Мирас Шекеновтың төрағалық етуімен елорданың мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті
28.02.2020
Қалалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Құлмұханбет Исаковтың «Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстар және салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» баяндамасын тыңдады.
Өз сөзінде Құлмұханбет Исаков Департаменттің құзыретіне кіретін кірістерге, 2019 жылғы салық түсімдерінің өсу қарқынын қамтамасыз етуге, камералық бақылау жүргізуге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруге, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, пилоттық жобаларға және Департаменттің 2020 жылға арналған алдағы жоспарларына тоқталды.
- Салық заңнамасының бұзылуы анықталған бизнес субъектілеріне, кіріс бөлігі бойынша төмендеу фактілеріне, сондай-ақ алкогольді өнімдерді рұқсат құжатынсыз сату бойынша 1138 камералық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, салық төлеушілер 1,3 млр теңге сомасында кірісті көрсете отырып, қосымша салық есептерін табыс етті, төленген салық сомасы 89,0 млн.теңгені құрады, - деді Құлмұханбет Исаков.
Жалпы, Департаменттің бірінші басшысының баяндамасынан, бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін іздестіру және қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері жылжымайтын мүлікке қайта бағалау жүргізу кезінде бағалау құнын төмендететін коммерциялық объектілердің меншік иелерімен әңгіме өткізгені белгілі болды, оның нәтижелері бойынша 196 салық төлеуші мүлікке қайта бағалау жүргізді және 1,0 млр. теңге сомасына қосымша декларация берді. Бүгінгі күні Департамент жеке және заңды тұлғаларға 45 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 28 салықтық қызмет және 17 кедендік бағыттағы қызмет. Қазір сұраныстағы электронды қызметтер салық есептілігін қабылдау, жеке шоттан үзінді көшірме беру, берешектің жоқтығы немесе бар екендігі туралы мәліметтер беру болып табылады. Мемлекеттік электронды қызмет көрсетудің басты артықшылығы уақытты үнемдеу болып табылады.
Сондай-ақ, Құлмұханбет Исаков қазіргі уақытта мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушілерге қызмет көрсету тәсілін өзгертіп, клиентке бағдарланған тәсілге бағытталғанын атап өтті.
- өткен жылдың 25 желтоқсанынан бастап ESALYQ МКК порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді және AppStore мен PlayMarket-те жарияланған «Салық әмиянының» функционалы пайдалануға берілді. Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Сервис салық төлеуші бюджетімен салық бөлінісінде есеп айырысудың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты ұсынады. Салық Әмиянынан түсетін ақша салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде аударылады. Салықтарды төлеуді одан әрі жеңілдету үшін ағымдағы жылы Бірыңғай Жиынтық Төлемді төлеу сервисін және салық салу объектілері бойынша деректерді қарау бойынша функционалын іске асыру, Салық әмиянын «Электрондық үкімет» порталына (е.gov, m.gov), ірі банктердің қызмет көрсетуіне (Каспий, Халық банкі және т.б.), есептелген салық сомасын азайту есебінен салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервистеріне және бонустар жүйесіне (кешбэк) қосу жоспарлануда, - деп атап өтті Құлмұханбет Исаков.
Өз сөзінде Құлмұханбет Исаков өткен жылы «Шағымсыз МКБ», «ҚФҚ қатысуынсыз онлайн-БКМ мәліметтерін алу», «Визуалды тексеру», «Азаматтық бақылау» және «Цифрлық әуежай» секілді салықтық әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаларды іске асыру қорытындыларына қысқаша тоқталды.
Баяндаманың мазмұнды болғанына және Департаменттің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша үлкен жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, қалалық мәслихат депутаттары спикерге ескертулер мен ұсыныстар жасады. Сонымен, депутат Зейнолла Шибкенов аудандық салық органдары жеке тұлғалардың шоттарына заңсыз тосқауыл қоған кезінде, қала тұрғындары оларды оқшаулаудан шығару үшін, өздерінің жеке уақытын жоғалтып елорданың салық органдарының инстанцияларына баруға мәжбүр екенін атап өтті. Сондай-ақ Зейнолла Шибкенов көп жағдайда аудандық салық органдарының қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін кеңес беру кезінде біліктілігінің жоқ екендігін және аудандық салық органдарының қалалық Департаментпен тиісті өзара қарым-қатынасының жоқ екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, депутат Илья Мещеряков бұл мәселеге қатысты сөз сөйледі, ол шотты борышкердің ЖСН байланыстыра отырып бұғаттау бірден жүретінін, ал оны бұғаттан алу өте ұзақ уақытқа созылатынын, бұл жеке тұлғаның да, кәсіпкердің де, жалпы адамның өміріне кедергі келтіретінін, нәтижесінде бұл жағдай олардың салықтарды төлеуіне әсер ететінін атап өтті.
Қорытындылай келе кәсіпкерлердің Kaspi қосымшасын пайдалану арқылы салық төлеуден жалтарып кетулеріне қатысты мәселе қаралды. Осыған байланысты, Құлмұханбет Мырзахметұлы, Kaspi bank кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар үшін Kaspi Bank үшін де, кәсіпкерлер үшін де өзара тиімді шарттарда ұсынылатын Kaspi business төлем картасын шығаруға ниетті екендерін, оған сәйкес кәсіпкерлер кешбэк түріндегі бонустық пайыз алуға мүмкіндік алатынын атап өтті.