Бюджеттің басым мақсаттары
01.11.2018
Өмірбаева Рамзияның жетекшілік етуімен өткен әлеуметтік-мәдени даму сұрақтары бойынша тұрақты комисия мәжілісінде мәслихат депутаттары бюджеттің үш жылдық жобасын қарастырды. Стратегиялық және бюджеттік жобалау басқармасының жетекшісі Оразғұлов Расул бюджетті басым мақсаттарды ескере отырып ретке келтіруге тырысқандарын атап өтті. Алайда, қаржының шектеуі бар болғандықтан, басқармалардың барлық тілектері мен өтініштері ескерілмеді.
Бюджеттің алдағы үш жылдық табысы бойынша 272 млрд. теңге қарастырылған, бұл бекітілген бюджеттен 24 млрд. теңгеге және өзгертілген бюджеттен 8,5 млрд. теңгеге артық.
– Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджетті құру аясында көтерген өтініштер бар. Көбінесе бұл капиталды ремонттарға жұмсалатын қосымша шығындар. Бірақ бұл жағдайда біз басым сұрақтар бойынша жұмыс жасауымыз керек, - деп ескертті ол. - Қосқым келгені, қазір бюджеттің жоғалған бөлігін қайтару бойынша қосымша қаражаттың бөлінуі жағынан республикалық бюджетпен жұмыстар жүргізілуде және егер бізге қосымша табыс көздері табылатын болса, біз қалалық бағдарламаларды қосымша қаражаттандыру бойынша құжатқа өзгерістер енгізу ұсынысымен жүгінеміз.
Денсаулық сақтау басқармасына 21,1 млрд. теңге қарастырылған, соның ішінде 2019 жылы - 11,9 млрд. теңге, 2020 жылы - 4,6 млрд. теңге, 2021 жылы - 4,6 млрд. теңге. Мекеме басшысы Надырова Камалжан атап өткендей, бюджеттің кемуі жалпы сипаттағы республикалық ауысым аясында жоспарланған үш жылдық жоспармен байланысты болды.
Өз кезегінде депутат Шибкенов Зейнулланы аталған бюджетте Өндіріс тұрғын алабындағы поликлиниканың ашылуына қаражат қарастырылған ба деген сұрақ толғандырды.
Басқарма хабарлауы бойынша, мәселеден шығудың оңтайлы нұсқасы табылды -жеке меншік инвестициялары арқасында жеке тұрған ғимарат сатып алынды. Ғимарат банкте кепілде болғандықтан, инвестордың оны сатып алуы бойынша дау үшін сұрақ ұзаққа созылып кетті. Бүгінгі күні мұнда жөндеу жұмыстарына кіріскен.
– Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мекемесі, біздің ойымызша, жылдың соңына дейін ашылады. Сонымен қатар бізде ересек пациенттерге, балаларға және жүктілерге арналған жеке-жеке кіру жерлері болады, - деп хабарларды Надыров Қамалжан.
Депутаттар тағы бір кезекте медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрілерді уақытылы беру сұрағын көтерді. Бұған келесі жылы, бюджеттік лимиттер ретінде, 431 млн. теңге қарастырылған, бірақ жақын арадағы бекітілуден кейін бұл сомманы арттыру жоспарланып отыр.
Бюджеттік лимиттердің артуы білім беру басқармасында да жоспарлануда. Егер олар 57 млрд. теңге құрайтын болса, оладың көбірек салынғаны мекемеде мойындалды.
Қаржыны көбейту қыз балаларға арналған лицей өз ғимаратын иемденіп, оқушылардың да саны артқанына байланысты “Дарынды балаларға жоғары білім беру” бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Келесі жылы осы категория бойынша қосымша 260 млн. теңге бөлінді.
Басқарма жетекшісі Жанозин Ануар 860 студентті хотселдардағы орындармен қамтамасыз етуге бюджеттен 140 млн. теңге бөлінгені туралы мәліметтерімен бөлісті.
– Біз жатақхана салудың орнына жеке меншік мекемелерінен хостел жалдаған жалғыз аймақпыз, - деп, баса айтты ол.
Барлық басқа бағдарламалар бойынша, бюджет теңдестіріліп жасалғанын және стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы барлық қажет деген жобаларды қолдағанын атап өтті.
Депутаттар мектептер мен балабақшалардың капиталды жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген-бөлінбегені жайлы сұрастырды. Жангозин Ануардың айтуы бойынша, елордада бүгінгі күні 30-дан аса білім нысандары жөндеу жұмыстарына мұқтаж. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасына 34 мекемеге 8 млрд. теңге құрайтын капиталды ремонт жүргізуге қаражат бөлуге өтініштер берілген болатын. Бұл сомманы бюджетке бірден бөлу мүмкін емес, сондықтан мекеме мамандары бұл сұрақты жан басылық қаражаттандыру шеңберінде қарастыруды ұсынып отыр.
Сонымен қатар депутаттар спорт және мәдениет басқармасы, тілдерді, мұрағаттық жұмыстарды дамыту, халықтың әлеуметтік қорғанысы бюджеттерінің жобасын қарастырды.
Тұрақты комиссия мәжілісіне басқарма жетекшілері, мәслихаттың басқа да тұрақты комиссия депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.