Астананың кішкентай тұрғындарына арналған бала бақшалар
24.01.2017
Шайдаров Мажит Зейнулловичтің төрағалығымен өткен Астана қаласының мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында астанадағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жағдайы мен перспективалары мәселелері қарастырылды.
Баяндамашы Астана қ. білім басқармасының басшысы Касымхан Сенгазыев болды. Оның сөзіне сәйкес, 2016 жылы қалада балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 70,6% құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6,1% өсім. 2017 жылы - 72%, 2018 жылы –72,1%, 2019 жылы – 97,7%, 2020 жылы - 100% көрсеткішке жету жоспарланған. Орындардың жетіспеушілігі мәселесінің шешімін табу үшін осы үдеріске жеке секторды белсенді қатыстыруға шешім қабылданған. Қазіргі таңда жеке бала бақшалар желісі 116 ұйымды құрайды. Оның ішінде 96 ұйымда мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Бүгінгі таңда 46 327 орындық мектепке дейінгі 167 мекеме ашу қажеттілігі анықталған. Осыған байланысты басқарма бала бақша құрылысын салу бойынша жеке серіктестерді анықтау мақсатында байқау өткізген. 2016 жылы 20 желтоқсанда әлеуетті жеке серіктестер 1440 орындық бала бақшалары бойынша 6 байқау өтінішін тапсырған. Ведомство басшысының сөзіне сәйкес мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеуі мәселесінің тиімді шешімі «Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ балансындағы тұрғылықты емес ғимараттарды беру болып табылады. Мұндай шешім, өз кезегінде, жеке мектепке дейінгі мекемелер желісін арттыруға, мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруға және орын жетіспеушілігін қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттің білім беру тапсырысы дотациясына келетін болсақ, 2016 жылы ол 15 900 теңгеден 20 800 теңгеге артқан. Касымхан Сенгазыев комиссия мүшелерін қаратып, бала бақшасын таңдауда балама құру үшін ата-аналар төлемі жағдайында мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар мен жеке сектор мемлекеттік және жеке меншік бала бақшаларындағы ата-аналар төлемін теңестіруі керек. 2016 жылдың басында жеке меншік бала бақшаларында коммуналдық қызметтер тарифтері жоғарылады: электр энергиясы және сумен қамту үшін қыс мезгілінде келетін төлем шоттары сомасына қарағанда мұндай шешім мақсатты болып табылады. Осы мәселенің шешімін табу үшін жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерге заңды тұлғалар арасынан тұтынушылардың жеке санаттарын бөлу керек немесе коммуналдық қызметтерге арнайы тарифтер белгілеу қажет.
Депутаттар баяндамашының баяндамасын қарастыра келе қаладағы атқарушы органдардың қолданып отырған шараларына қарамастан орын жетіспеушілігі мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезектер мәселесі бұрынғыдай өзекті қалпында қалып отыр. Жыл сайын бала бақшадан орын алу үшін кезекке тіркелетін балалар саны 10 мыңға артады және бүгінгі таңда көрсеткіш 3-6 жас аралығындағы 33240 баланы құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 96 жеке меншік бала бақшадағы балалар саны 8849 адамды құрайды. Ведомство жұмысының тағы бір олқылығы қаладағы бала бақшалардың ашылатын орнын таңдаудағы талдау жүйесінің болмауы.
Мысалы, Оңтүстік Шығыс ықшам ауданында көптеген жеке меншік бала бақшалары жұмыс жасайды, ал кейбір аудандар мен тұрғын үй массивтерінде олар мүлдем жоқ болып отыр. Бұдан басқа жеке меншік бала бақшалардың оқу және тәрбие үдерістерін сапалы бақылау қажет.
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша комиссия мүшелері астанадағы мектепке дейінгі ұйымдар нысандарының құрылысы бойынша қызметті белсендіруді ұсынды, ол үшін мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдану керек, сонымен қатар, пәтер меншік иелері кооперативтерімен өзара әрекеттестік мәселелерін реттеу шараларын қабылдау, балалардың аулада серуендеуін ұйымдастыру қарастырылды. Ең бастысы мемлекеттік және жеке меншік бала бақшалардағы ата-аналар төлемін теңестіру керек.
Тұрақты комиссия отырысына қала мекемелерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.