2025 жылғы 12 тамызда сағат 16.00-де Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
07.08.2025
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
Елордада нашақорлық пен лудоманияның алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы. Соңғы үш жылда қолданылатын шаралардың тиімділігі. Тәуелділікке байланысты құқық бұзушылықтар статистикасы.
Баяндаушылар:
Қуаныш Әбдіманапұлы Орынбетов – Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
Әлия Шайзадақызы Рустемова – «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.
Қасымхан Сенғазыұлы Сенгазыев – «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы.
Самат Сабырұлы Ибраев – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы.
Отырыс 2025 жыл 12 тамызда сағат 16.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-36, astana@maslihat01.kz.