Жайлы қала үшін 20 қадам
04.05.2018
«Депутат күні» аясында елорда мәслихатында 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласының даму бағдарламасын 2017 жылға дейін іске асырудың нәтижелері талқыланды. Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшы міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева тақырып бойынша негізгі баяндамамен сөз сөйледі.
Өткен жылы Астана қаласының даму бағдарламасы 20 бағытының бірі – «Өмір үшін қолайлы қала» бойынша 50 км жаңа жылу желілері, 25 км жаңа электрмен жабдықтау желілері, 23,4 жаңа автомобиль жолдары, мемлекеттік бағдарламалар аясында 59,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды,. Осылайша, Елордада 1064 пәтерге арналған 7 көппәтерлі тұрғын үй кешені пайда болды, ЭКСПО аймағын электрмен жабдықтау жобасы іске асырылды, 10-нан астам көшелер салынды.
Білім беру саласы да қарқынды дамыды. Осылай, елорданың орта мектептерінде 2600 жаңа оқу орындары ашылды, балабақшалар 480 орынға артты. Балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс 8,4 мың орынға, мектеп контингенті 10%-ға өсті. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі білім беру 7,4 пайызға артты, 70,6 пайыздан 78 пайызға дейін. Бұдан басқа, 30 мың адам спортпен шұғылданады. Медицина саласына келер болсақ, өткен жылы 197 мың адам ем алды, емханаларға келушілер саны 4,5 млн құрды.
Өткен жылы елорданың дамуы қандай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізгені туралы жалпы өз баяндамасында Айжан Түгелбаева ерекше атап өтті.
– Экономиканың тұрақты өсімі 4 пайыз деңгейінде байқалады, жалпы өңірлік өнім 2016 жылы 4,8 трлн. теңгеден өткен жылы 5,8 трлн. теңгеге дейін өсті. Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 7,8 пайызға, бөлшек тауар айналымы 12 пайызға артты, – деп атап өтті.
Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Шәмшиден Жанбосынов баяндама жасады. Оның айтуынша, Астана қаласының даму бағдарламасында көрсетілген жеке көрсеткіштер стратегиялық жоспарлау құжаттарымен бекітілген деректерге сәйкес келмейді.
– Мәселен, 2020 жылға дейінгі еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схема мәліметі бойынша Астанада жан басына шаққандағы тұрғын үй қолжетімділігі 2009-2014 жылдары 16,5 шаршы метрден 27,8 шаршы метрге дейін өсті, ал Астана қаласының даму бағдарламасында 2014 жылға арналған негізгі бастапқы мәні 23 шаршы метр бірлігінде берілген
Бұдан басқа, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Білім және Ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2016-2017 жылдары үш ауысымда оқытатын мектептер үлесі және жалпы санынан пайызбен алғанда апатты жағдайдағы мектептер үлесі нөл пайыз құрады, ал Астана қаласының даму бағдарламасында 2016 жылы жоспарланған үш ауысымда оқытатын мектептер саны және апатты жағдайдағы мектептер саны – үш, өткен жылы – он бір мектеп, – деп атап өтті Ш. Жанбосынов.
Кездесу барысында елордалық мәслихат депутаттары Астанадағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың жүз пайыздық көрсеткішіне қашан қол жеткізу мүмкін болады деп қызығушылық танытты.
– Қашан біз мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған балабақшалармен жүз пайыздық қамтуға қол жеткіземіз? Осы көрсеткішке біз қай жылы келеміз? – деп мәслихат депутаты Қарақат Абден осындай сұрақ қойды.
– Есептеулерге сәйкес, 2020 жылға қарай осындай көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларда жүзеге асырылады, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша іс-шаралары жүргізілуде, балабақшалар салынуда. 2020 жылға дейін бұл мәселені шешу күтілуде, - деп сендірді Астана қаласының Стратегиялық
және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшы міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева.
Мектептердің жоғары деңгейдегі «халық көптілігі» де назардан тыс қалмауы керек деп санайды астаналық мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаева.
– Бүгінде бізде үш ауысымдық мектептер бар. Қазірдің өзінде балаларын келесі оқу жылында Астана мектептерінде оқытқысы келетін басқа өңірлерден көшіп келген адамдар менің қабылдауыма келуде. Ал қазір мамырдың басы ғана. Жаз бойы қанша адам болады? Туу көрсеткішінен басқа, көші-қон жүрісін де ескеру керек, - деді ол.
Мектептердегі орындардың нақты қажеттілігін анықтау үшін басқа да статистикалық мәліметтерді ескеру керек деп ойлайды депутаттар. Соның ішінде, елордалық емханаларға бекітілген тұрғындар туралы айтылуда. Осыған байланысты депутаттар Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдеріне осындай деректерді емханалардан сұрастыруды ұсынды.