Елордада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл туралы
12.05.2023
Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожинның төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізіліп жатқан күрес және елордалық дәріханалар арқылы күшті әсер ететін препараттардың таралу фактілері туралы мәселе қаралды.
Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Ғасизов жыл басынан бері 362 есірткі қылмысы анықталғанын баяндады. Синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы мәселесі өткір тұр, жыл басынан бері шамамен 14 кг есірткі тәркіленді. 2022 жыл кезеңінде 4 есірткі зертханасының қызметі анықталды, қала тұрғындарының ақпаратымен 52 есірткі сайты бұғатталды, есірткі сататын дүкендердің жарнамасы бар граффити жойылуда, дәріхана желісі арқылы дәрілік препараттарды тарату проблемасы әлі де өзекті. Қазіргі уақытта Үкіметтің қаулысымен есірткі тізіміне дәріханалар арқылы рецептсіз сатылатын үш зат енгізілді. Осы дәрі-дәрмектерді таратқаны үшін құқық бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Елордада «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспары жүзеге асырылуда.
Комиссия төрағасы Айтхожин бүгінгі таңда нашақорлық пен есірткі бизнесі мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Депутат қазір қалада «есірткі салушылармен» күрес қалай жүріп жатқаны туралы сұрады. Бүгінде мектептерде, ПИК-те, үйлердің қабырғаларында есірткі сату туралы хабарландырулар көруге болады. Осыған байланысты депутат қаладан шығу жолдарындағы алып тасталған бақылау-өткізу пункттерін қайтару қажеттігін айтты. Депутаттың пікірінше, бүгін басқарманың проблемалық мәселелері, мысалы, жабдықты жаңарту, IT технологияларды қолдану, IT мамандарды тарту, мектепке инспекторларды қайтару және т. б. туралы әңгіме болуы керек еді.
Депутат Ләйлә Сұлтанқызы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есірткі таратушылардың тағдыры туралы, оларды мұндай әрекетке не итермелегені және мұндай әрекеттің салдары қандай болатындығы туралы көрсетуді ұсынды, адамдар қандай жаза күтіп тұрғанын түсінуі қажет. Қазір тіпті, бесінші сынып оқушысының Telegram чат-ботын құрып, кез-келген нәрсені сату мүмкіндігі бар, сондықтан мектеп оқушыларымен, әсіресе бастауыш сыныптардан бастап жұмыс істеу қажет.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Ғаббасова 2023 жылғы 1 мамырдағы мәліметтер базасы бойынша 820 дәріхана бар екенін, оның ішінде 2 дәріханасы бар 1 субъекті – «Максима – фарм» ЖШС-нің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта сатуға лицензиясы бар екенін хабарлады. Ғаббасова өз баяндамасында проблемалық мәселелерді қозғады, мысалы департаменттің дәрі-дәрмектерді бақылаулық сатып алулар жүргізу мүмкіндігі жоқ, оны жүзеге асыруға негіздеме болатын бап жоқ. Сондықтан сатумен күресу қызметі есірткіге қарсы күрес басқармасына, прокуратураларға жүгінумен шектеледі. Ұзақ жұмыстың нәтижесінде трамадол препараты психотроптық заттар тізіміне енгізілді. Рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектер мәселесі толық пысықталмады, қазір бұл дәрі-дәрмектерді дәріханалар арқылы сатып алу мүмкіндігі әлі де бар. Департамент басшысының орынбасары мораторийге кірмеуі тиіс дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер туралы мәселені көтеруді ұсынды, өйткені дәрілік препараттардың сапасы ұлт денсаулығын қамтамасыз етумен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Айтхожин дәрілік препараттарды медициналық мақсатта сатып алу мәселесі бойынша жүгінген онкологиялық науқастардың туыстарының өтінішіне байланысты сөз қозғады. Жыл басында контингенттің бір бөлігі емханалардан лицензиясы жоқ жеке клиникаларға ауыстырылды және олар бұл препаратты жаздырып ала алмайды. Осылайша, онкологиялық науқастардың мүдделері ескерілмеген. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр деген сұрақ қойылды.
Ғаббасова оларға ешқандай шағым түспегенін, ешқандай проблема жоқ екенін айтты, егер науқасқа екі дәрігер қол қойған, үлгі бойынша жазылған рецепт берілсе, ол дәрі-дәрмекті еш кедергісіз «Максима-фарм» ЖШС дәріханаларында сатып ала алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Қайкенов сөз сөйледі. Ол дәріханалық есірткі дәрі-дәрмектер, белгілі бір концентрацияда адамның ауыр психологиялық және физиологиялық тәуелділігін тудыруы мүмкін медициналық препараттар тобы туралы баяндады. Әдетте, олар дәріханаларда тек рецепт бойынша сатылады, бірақ кейбір алақол сатушылар оларды еркін сатуға жол береді, бұл дәрі-дәрмектердің арасында ауырсынуды басатын, седативті, ұйықтататын дәрілер бар. Спикер ағзада есірткінің болуына тест ерікті түрде жасалатынын, нашақорды мәжбүрлеп емдеу тек сот шешімімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, дәріханалық нашақорлықтан жасөспірімдер көбірек зардап шегеді. Қайкенов есірткі қолданушылар саны бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.
Депутат Тәжімұратов өткен жылы осы мәселе бойынша үлкен отырыс өткенін атап өтті. Депутат қаншалықты орындалғанын түсіну үшін өткен отырыс қаулысын көтеруді ұсынды. Депутат ПД өкілінен полицияның есірткі сату туралы хабарландырулармен қалай күресіп жатқаны туралы сұрады. Басқармада есірткі қылмысы мен есірткі бизнесіне қарсы жұмысты ұйымдастыру үшін қызметкерлер саны жеткілікті ме?
Депутаттар есірткі заттарының микробөлшектерін анықтау және сәйкестендіруге арналған жабдықтарды сатып алу мәселесінің ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқанына наразылықтарын білдірді, осының салдарынан кінәлі тұлғалар уақтылы талдау жүргізу мүмкіндігі болмағандықтан жауапкершіліктен құтылып кетеді. Мәселе бірнеше рет көтерілді, бірақ бәрі процедуралық мәселеге тірелуде.
Профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселелерінде депутаттар барлық БАҚ, радио, әлеуметтік желілерді пайдалануды ұсынды.