«Еңбек» бағдарламасы
10.08.2021
Қалалық мәслихатта Нұрлан Көпешовтың төрағалығымен Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Нұр-Сұлтан қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы» мәселе.
Қалалық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Хон сөз сөйлеп, депутаттарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кадрларды даярлау 16 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (7 Мемлекеттік, 9 жеке меншік) жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.
2017 жылдан бастап қала әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша жыл сайын 1050 студентті жұмыс біліктілігі және орта буын бойынша қабылдау жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта осы Бағдарлама бойынша 1950 студент білім алуда (оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша – 1163, орта буын бойынша - 787), оның ішінде 32%-ы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар (көп балалы отбасылардан – 348 адам, аз қамтылған отбасылардан - 206 адам, жетім балалар қатарынан – 50 адам, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар – 26 адам).
Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етілді.
Жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, елорда кәсіпорындарында белгілі бір мамандықтарға қажеттілікті айқындау мақсатында бос орындарға талдау жүргізіледі.
Осы бағдарлама бойынша 2020 жылы 887 адам, 631 адам (71,1%), жұмыспен қамтылғандар – 247 (27,8%).
2017 жылдан бастап Бағдарлама бойынша 4200 студент қабылданды, 1129 адам бітірді, 833 адам (73,7%) жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамтылғандар – 285 (25,2%), қазіргі уақытта 1950 студент оқиды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының м.а. Гүлмира Ермолдина депутаттарға аталған бағдарламаның екінші бағыты - жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытына сәйкес микрокредиттер беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин елорданың еңбек нарығындағы жағдай және 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру шаралары туралы баяндады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде, бірінші бағыт –Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 10 оқу орталығы бойынша елорданың еңбек нарығында сұранысқа ие 14 мамандық бөлінді, олар: электргазбен дәнекерлеуші, электр монтері, слесарь-сантехник, кран машинисі, тігінші, шаштараз және т. б. Жыл басынан курстарға 205 адам жіберілді, жоспар – 200 адам. Оқуды 145 адам бітірді, олардың ішінде 73-і тұрақты жұмыспен қамтылған, қалғандары жұмысқа орналастырылатын болады.
Бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлінді. Комиссия 342 бизнес-жобаны мақұлдады (85,5%).
«Атамекен» ӨКП «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 1 229 адам (102,4%) оқуға кірісті.
Басқарма жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізуде, жұмыс іздеп 12334 адам жүгінді, жұмыспен қамту шараларымен 9082 адам қамтылды, бұл 73,6% құрайды, тұрақты жұмысқа 3854 адам, жастар практикасына 541 адам орналастырылды.
Жұмысқа орналасуға тиімді жәрдемдесу көбінесе бос орындар банкін үнемі жаңартып отыру және толықтыру арқылы жүзеге асырылады. «Электрондық еңбек биржасы» интернет - порталында (www.enbek.kz) 5 мыңнан астам бос орын орналастырылды.
Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен қала ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санының 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квоталар белгіленді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 493 мүгедек адам қамтылды.
Алайда елорданың барлық жұмыс берушілері мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы туралы шешімді орындай бермейді. 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 860 ұйымның ішінде квотаны 584 жұмыс беруші орындап, 226 ұйым квотаны орындамаған. Осы ұйымдар туралы мәліметтер әкімшілік шараларды қолдану үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жіберілді.
Еліміздің еңбек күші тапшы өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының базасында өңірлер өкілдерінің қатысуымен азаматтарды көшіру бойынша бос орындар жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдерімен азаматтарды ерікті түрде көшіру бойынша 15 бос орындар жәрмеңкесі өтті. Нәтижесінде СҚО-ға 52 отбасы, Павлодар облысына 18 отбасы көшті.
Депутат Бауыржан Жанқонақов Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаға есепте көрсетілген ақпаратқа қатысты сұрақ қойды. Жоспар бойынша 200 орта буын мамандары жағдайында 205 шығарылды, сонда жоспар асыра орындалған болып тұр. Ол мамандардың нақты қажеттілігімен сәйкес келмейтін жоспарды дайындауға наразылық білдірді. Елордада өткен жылы 3 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ағымдағы жылы 3 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Электргазбен дәнекерлеушілердің 5 маманын даярлау, қажеттілікпен салыстырғанда өте аз. Бұл мәселе ағымдағы жылдың наурыз айында да көтерілген болатын. Басқарма басшысы Құрылысшылар одағына жүгінуі керек, онда олар орта буын мамандарына нақты қажеттілік туралы ақпарат бере алады. Басқарма қысқа мерзімді курстарға назар аударуы керек, мұндай мамандарға жоғары білім қажет емес. Ол сондай-ақ жұмысқа деген қате көзқарасты атап өтіп, Құрылысшылар одағының басшылығына жүгіну керектігін тағы да атап өтті. Тіпті, құрылысшыларға жұмыс күшінің жоқтығынан Қазақстанның резидент еместерін жұмысқа алуға рұқсат етіліп отыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина жоспар жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес құрылғанын айтты. Ол келесі жылы нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша колледждерде тегін оқытуды қалыптастыру үшін жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Батыр Котырев анықтамада газ жабдықтарын монтаждау, орнату жөніндегі мамандар бойынша ақпарат жоқ екенін атап өтті. Қалада қарқынды газдандыру жүріп жатыр, мамандар жетіспейді. Ол осы мамандық бойынша қанша маман оқып жатқанын және бұл жағдайда басқарма не ұсына алатындығын сұрады. Еңбек нарығы үшін мамандар даярлау қажет, өйткені қалаға шетелден мамандар өте қымбат тұрады. Ол мамандарға мұқтаж ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен кездесулер ұйымдастыру мәселелері бойынша жәрдемдесуді ұсынды.
Депутат Динара Байсеркина медициналық мекемелердің мамандарына деген қажеттілікті қалыптастыру мәселесін сұрады, мысалы, стационарлар мен емханаларда санитарлар жетіспейді. Санитар ретінде жұмыс істегісі келетіндер жоқ. Жұмысқа тарту шаралары туралы ойлану керек. Қазіргі уақытта риелторлардың, шаштараздардың, наубайшылардың көмекшілерін даярлау жүзеге асырылуда, алайда қазір емханалар деңгейінде медбикелердің көмекшілерін, техникалық қызметкерлердің көмекшілерін даярлау қажет. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені ауруханалар толып жатыр.
Тұрақты комиссияның төрағасы Нұрлан Көпешов жастар тәжірибесіне қатысты сұрақ қойды. Тексеру комиссиясының есебінде 2020 жылы жастар практикасына қаражат бөлінгені және басқарма жастар практикасынан өтіп жатқан жастарға жалақы төлейтіні атап өтілді. Тексеру комиссиясының есебінде бұзушылық ретінде 470 адамның ішінен 209 жас адамға жалақы төленді деп жазылған.
Нұрлан Көпешов бірінші жұмыс орны бойынша бағдарламаны іске асыру мәселесін де қозғады. Ол жұмыспен қамту көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті. Жастар квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алады, бұл мәселені ӘКК-мен талқылау қажет. Бүгінгі таңда арнайы білімі жоқ, бірақ IT жақсы білетін жастар көп. Энергетика кәсіпорындарында жұмыс тәжірибесінсіз жұмысқа қабылдауға дайын. Сондай-ақ, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қайта даярлау мәселелерімен айналысу керек. Ол басқарма басшысына депутаттардың барлық ұсыныстарын пысықтауды тапсырды.