Астана қаласы халқының назарына!
07.08.2025
2025 жылғы 13 тамызда сағат 16.00-де Астана қаласы мәслихатының мәжіліс залында (220 каб.) бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
- «Коммуналдық заңды тұлғалар (ММ, МКҚК, МКК, АҚ, ЖШС) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы».
Баяндамашы:
Әлімжанов Нұрлан Талғатұлы – «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы.
Қосымша баяндамашылар:
Досқұлов Дәулет Боранбайұлы – «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы;
Сыздықов Ерлан Амангелдіұлы – «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы;
Көпешов Нұрлан Маратұлы – «Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ басшысы;
Қарағойшин Асхат Жиенбайұлы – «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфраструктурасын дамыту басқармасы» ММ басшысы;
Саипов Ануар Әбдіразақұлы – «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысы.