Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазалау мен көріктендіруді дамытуға бағытталған бюджеттік қаражаттың жұмсалуы депутаттардың бақылауында
14.02.2020
Елорданы санитарлық тазалау мен көріктендіруді дамытуға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында, қалалық мәслихаттың депутаттары Мирас Шекеновтің төрағалығымен өткен тұрақты комиссияның отырысы кезінде елорда аудандарының әкімшіліктері тыңдады.
Күн тәртібіне сәйкес баяндамашылар 2019 жылы бөлінген бюджет қаражаты аясында, өздеріне сеніп тапсырылған аумақты санитарлық тазалау мен көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Елорда аудандарында аулаларды, тротуарларды көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді, жасыл желек аймақтарында саябақ элементтерін күтіп ұстау және жөндеулер жүргізілді, мүсіндік құрылыстар орнатылды және жөнделді, жүгіру және велосипед жолдары ұйымдастырылды, ескі және апатты жағдайдағы ағаштар бұзылды, арамшөп шабылды, жаңа контейнерлер қойылды және контейнерлік алаңдар жөнделді, қоқысты рұқсатсыз төгетін жерлерді жою, ағаш, гүлзарлар отырғызу, көгалдарды құру бойынша және т.б. жұмыстар жүргізілді.
Баяндамасының соңында, Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалалық мәслихаттың депутаттарынан қалалық бюджетті нақтылау кезінде «Байқоңыр» ауданына аула аумақтарын көріктендіру және қоғамдық кеңістікті (шағын бақтарды) дамыту бойынша сапалы жұмыстарды жүргізуге қажетті қосымша қаражат бөлу мәселесін қолдау туралы өтініш білдірді.
«Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Теміржан Едігенов өз баяндамасында Сарыарқа ауданы «Бюджетке қатысу» жобасын жүзеге асыру бойынша алғашқы жол салушылардың бірі болғанын, бұл жобаны мемлекеттің барлық аудандарына енгізу жоспарланатынын атап өтті. Аталған жоба тұрғындардың дауыс беруі арқылы 100 млн. теңге бюджет қаражатын қайда жіберуді өздері шешуге мүмкіндік берді.
- Өз жобасы үшін ашық дауыс беру нәтижелері 14 түрлі жобаны жүзеге асыруға, 7 ауланы көріктендіруге, аула клубтарын құруға және көгалдандыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға негіз болды,-деді Т. Едігенов.
Қалалық мәслихат депутаттары баяндамашыларды тыңдап, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Бүгінгі таңда қар шығару мен су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық өзекті мәселе болып қалғандықтан, депутаттар көшелерді қар үйінділерінен тазарту үшін техниканың жеткілікті түрде жұмылдырылғанын сұрады. Депутат Зейнолла Шибкенов қар жинауға арналған техниканың жетіспеуіне алаңдаулы.
- Әрбір тиегішке кем дегенде төр самосвал қарастырыруы тиіс, тіпті бұл сан жоқ сияқты әсер бар,-деп нақтылады Зейнолла Шибкенов.
«Астана Тазалық» ЖШС Бас директоры Бағдат Азбаев қалыптасқан қар жағдайына қатысты өз ұстанымын айтты.
- Қардың мол түсуіне байланысты қар шығаруға барлық коммуналдық техника жұмылдырылды. Фронталды тиегіш те, кеспе тиегіштер де жұмыс істейді. Бұл ретте кеспе тиегіштермен бірге төрт емес, он самосвал жұмыс істейді,бірақ бұл да жетіспейді, себебі бір түн ішінде адам бойымен бірдей үйінділер пайда болды. Өткен жылмен салыстырғанда күніне 400 самосвал шығады, бұрын мұндай жағдай ешқашан болмаған. Оның айтуынша, әрбір ауданның тек 40%-ы ғана «Астана Тазалық» жауапкершілігінің аймағына жатады, қалғаны мердігерлік ұйымдарға бекітілген,-деді Бағдат Азбаев.
Депутат Қарақат Әбден үш мәселені шешу қажеттігіне назар аударды, олар: иттерді аулау, ағаштарды жазғы маусымға дайындау және коммуналдық қызметтердің қоқысты уақытында жинауы.
Қарақат Әбден Еуропа елдерінде және БАӘ-де қоқысты түнде немесе таңертең, ал Қазақстанның елордасында күндізгі уақытта шығарылатынын атап өтті.
- Қоқыс жинау, контейнерді тазарту жұмыстары күндіз жүргізілетініне менің көңілім толмайды. Дипломат ауданында сағат 12-де қоқыс жаяу жүргіншілер жолына шашыла жаздайды. Келе жатқан адамға қоқыстың төгілуі, бұл құрметсіздік,-деп атап өтті Қ. Әбден.
Қалалық мәслихаттың депутаты Рәмзия Өмірбаева ағаштарды күтіп ұстауға ақшалай қаражатты дәл есептеу үшін жасыл желектердің бірыңғай тізілімін құру, яғни жасыл желектерді паспорттау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бюджеттен қаражат жұмсаудың ашықтығы үшін әрбір көшетке есеп-қисап жүргізу қажет.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысын өткізу қорытындысы бойынша аудан әкімдеріне қарды шығару, тротуар және жаяу жүргіншілер жолдарын көктайғаққа қарсы құралдармен өңдеу, тасқынға қарсы іс-шараларды дайындау, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметтерінің қызметін бақылау және жауапкершілікті арттыру бойынша ұсыныстар берілді.