Депутаттар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын қолдайды
27.02.2017
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары екі маңызды әлеуметтік объектіге барды. Әлеуметтік қызмет көрсету Орталығынан басқа олар тағы бір балалар медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды. Олардың әрқайсы туралы жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Басқармасының басшысы Ермек Оспанов айтып берді, оның ойынша, мұндай орталықтар астанада көп болуы тиіс.
Басқарма басшысының айтуынша, астананың үш ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбасты зейнеткерлерге және бірінші және екінші топтардың мүгедектеріне арналған әлеуметтік қызмет көрсету Орталықтарын ашу керек. Қазір астанада мұндай бір ғана орталық жұмыс істейді - «Нұрлы жүрек», ол 600-ден астам адамға қызмет көрсетеді. Астана мәслихатының депутаты Мажит Шайдаровтың сөзі бойынша, бұл ең қажетті бағыт, себебі тап осындай көмеккке мұқтаждар саны астанада өте көп. Бұл мәселе 2001 жылдан бастап қаралуда, америкалық денсаулық сақтау өкілдерімен тығыз серіктестік орнатылды, олар бұл бағытта өздері қандай жұмыстар жүргізетіні туралы айтып берді. Америкалықтардың теориялық тәжірибесін емханалар мен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда енгізу жүзеге асқаннан кейін, жер-жерлерде әлеуметтік қызметкерлерді ынталандыру басталды. Астанада азаматтардың жекелеген санаттары үшін клубтар құрыла бастады – мысалы, жалғызбасты аналар, гипертониямен зардап шегетін егде азаматтар және көптеген басқа адамдар. Көп жағдайда адамдарға медициналық көмектен гөрі, әлеуметтік көмек қажет етіледі.
Орталық директоры Рысты Баймағамбетова атап өткендей, «Нұрлы жүрек» орталығы өткен жылы астананың үш аудандық әкімдіктері жанында жұмыс істеген үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін қосу жолымен құрылған. Ол күндізгі стационар қағидатымен жұмыс жасайды, онда төрт сағат бойы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы балаға немесе ересек адамға медициналық және реабилитациялық қызметтер кешені көрсетіледі, олардың мамандары үшін белгілі бір процедуралар мен сабақтарды жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар бұл тәсілдемені үй жағдайларында балаларымен айналысатын ата-аналарға үйрету өте маңызды.
Орталықтың мамандары айтуынша, олардың мекемелері жұмыс істегеніне бір жыл толмаса да, ол азаматтардың арасында аса танымал. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалармен қоса зейнеткерлер де 10 күннен 20 күнге дейін реабилитациядан өте алады.
Орталықта 155 қызметкер еңбек етеді, олар тек медициналық көмек қана емес, психологиялық көмек те көрсетеді. Түрлі тәсілдемелер қолдану кезінде мамандар өз пациенттерінде өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға тырысады. Және де, бұл жерде емдік физкультура, музыка кабинеттері, қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған педагогикалық қызметтер, логопедтер мен дифекторологтар бар. Ұстаздар үстел үстілік оқытушы ойындар көмегімен балаларға сандарды, әріптерді, түстерді ажыратуды үйретеді, сенсорлық және коммуникабельдік дағдыларды дамытады, әндер мен тақпақтар жаттатады. Кабинеттер балалардың сүйек және бұлшықеттік жадысын нығайтуға көмектесетін барлық қажетті тренажерлермен және аспаптармен жабдықталған. Балалар тұрақты түрде салт жүріс сабақтарына, бассейнге, дельфинарий мен байланысушы хайуанаттар саябағына барады. Мамандар атап өткендей, реабилитация үшін жануарларды қолданатын анималотерапия, балаларға оң психотерапевтік көмек көрсетеді.
Екінші барған жер балалар әлеуметтік Орталығының жаңа корпусы болды, ол жуырда бұрынғы наркологиялық диспансердің жаңа ғимаратына көшті. Ол балабақша сияқты жұмыс жасайды, жұмыс күндері ата-аналар өз балаларын әкеліп, кешке үйге алып қайтады. Бұл жерде балалармен ең үздік педагогтар мен медиктер айналысады. Төрт рет тамақтану қамтамасыз етілген, ұйқы және демалыс бөлмелері, қолөнер шеберханасы, музыкалық кабинеттер және тіпті мини-театр да бар, онда бөбектер қойылымдарға қатысады. Бастысы – бұл ата-аналарға үйде отырып қалмай, жұмысқа шығуға мүмкіндік береді.
Айтқандай, барлық кабинеттерде тікелей интернетке шығумен видеокамералар орнатылған. Ата-аналар онлайн режимде баласының немен айналысып жатқанын бақылай алады.
Ведомство басшысының сөзі бойынша, 18 жастан кейін мүмкіндігі шектеулі балаларды Ақкөлде орналасқан медициналық-реабилитациялық мекемеге ауыстырады. Алайда бұл жерге ата-аналарымен тығыз байланысы бар балалар келеді, сондықтан осы байланысты үзбеу өте маңызды. Бұл үшін мекемеге жанында тұрған ғимарат қосымша берілді, оны 18 жасқа толған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін дайындау жоспарланған.
Әлеуметтік реабилитация объектілеріне баруға қалалық құрылымдар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.