Өмірге жайлы қала
25.05.2017
Мирас Шекеновтың төрағалығымен елордамыздың заманауи инфрақұрылымын жасау жөніндегі қала құрылысы саясатын жүзеге асыру бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының қорытынды есебі қаралған бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша қала маслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Маслихат депутаттары елордамыздың негізгі жоспарындағы келешегі бар жобалармен танысты.
Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайрат Қожамжаровтың айтуы бойынша, бас жоспарды жасаушылардың ұсыныстары шағын және орнықты қала салуға бағытталған. Онда әлеуметтік-мәдени және инженерлік инфрақұрылым, арнайы жаяу жүргінші жолдары мен велосипедшілерге арналған инфрақұрылымның болашақ дамуы қарастырылған. Негізігі басымдықта қаланы көгалдандыру мен жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы болып қалмақ.
–Құрылыс нысандары аралығындағы бүкіл қала аумағы мен Есіл өзеніне іргелес аумақтар жасыл зонаны құрамақ. Яғни, құрылыс салу аймақтары жасыл дәліздермен кезектеспек. Осылайша, олар қаланың салынып біткен кез келген бөлігіне жақын маңайда орманды алқап құрай отырып қала орталығына дейін жетпек,- деп мәселенің маңыздылығын баса айтты Қайрат Қожамжаров.
Астана қаласы дамуының Бас жоспарын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың ішінде «Жастар» сарайы, қазақ және орыс драма театры, жекпе-жек сарайы, Ботаникалық бау және көптеген нысандарды жобалау мен олардың құрылысы жоспарланған. Жобалау мен құрылыстан өзге Астана қаласындағы Орынбор көшесінің құрылыс тұжырымдамасы, мыңжылдық аллея және өзге де басымдықта тұрған аудандардың құрылыс Концепциясы жасалып, жүзеге асырылуда. Қала құрылысы саясатының келесі кезеңі инвесторлардың есебіне 4886 га ауданға салыну жоспарланған 18 жобаның және 714 га ауданға жоспарланған 62 жобанының құрылыс бағдарламалары болып отыр.
– Астана әкімінің тапсырысы бойынша, 2015 жылдың тамыз айында Астана қаласы қала құрылысы жобасының көшелерді, магистральдарды жарықтандыру мен ғимараттарды сәндік-көркемдік көмескі жарықтандыру жұмыстары енгізілген бірыңғай жарық орта жоспары әзірленді,- деп ескертті мекеме басшысы. –Елордамыздың архитектуралық-көркемдік бейнесін қалыптастырудағы ағымдағы және басымдықтағы тапсырмаларды шешуге бағытталған өлшемдер жетілдірілді, атап айтсақ, қаланың жарық ортасының барлық құралдырын жайлылық деңгейін жақсарту мен қауіпсіздік үшін қолдану, түн мезгілінде қаланың архитектуралық-көркемдік сапасын жақсарту.
Қала құрылысшылары тұрғындарды қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелендіруге ниетті. Жоспардың бұл бөлігінде аймақтар арқайсысында 35 нысаннан салынатын 129 жоспарланған секторға бөлінген. Жобалаушының ойы бойынша тұжырымдама қала кеңістігінің тартушылығын спорт аймақтары, балалар ойын алаңы, кафе және мейрамхана, сауда павильондары және өзге де өзгешеліктер арқылы күшейту қажет. Жасалынған тұжырымдама бойынша көлік көптігіне байланысты сұрақтарды жеке автомобильдік тасуға арналған қозғалыс жолақтарын азайту арқылы шешу жоспарланып отыр.
Отырыс барысында депутаттар тарапынан Басқарма басшыларына көптеген сұрақтар туындады. 10 таңдау округінің депутаты Зейнулла Шибкенов қаламыздың шеткері аймақтарын абаттандыру жұмыстары қашан басталатындығын білгісі келді. Сондай-ақ, ол су деңгейінің көтерілуінен зардап шегетін дербес секторлардың мәселелерімен бөлісті.
– «Сарыарқа» ауданының сәулетшісі бола тұра, «Кирпичный» және «Өндіріс» ауылдарындағы тұрғын үй құрылыстарындағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты мәселелер есіңізде болар,- деп баяндамашыға жүгінді Зейнулла Шибкенов.- Жол салыну жұмыстары жүру барысында су қоймалары көміліп қалды да, енді су кететін жол болмай, тұрғын үйлерді су басып жатыр. Неліктен бұл мәселе о баста ойластырылмады?
– Қазіргі таңда су тарту жүйесі тұжырымдамасы толығымен қайта қаралуда. Есіл өзеніне су құюдан бас тартуға байланысты қазір біз су қоймаларын өз орнында сақтауға тырысып жатырмыз. Осындай жолмен бүкіл жаңбыр суы дербес құрылыстар жанындағы суқоймаларда жиналатын болады. Қазіргі кезде мұндай суқоймаларының бірнешеуі бар, алдағы уақытта тағы да көбейтетін боламыз,- деп жауап қатты ТОО НИПИ «Астана-генплан» директоры Сәрсембек Жүнісов.
Бұдан өзге депутаттар қандай аудандарда жаяу жүргіншілер зонасы болатынын білгісі келді. Бұл жөнінде 24 таңдау учаскесінің депутаты Алмаз Ким Жангельдин көшесіндегі жаяу жүргінші жолдарын қайта қарауды ұсынды. Ал, комиссия төрағасы Мирас Шекенов бұндай зоналарды Бейбітшілік көшесінде құрудан қауіптенетінін айтты. Жол жүру аумақтары кеңейтілгеннен кейін бұл аймақтарда кептелістер көбейді. Халық қалаулысының ой бойынша, көшені қайта бұрынғы қалпына келтіру қажет.
Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар аулалардағы апатты көлік қоятын жерлерді жасанды қоршаулардың көмегі арқылы қауіпсіздендіру жолдарын талқылады. Талқылау нәтижесінде жақын арадағы комиссия отырыстарында абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізуді ұйғарды.
Комиссия жұмысына маслихат хатшысы-Нұрпейісов Ж.Ғ., қала мекемелерінің және аудан әкімдігінің басшылары қатысты.