Салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралар
25.11.2016
Бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Абылкаир Скаковтың баяндамасын тыңдады. Өз сөзінде ол бюджетке түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралар туралы айтты. Мұндай шаралардың қатарына – онлайн-кассаны қолдану, POS-терминал орнату және тұрғын үйді жалдау нарығын көлеңкеден шығару кіреді. Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Абылкаир Скаковтың сөзі бойынша қазір 3528 шағын бизнес субъектілері онлайн-кассалық аппараттарды пайдаланады. Астанада 5965 онлайн-касса іске қосылды және 21 млн. онлайн-чек мемлекеттік кірістер Комитетінің серверіне түсті. Мемлекеттік кірістер Департаменті мамандарының пікірі бойынша Астана қазынасы қолда бар ақша саласындағы көлеңкелі айналымның төмендеуінің есебінен толығуы мүмкін. Бұл ретте транзакцияның бақыланатын көлемі жедел деректер бойынша 83 млрд. теңгеге жуық. Егер бұрын тоталды тексерістер тек шағымдардың немесе өтініштердің негізінде жүргізілген болса, ал қазір бұл тек тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жасалады. Баяндамашының сөзі бойынша, онлайн-касса орнатқан кәсіпкерлер шын мәнінде алғанда, рейдтік тексерістерге тартылмайды.
Импортты өтпелі бақылау – ішкі салықтарды көбірек алуға мүмкіндік беретін, бағыттардың тағы бірі, деді Абылкаир Скаков. Мемлекеттік кірістер басшысы бұрын кәсіпкердің сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы бола отырып тек кедендік органға жүгінгендігін, бұл ретте ол салықтық бақылау үшін көз жеткісіз болғандығын атап өтті.Әрине, импортшы кедендік бағаны төмендетуге мүдделі болды. Қазір өтпелі әкімшілендіру жолымен елдің ішінде өзінің тауарын әрі қарай жүзеге асыру, онлайн-кассаларды, электронды шот-фактураларды қолдану кезінде, бюджет мүлдем басқа сомалар алуы мүмкін. Ведомства басшысының сөзі бойынша көлеңкелі айналымды қысқарту өте маңызды. «Алда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бар екендігін ескеретін болсақ, бұл инвестициялардың қосымша ағыны болады деген сөз. Бұл POS-терминалдарды толық орнатқан және ақшасыз есептесуді барынша пайдаланған жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және легализациялауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті департамент басшысы.
Оның сөзі бойынша ағымдағы жылы POS-терминалдар орнату жағдайлары ретке келтірілді, бірақ енді екінші деңгейлі банктерді, әкімдікті және кәсіпкерлердің Ұлттық палатасын біріктіру қажет. Қазіргі таңда астанада 15292 POS-терминал орнатылды, тағы 6021-ін келесі жылдың басында орнату жоспарланып отыр. Ведомства мамандарының пікірі бойынша терминалдар ең алдымен, медициналық және білім беру мекемелеріне, базарда сауда жасайтындарға, сондай-ақ ТЖ, әуе- және басқа да қажетті қызметтер ұсынатын кассаларға орнатылуы тиіс.
Тұрақты комиссия отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Нурпиисов Ж.Г, басқа тұрақты комиссия депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.