Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы халқының назарына!

Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың тамыз айының үшінші онкүндігінде «Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысының жай-күйі, проблемалары, себептері мен шешу жолдары туралы. Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту» тақырыбында көпшілік алдында тыңдаулар өткізу жоспарланды.

Күн тәртібі бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: astana@maslihat01.kz. Байланыс телефондары: 55-66-37, 55-66-31.