Латын әліпбиіне көшу
13.09.2017
Латын әліпбиіне көшу еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірден ойға келді. Қазақстан дамуының 2050 стратегиясында 2025 жылға дейін еліміздің латын әліпбиіне сатылап көшуі айқындалып берілді. Бұл заманауи технологиялар мен коммуникациялардың енгізілуімен, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру саласындағы жаңашыл өзгерістермен байланысты. Латын графикасы әлемдік коммуникациялық аймақта ерекше орын алады және оны енгізу Қазақстанның әлемдік интеграцияда өзіндік орын алуына, сондай-ақ латын әліпбиін қолданатын елдердің жетістігіне қол жеткізуге септігін тигізеді.
Бұл біздің еліміз үшін озық қадам, және белгілі бір өтпелі кезеңнің қажеттілігін түсінуіміз керек. Қазақстанға экономика мен саясатты модернизациялау үшін бірнеше шарттарды орындау қажет, бірақ олардың ең бастысы –өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді сақтау.
Латын әліпбиіне көшу қоғамды модернизациялауға мүмкіндік береді. Сөз өркениеттілікте, яғни біз өз тұрмысымызды жаңаша ойлауды бастаймыз, ұлттық ойларды қалыптастырамыз. Бірақ ең бастысы – латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің модернизациясын өткізуге көмектеседі. Латын әліпбиіне көшудің ең тиімді жағы – қазақ тіліне басқа тілден енген терминологиялық сөздік мәселелерін шешуге көмектеседі, сонымен қатар қазақ фонетикасына сай қазақ тіліндегі сөздерді латын әліпбиінде жазуға ықпал етеді. Латын әліпбиіне көшуде қазақ тіліндегі жаңа терминдердің өткір сұрақтары алынып тасталады. Басқа этностар сияқты бұл реформаны қабылдау арқылы басқа тілдерден енген сөздерді өз фонетикамызға жақындастырамыз. Қазақ тіліндегі екі-үш нұсқада берілетін көптеген сөздер бар, латын әліпбиі сөздігінде осы сөздердің жазылу өлшемдері белгіленген.
Латын әліпбиінде қазақша жазу әлдеқайда ыңғайлы. Бұл түсінікті де: қазақ әліпбиінің қазіргі нұсқасында 42 әріп, ал латын әліпбиінде 25. Біз үшін бұл қарапйым, әрі ыңғайлы нұсқа. Кез келген гаджетте, әлемнің түкпір-түкпірінде QWERTY стандартты клавиатурасын қолдана отырып қазақ тілінде жаза аламыз.
Барлық осы артықшылықтар мынадай қорытындыға әкеледі: латын әліпбиіне көшу – заманауи әлемнің жаңа шарттарымен айқындалған уақыт талабы.
Латын әліпбиіне көшу біздің еліміз үшін мемлекетіміздің ұлттық қызығушылығына жауап беретін дұрыс қадам.