Қаланың шеткері аймақтары мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым
23.08.2019
Бүгінде астана шетіндегі аймақтарды дамытуға билік тарапынан үлкен мән берілуде. Екі ай бойы қала әкімі Алтай Көлгінов осы сұрақ бойынша көптеген кездесулер өткізді, сонымен қатар астанадағы өмір сүру сапасын арттыру мәселелері бойынша белсенді топтармен үнемі байланыс үстінде.
Ағымдағы жылдың 23 тамызы күні Нұр-Сұлтан қаласы шетіндегі тұрғын аймақтардың дамуы сұрақтары бойынша қоғамдық тыңдалымы болып өтті, оған қала әкімі Алтай Көлгінов, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, белсенді тұрғындар қатысты.
Кездесу астана аудандарының әкімдерінің баяндамаларымен ашылды. Баяндамашылар өздеріне қарасты аймақтардағы жағдаймен таныстырып, өмір сүру деңгейінің барлық қажетті көрсеткіштері бойынша алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен бірге өз аудандарындағы негізгі мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық салада, көлік жүйесінде, абаттандыру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар туындады.
Аталған мәселелермен Қоғамдық кеңестің мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру саласындағы азаматтық қоғамның комиссия төрағасы Бимендина Әсима Тимкенова түбегейлі келісті. Оның айтуынша, керекті іс-шаралар ендігі басталып қойған, қажетте шаралар қолданылуда.
Сонымен қатар Әсима Тимкенова әкімшілік қызметкерлеріне тек тұрғын үй-тұрмыстық сұрақтарға назар аударып қана қоймай, сонымен бірге тұрғын аймақтардағы халықпен ақпараттық жұмыстар жүргізілуі тиіс екенін жеткізді.
Қалалық мәслихат депутаттарының атынан мегаполистердің дамуы, Қазақстан астанасының тұрақсыз және жүйесіз құрылымы туралы 11 сайлау округінен депутат Мирас Шекенов сөз сөйледі.Оның айтуынша, мәселе қарқынды көші-қон үдерістерімен күрделене түседі, алайда, спикердің пікірінше, барлық қалалықтардың өмірі үшін жайлы қала нормасын ұстану қажет.Мирас Ерғалиұлы дәстүрлі түрдегі орталық және шеткі аудандарға бөлінуді алып тастау қажет деп санайды, сондай-ақ қаланы дамытудың теңгерімсіздігін теңестіру мақсатында бюджет қаражатын бөлуді қайта қарауды ұсынады және мегаполистің дамуының негізгі индикаторы халықтың әлеуметтік-психологиялық ахуалының өзгеруі болуы тиіс деді.
Естеріңізге сала кетейік, мәслихаттың тұрақты комиссияларының әрбір отырысында депутаттар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту саласында қабылданатын шаралар бойынша атқарушы органдарға сауалмен жүгінеді. Қала тұрғындары мен қала органдарының арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, халық қалаулылары маңызды және өткір мәселелерді талқылауға шығарады, мәслихат қаулыларын іске асыру барысын бақылайды және шешім ұсынады.Өз міндеттерін орындай отырып, депутаттар көшпелі іс-шараларға белсенді қатысады, жергілікті жерлердегі қалалық атқарушы органдармен бірлесіп елордада жағдайды зерделейді, кемшіліктерді анықтайды.
Депутаттық корпустың тұрақты жұмысының арқасында халық пен атқарушы органдар арасындағы диалог жандандырылды,тек мегаполис орталығында ғана емес, қаланың шеткі тұрғындарының өмір сүру жағдайына барлық қызметтердің назары аударылуда.
Одан әрі сөзді астананың түрлі аудандарының белсенді өкілдері жалғады. Олар тұрғындардың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сәтті іске асырған жобалары, қол жеткізген жетістіктер ғана аталып қоймай, маңызды, шешуді талап ететін мәселелерді де атады. Жол сапасы, көшелердің жарықтандырылуы, мемлекеттік балабақшалардағы орындар саны және мектептердегі үш ауысым мәселелері тұрғындарды алаңдатуда. Маңызды әлеуметтік нысандар арасындағы транспорттық байланысты жақсарту үшін автобустардың бағдарларын қайта қарау өтініші де көтерілді.