға орналастыру өте қиын.
Депутат Қарақат Абден қазір ерекше жағдай екенін атап өтті. Қаңғыбас иттердің санының көптігі адамдарға қауіп төндіреді. Және егер адамдар мен жануарлар арасындағы таңдауға келсек, біз адамдардың қауіпсіздігін таңдаймыз.
«Астана-Ветсервис» басшысы зооволонтерлер ТМД, Россия, Беларусь елдерінің тәжірибесін мысал ретінде жиі келтіретінін айтып сөзін толықтырды, олар қараусыз жүрген иттерді аулап, стерильдеп, бостандыққа жібереді. Бірақ мұндай тәжірибе оң нәтиже бермеді, сонымен қатар, мұндай иттер өмір сүру үшін отарға кіреді және адамдарға шабуыл жасайды.
Депутат Аман Аюпов иттерді оқшаулау орнында ұстау мерзімін 60 күннен 14 күнге дейін өзгерту туралы ұсынысты қолдады. 2 апта ішінде иттің иесі иттің жоғалуына байланысты мамандандырылған ұйымға барып үлгереді. Жануарларды чиптеу, стерилизациялауға келсек біздің қоғам мұндай шараларға әзірше дайын емес.
Тұрақты комиссия отырысының соңында басшы Данияр Абдулов депутаттардан жануарларды ұстау мерзімі бойынша «ауланған қаңғыбас жануарлар екі ай ұсталатын уақытша ұстау изоляторына жеткізіледі» деген Ереженің 9-тармағындағы мерзімді 14 күнге қыстарту туралы өзгеріс енгізу туралы ұсынысты қолдауды сұрады.
Тұрақты комиссия отырысының талқылауына қойылған мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.