Астаналық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
19.05.2016
Тұрақты комиссияның қарастыруына екі мәселе ұсынылды.
Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі туралы депутаттарға астананың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаев айтып берді.
- Астанада қолданылатын сауда және қызмет көрсету саласындағы дүние жүзіне белгілі брендтерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Бүгінгі таңда Астанада 50 астам брендтік кәсіпорындар жұмыс жасап отыр, болашақта жаңа сауда және қызмет көрсету желілері ашылатын болады. Көше саудасын заманауи халықаралық стандарттарға келтіру мақсатында қала әкімдігі 7 жыл мерзімге дейін жалға беруге 1000 жер телімін бөлген, олар ағымдағы жылдан бастап кәсіпкерлер арасында бөлінетін болады, деп хабарлады баяндамашы.
Жалпы алғанда 2011-2015 жылдары инфрақұрылым кешенін дамыту үшін 967 млрд теңге қаражат бөлінген, ол өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, көліктік артериялардың өткізу қабілеттерін арттыруға, қол жетімді баспана және әлеуметтік сала нысандарын салуға, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға бағытталған.
Құрылыс көлемі 2 есе артқан. Есепті кезең ішінде 6,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, шамамен 275 шақырым автокөлік жолдары салынған және жөндеуден өткен, бұл 2010 жылғы 60% салыстырғанда жақсы қалыптағы жергілікті маңызы барп автокөлік жолдарының үлесін 73% жоғарылатуға мүмкіндік берген.
Бұдан басқа 42 жол қиылыстарында зияткерлік көлік жүйесі жобасының бірінші кезегі жүзеге асырылған, трафикті басқару орталығы жабдықталған. Осының есебінен астананың 6 жүктемесі ең жоғары көшелерінде өткізу қабілеті 20% артқан.
Жолаушы тасымалының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру үшін маршруттық желі жаңартылған, бұл өз кезегінде автобустардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, күту уақытын азайтуға және халықты қамтуды көбейтуге мүмкіндік берді. Сынама режимде қаланың 6 көшесінде жеке баслайн желілері пайда болды, осының арқасында автобустар жылдамдығын 15% арттыруға мүмкіндік туындады.
- Қаланың жылу және электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қолданыстағы энергия көздерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді және ТЭО-3 салынды. Қуаттылығы 480 гигокалория ЖЭО-3 энергия көзінің бірінші кезегінің құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында аяқталады деп түсіндірді Алиби Жумаев.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құрылыс нысандарын орталықтандырылған жылу көзіне жалғау үшін арналған 4 және 5 кірістер жылу магистралінің құрылысы басталған, оның ішінде жаңа темір жол вокзалы, ЭКСПО-2017 нысандары, Тұран даңғылы ауданында салынатын орталық нысандар құрылысы дап басталған.
ТКШ жаңарту шеңберінде 176 тұрғын үйге техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылған, 88 көп пәтерлі тұрғын үй кешені жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Есепті кезең ішінде ұзақтығы 18 ш сумен қамту желісі, ұзындығы 15 ш кәріз желісі қайта жабдықталды. Бұдан басқа Талдыкөл ағын суларды жинақтағышты жою бойынша жоба аяқтау кезеңінде.
Экология саласында келер болсақ, бұл салада біршама нәтижеге қол жеткізу мүмкін болған. ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде қалдықтарды жинауды бөлу жүйесі енгізілген және коммуналдық кәсіпорындар газ-мотор отынына көшкен. Осының есебінен ластану индексі 24% төмендеген.
Сонымен қатар, отырыста депутаттар қаланың қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаевтың өткен жылғы Астана қаласының бюджетінің орындалуы туралы баяндамасын тыңдады.
Өткен жылы бюджеттен бөлінген қаражатты 11 мектеп және 11 бала бақшаның құрылыс-құрастыру жұмыстарына бөлген, пайдалануға 4 мектеп берілген. Бұл оқушылар орындарының санының жетіспеушілігін 4700 орынға азайтқан және «Алматы» ауданында 1, «Есіл» ауданында 7, арлығы 8 бала бақша пайдалануға берілген. Сонымен қатар, қаражат медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, денсаулық сақтау мекемелеріндегі жатын орындарының жетіспеушілігін азайтуға, кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй салуға, спорт нысандарын дамытуға, жылу және электрмен қамту жүйелерін жаңарту мен дамытуға , инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, 28,4 ш жол салуға, 36,3 автокөлік жолдарын жөндеуге, бақтар мен жасыл желек бақжолдарын қайта жабдықтауға жұмсалды. Бұдан басқа, өткен жылы 50 апатты қалыптағы үй бұзылған.
Талқылау барысында депутаттар бюджеттен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражаттардың қандай мөлшері астанада қалатынын сұрады, бұл жағдайда олар жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Сонымен қатар, халық қалаулылары астананың еңбек нарығы қажеттіліктерін бақылау қажеттіліктерін айтып кеткен. Бүгінгі таңда қандай мамандар және қандай мөлшерде қажеттігі туралы ақпараттар депутаттардың ойынша бюджеттік бағдарламалар администраторына өндірістік кәсіпорын мамандарын оқытуда бір-бірінің қызметтерін көшірмеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты комиссия жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, мәслихат сессиясының төрағасы Мирас Шекенов, қалалық ведомстволар мен басқармалардың, БАҚ өкілдері қатысты.