Үлескерлер мәселелері депутаттардың бақылауында
01.10.2019
Астананың құрылыс нысандарын бақылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы жедел және іскери түрде өтті. Отырыс Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің филиалы қабырғасында өтті.
Ұзақ құрылыс салу мерзімінің орындалуына бекітілген депутаттар әкімдік өкілдерімен бірге жұмыстың бірінші айының нәтижелерін зерделеп, белгілі бір тұжырымдарға келді.
Үлестік құрылыстағы проблемалар бастапқыда тиісті заңнамалық актілердегі олқылықтардың салдарынан қалыптасады, осыған байланысты құрылыс саласындағы заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, депутаттар құрылыс салушылармен жасалатын шарттарда объектілерді тапсырудың нақты мерзімдерінің жоқтығы, инженерлік және коммуникациялық желілерді жеткізу және енгізу бойынша міндеттердің нақты бөлінбеуі және т.б. сынды кемшіліктерді анықтады. Қазіргі уақытта, желілерді жүргізу бөлігінде келіспеушілік елорда әкімдігінің бюджетіне ауыртпалық түсіріледі.
Осылайша, көрсетілген объектілерді тапсырудың барлық қыр-сырын айқындайтын, құрылыс салушымен үлгі шарт бойынша нормативтерді әзірлеу бастамасы айтылды. Сонымен қатар, үлестік құрылыс проблемаларын шешуде мемлекеттің жандануына сүйене отырып, кейбір құрылыс салушылар барлық міндеттерді жергілікті атқарушы органдардың иығына аударуға тырысады. Бұл жағдайда әкімдік пен құрылыс салушының өкілеттіктерінің шекаралары нақты көрсетілген егжей-тегжейлі кестені әзірлеу бойынша ұсыныстар беру шешілді.
Бұдан әрі үлескерлермен жағдайды қайталаудан қауіптеніп, жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ШОБ үшін тексеруге жарияланған үш жылдық мораторийге жататын салалар ішінен құрылыс бизнесін алып тастау туралы бастама жасау туралы пікірді мақұлдады.
Жұмыс тобының кезекті отырысы үлестік құрылыстың проблематикасы бойынша одан арғы жұмысқа түзетулер енгізгенін атап өту қажет. Барынша оң нәтижеге ұмтыла отырып, халық қалаулылары объектілерді тапсыру жұмыстарының барысын бақылауды жалғастыруда, он күн сайын мониторинг жүргізеді, жағдайды үнемі қадағалайды және осы саладағы кемшіліктерді жою мүмкіндігін іздестіреді. Жұмыс тобының қызметі мәселе толық шешілгенге дейін белсенді болады.